Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Кел дедім»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

1. Ақ сарайдай қорғаны бар
Алма бақтай бағбаны бар
Шіркін қандай арманы бар
Сені сүйген жігіттің
Білегіңнің аппағын-ай
Іздеп жүріп тапқаным ай
Қылығыңның жаққанын ай
Сөнген оттың үмітін

Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім

2. Таныс бірақ бөтенім ай
У қосылған шекерім ай
Қызғаныштың бекерін ай
Сүймеген соң құшақтап
Сен бұрылып бір қарасаң
Тау мен тастан,қырдан асам
Қонар еді шын қаласаң
Бақыт дейтін құс аппақ

Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім

Другие песни исполнителя:

  • Жапырақтай бұл жүрек ұмыта алмай жас күнін, Ұмыта алмай аңсайды сүйгенінің назды үнін. Менің жаныма, менің көзіме жаңбыр жауғызып, Сен қайда жүрсің жаным? Сағынады менің жүрегім. Ақылымды ала-ала сені қолдан ұшырдым, Қайран көңіл қалағанын қол жетпесін түсінді. Мен қалай бақытты елестетем өзіңсіз? Сан гүлдердің ішінен сонда да сенде көңілім. Сан гүлдердің ішінен сонда да сенде көңілім. Жаным сен мені сен мені сүймесең де, Бала жүрегім алдана алмайды. Жылынар бір сөз қимасаң да, Жаным, сонда да сүйем... Сен мені сен мені сүймесең де, Бала жүрегім алдана алмайды. Жылынар бір сөз қимасаң да, Жаным, сонда да сүйем... Ақылымды ала-ала сені қолдан ұшырдым, Қайран көңіл қалағанын қол жетпесін түсінді. Мен қалай бақытты елестетем өзіңсіз? Сан гүлдердің ішінен сонда да сенде көңілім. Сан гүлдердің ішінен сонда да сенде көңілім. Жаным сен мені сен мені сүймесең де, Бала жүрегім алдана алмайды. Жылынар бір сөз қимасаң да, Жаным, сонда да сүйем... Сен мені сен мені сүймесең де, Бала жүрегім алдана алмайды. Жылынар бір сөз қимасаң да, Жаным, сонда да сүйем...
  • Жолықпай жүрді жол қарағанмен Кезікті бір жан жолым болып Ұрланып тұрып бір қарағаннан Маңайым кетті гүлге толып [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын. Тулайды жүрек тулайды келіп Арнама сыймай ағылып жыр Қиялымдағы періште бейне Аңсатпай менің қасымда жүр [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын.
  • Бірде бұлтты бұлтсыз тым бекетің арайлы Ұясын сағынып күн батып барады Сені таба алмай жанады оттай сағынышым Мұң толы жанарым мен қайтіп барамын Бір күні ғайыптан тіл қаттың Тіл қаттың да қанды тулаттың Қайырмасы: Толықсыған ай жаңа туды Сен мен үшін жар қанатыңды Маған қарай жәй қанатыңды Мазасыз күн түн мазалады Жүрек аңсайды сағынады Жылай алмай жәй ауырады Менің жүрегім Менің жүрегім Көкте самғадық талмадық бақыттан бас айналып Армандар жалғасты көктем жаз алмасты Неге ұша алмай менен жәй жәй қала бердің Өзіңді жоғалттым ізіңді қар басты Барады түрлі ойдан қайнап із Бос емес ұялы байланыс Бір күні ғайыптан тіл қаттың Тіл қаттың да қанды тулаттың Қайырмасы: Толықсыған ай жаңа туды Сен мен үшін жар қанатыңды Маған қарай жәй қанатыңды Мазасыз күн түн мазалады Жүрек аңсайды сағынады Жылай алмай жәй ауырады Менің жүрегім Менің жүрегім
  • Жанымда жүргенің Бақыт деп білгенім Әттең ол сағым екен. Мен жетпес гүл ме едің Еркелеп күлгенің Өзгенің бағы ма екен. Сәт сыйлап қас қағым Кеттің де тастадың Жазықсыз сезімді отқа. Елеспен тілдестім Елеусіз күн кештім Ардағым өзің жоқта. [Қайырмасы] Сен жоқта айналаны, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай суық қара тасқа Құс жастық айналады. Сағынам әлі де Сен жайлы бәріде Санамда ой жүрсе мың Көз салмай бір қызға Ең жарық жұлдызға Атыңды қойдым сенің. Не қиып кете алмай Не саған жете алмай Әурелі күйде жүрмін Жолыңды тосқаным Әніме қосқаным Дәлелі сүйгенімнің [Қайырмасы] Сен жоқта айналам, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай су, қара тасқа Құс жастық айналады.
  • Мақтаным ау мүлік болмайтын Мекені көркем қауымым Есіктерінде құлып болмайтын Біз туып өскем ауылдың Жұртының кетпес нұр жанарынан Бәрінің бөлек бітімі Мейрімді үйлердің мұржаларынан Күлімдеп шыққан түтіні Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Жеңгелер жүрме,атса таңдары Күн батпайтынын таппаған Аман ба елдің ақсақалдары Шешіре сырлар сақтаған Біліп қалардай,білдірмегенді Қарайтын қыздар қиылып Келін болдыма бұл күнде енді Сәлемін салар иіліп Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Бәріде сонда ізгі бауырдың Көңілі көктем құлпырған Баласы ғой деп ,біздің ауылыдың Мақтанды мекен сыртымнан Қаланың қанша төрін алғанмен Ауылым асқақ жырымғой Басым аланың добы болғанмен Жүрегім сенің гүлің ғой Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым