Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Бойжеткен»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Текст песни не найден. Добавить?
Мы платим за добавление текста. Вам нужно авторизоваться, чтобы мы смогли вам заплатить
Отмена

Другие песни исполнителя:

  • Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға. Қайырмасы: Жылдар, Өмірдің өзенімен, Ағады кезегімен. Сенсің көңілі ашық, Менің ғашық ғасырым. Ертеде де кеште, Тұрасың сен есте, Мен өшсем де өшпе, асылым. Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда, Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да. Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан. Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады, Сағынышын әнге қосып айтып барады. Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде, Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде
  • Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? Жеріңе уағда айтқан келмей қалып, Мариям заты орыс деп сенбедің бе? Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. Басыңа камшат бөрік жарасып жүр. Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр. Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Қолында Мариямның өткір қайшы. Қағазға Мариям аты жазылсайшы. Қор болып бір жаманға кеткенімше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
  • Түзу түзу жолдарды Асулар мен жондарды Суретшідей сомдады дала Жол жүргенде жайдары Сұлу самал майда әні 2 рет Көңілімді жайлады жаңа К-сы: Ооу Алыс түзу жолдармен заулап Жүрегімде оттай сезімім барда Жеткізбейтін қиял алда бәрі Бәрі алда Ұлы дала шақырады алдан Таусылмайтын шексіз жолдарым арман Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға Түзу түзу көшені Жүріп өткен кешегі Қиял ойым кешеді самғап ау Жүрегімде таң күлсін Көне жолдар жаңғырсын 2 рет Өз таңбасын қалдырсын жолдар Қ-сы Қ-сы
  • [Қайырмасы:] Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Мөлдір моншақ себелеген сол бір күнді есіме салшы. Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Алыстағы әппақ сәулем меніде бір есіме алшы. Ақ жауын басылды жана, Бейненді есіме сала. Үзілмес өзіне деген, Тамшыдай үмітім ғана. [Қайырмасы:] Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Мөлдір моншақ себелеген сол бір күнді есіме салшы. Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Алыстағы әппақ сәулем меніде бір есіме алшы. Сүйсемде қайтейін қала, Сезімді тамшыға бала. Ақжауын ақжалын құшып, Мен қалдым жолыңа қарап. [Қайырмасы:] Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Мөлдір моншақ себелеген сол бір күнді есіме салшы. Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Алыстағы әппақ сәулем меніде бір есіме алшы. [Қайырмасы:] Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Мөлдір моншақ себелеген сол бір күнді есіме салшы. Там, там, тамшы, тамшы, тамшы тамуынды тоқтатпа тамшы, Алыстағы әппақ сәулем меніде бір есіме алшы.
  • Жатырқап кетпе жаным, Мен ертең аттанамын. Жәудіреп от жанарың , Неліктен көп қадалдың? Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Бақыт жоқ талаптанбай, Пейілінен таң атқандай. Тәңірім, еркем сені, Мен үшін жаратқандай Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Сенгенім, сүйіктімсің, Шынардай иықтымсың. Тек қана ұлт намысы, Сүюден биік тұрсын. Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, 2рет Өр тағдырыма.