Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жарығым-ай»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Тереземнің алдында ай тұрады,
Теңізінде арманның мен тұрамын.
Айдай болып түскенде сен есіме,
Ақ гүл ұстап жүрегім ұмтылады.



Қайырмасы:
Жарығым-ай,
Осы сенің өзгермес қалыбың-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.

Тереземнің алдында күн тұрады,
Терең ойдың ішінде мен тұрамын.
Күндей күліп түскенде сен есіме,
Көз алдымда дүние құлпырады



Қайырмасы:
Жарығым-ай,
Осы сенің өзгермес қалыбың-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Жер мен көктің арасын шарлап жүріп,
Мың аққудың ішінен таныдым-ай.
Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.

Другие песни исполнителя:

  • Толқумен күн кешіп қиялмен тілдесіп елестей елігіп ертеңіме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Жаныма егізім саумалдай лебізің қиялға қанатты сермесеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Өзіңсің шаттығым бақытым пәк күнім жүректің не дерін білмейсің бе Сезімді бал шырын сыйлаған алтыным шынымен сағынбай жүр дейсің бе Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай
  • Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіңнің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіңнің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күндей ажарың, гүлдей ғажабым, Сен данасың, дарасың.Қатты таңданба, Мына жалғанда менікі ғанасың. Сансарсаңға кейде салсамда, Естен таңсамда сүймеймін демедің. Сол мінезіңді, Мен бір өзіңді жақсы көремін. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіннің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау.Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкінің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Тəттім нəзігім, Қақтың қазығын сен үзілмес үмітім. Үні сезімнің, нұрлы көзіңнің, Жанымды менің жылытты. Тілдескенде біз гүл кештерде, Сырлар көшкенде жүректен жүрекке. Сен күлген кезде, Серпілген лезде тастайды лекте. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіңнің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау.Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіңнің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау.
  • Жастықтың жалындаған шағында, Қайғыда мұңда жоқ еді. Қайраймын сол бір кезге сағына, Үмітім менің көп еді. Сағым боп жетелеген арманға, Ұмтылдым нәзік сезіммен. Бақытқа енді жетіп қалғанда, Ғайып боп ұшты көзімнен [Қайырмасы:] Ай ай ай Өкініш өртеседе өзегімді, Тағдырдың тәлкегіне төзем енді. Бірде өшіп бірде лаулаған. Ай ай ай Көңіл шат, құшағымда толы гүлдер, Бақытты қуанышқа толы күндер, Келеді-ау бір күні маған. Бұл басым не көрмеді расында, Тауғада тасқа соғылдым. Аяғым бір сүрінсе басында, Табуын қиын жолымның. Мұндай боп өте бермес өмірім, Нөсерде жауын басылар. Серпіліп қара бұлты көңілдің, Шуағы күннің шашылар. [Қайырмасы:] Ай ай ай Өкініш өртеседе өзегімді, Тағдырдың тәлкегіне төзем енді. Бірде өшіп бірде лаулаған. Ай ай ай Көңіл шат, құшағымда толы гүлдер, Бақытты қуанышқа толы күндер, Келеді-ау бір күні маған.
  • Жүректе жырым боп жатталасың, Сүйкімді сырым боп сақталасың. Өзіңе ғашықпын жер бетінен Тағы бір сендей жан таппағасын. [Қайырмасы] Біреусің, әлемде біреусің - Жаныма тіреусің асқан дара. Біреусің, ұмытпай жүрерсің Жерде де біреусің, аспанда да. Қиалдың шынымен тендесетін Үмітпен бақытқа жерлесетін Өзіндей ару жоқ болмағанда Болады деседе сенбес едім [Қайырмасы] Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада
  • Жолықпай жүрді жол қарағанмен Кезікті бір жан жолым болып Ұрланып тұрып бір қарағаннан Маңайым кетті гүлге толып [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын. Тулайды жүрек тулайды келіп Арнама сыймай ағылып жыр Қиялымдағы періште бейне Аңсатпай менің қасымда жүр [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын.