Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Бұл өмір»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Неге есейдім, нені білдім
Ес жинадым кейде сындым
Жан ауырса сездірмедім
Жылап тұрып кейде күлдім
Мың іріліп, мың өлемін
Арпалысып-ақ келемін
Күте бермей іздеп шығып
Бақытымның ақ кемесін

[Қайырмасы]
Біреу мені түсінеді
Біреу көріп күрсінеді
Біреу сені биіктетсе
Біреу келіп түсіреді
Мың бұралаң тағдырымның
Кітабына бір қарадым
Әр күн сайын өртенеді
Өмірімнің бір парағы

Қуанасың, өкінесің
Жақсылық жоқ жан қысылмай
Өмір кейде көрінесің
От пен мұздың тартысындай
Ойлар ұшып дала кезген
Жапырақтай қурар лезде
Біз ойлаған бақыт құсы
Басқаша еді бала кезде

Другие песни исполнителя:

  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.
  • Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың!!! Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың!!! Қаз бауыр бұлттыр маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың!!! Арманда мені арманда Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың!!! Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Қурайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың!!! Ақ ұлпа жерге жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
  • Арманым сен едің аңсатқан, қол бұлғап сол шақтан, үзіліп көзден моншақ та, жаным, іздеймін мен... Арманым сен едің сенгенім, \"жаныма кел дедім\", келмедің сен неге, жаным, арман-әнім? Сағындырған ақ арман, арман, жаның нұрдан жаралған, лағыл жырдан нәр алған Махаббатым... Жаным, сені іздеймін, үзбеймін үміт, өзіңмен бірге өткен күндерім, жұлдызы жайнаған түндерім, бақыты, жақұты жанымның... сағындым... Арманым сен едің еңселі, сағындым мен сені, жанымның болған бөлшегі, жаным, қайдасың сен? алаулаған жалынсың, жаным, саялаған бағымсың, аялаған әнімсің, Махаббатым... Жаным, сені іздеймін, үзбеймін үміт, өзіңмен бірге өткен күндерім, жұлдызы жайнаған түндерім, бақыты, жақұты жанымның... ууууеееее... шықсаңшы алдымнан күліп, жаным, сенсің аңсарым, аңсарым... ..... өзіңмен бірге өткен күндерім, жұлдызы жайнаған түндерім, бақыты, жақұты жанымның... сағындым...
  • Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!
  • Туғанмен жырлап өтер дастанын Белдерің қымбат тауың асқарың Жаныма шуақ төккен, бойыма қуат берген Сенің жұмбақ мөлдір бүлақ аспаның. Мейірбан анамдайсың аяулы Таңдарым күліп құшақ жаяды Әлемді шарласам да таппаспын сендей саяны. Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды Қырыңда гул еркелеп тамсанған Бағыңда бұлбұл тыңбай ән салған Жандарын парасатқа толтырып болашаққа Сенен самғап қанат қақты қанша арман Тұғанмен қолы мендей қызыңды Перзенттік ақтаймын дәм тұзыңды Арайлы таңдарыма жол аштың арманыма сен Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды