Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Әнім-жаным»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Еркімді еңселеп ертегі сезім
Жүректі тербейсің еркем бір өзің
Жайдарлы жүзіңе жарасып тұр-ау
Сымбатың, қылығың, көркем мінезің

Қ-сы
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің

Ән жаздым ұйқымның мың таңын ұрлап
Жүр қазір сол әнді жұрт әлі тыңдап
Сен үшін сезімнің іңкәрі жұмбақ
Мен үшін шашыңның бір талы қымбат

Қ-сы
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің

Бағым сен едің
Бағым сен едің

Үмітпен нұрланар таңдарым алда
Алдағы арманның алдары бар ма
Өзіңдей бақ құсым қондырса қолға
Біздердей серінің арманы бар ма

Қ-сы х2
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің

Другие песни исполнителя:

  • Кеш, сағынып тағы ән арнасам Бұрынғыдай жаныңа бара алмасам Сен аңсаған арманды таба алмасам Кеш, ойымды жасырмаған жолдарымды Гүл сыйлап құшақтаған қолдарыңды Ессіз ғашық болғанымды Кеш, кешіру болар қиын емес Бақыт деген тек қана сүю емес Менің жүрегім енді үйің емес Кеш, жанбайды сөніп қалған жалын қайта Бастайсың махаббаттың жолын қайта Абайлап жүрші жаным, байқа [Қайырмасы] Шын сүйгенім үшін кеш Күрсінгенің үшін кеш Кешір сүймегеніңді Түсінгенім үшін кеш Таңдағаным үшін кеш Әр қадамым үшін кеш Ұмытам деп, ұмыта алмағаным үшін кеш Қош, не дейін айтшы тағы саған Емеспіз енді біздер таныс адам Тек қана қиялымда табыса алам Қош, айтылмас бұдан былай мүлдем сырым Жүректе жазылып тұр нұрлы есімің Берсең болғаны бір кешірім. [Қайырмасы] Шын сүйгенім үшін кеш Күрсінгенің үшін кеш Кешір сүймегеніңді Түсінгенім үшін кеш Таңдағаным үшін кеш Әр қадамым үшін кеш Ұмытам деп, ұмыта алмағаным үшін кеш
  • Таң атады сені ойлаумен Күн батады сені ойлаумен Айналып келмейсің неге Құшағымды қанша жайғанмен Өктем еттім қашан қай күні Өмірімнің сенсің байлығы Қонар деп күтуде сені Көңілімнің аппақ айдыны қайырмасы: Жан гүлім менің жан гүлім Таң нұрым менің таң нұрым Жалғанда мына өткінші Өзіңмен бірге тағдырым Жан гүлім менің жан гүлім Арналған саған бал жырым Өзінді ғана аңсаумен Өтуде менің әр күнім Өзіңнен хабар ала алмай Өзегім оттай жанардай Сағынып жүрген шығарсын Мүмкін сенде мені таба алмай Жолығар сәтті шақ келіп Күндерім бақытқа келер Әнімді естесен менің Кездескен алғаш бақыт қайырмасы: Жан гүлім менің жан гүлім Таң нұрым менің таң нұрым Жалғанда мына өткінші Өзіңмен бірге тағдырым Жан гүлім менің жан гүлім Арналған саған бал жырым Өзінді ғана аңсаумен Өтуде менің әр күнім
  • нурландырган жер бетин кештеги кундей сулу еди келбетин кестели гулдей арасынан ак булттын бейненди кордим суйген кундердин манги умытылмас естелигиндей к. молдир козинди сол бир сезимди сулу созинди суйдим суйдим оууууу суйдим -3 озинди 2)Жеткізбейсің қолымды биікке мүлде, Көріп тұру жетеалмау күйікпен бірдей. Бірде түстен кетпейсің бірде өңімнен, Түнде көрінген қиялдың сұлу кейіпкеріндей, молдир козинди сол бир сезимди Сулу созинди Суйдим Суйдим оууу суйдим суйдим озинди 3)Екі тарау жол силап тагдырым мынау Не болганын жанымау калдым ұгынбай Сен кеткелі жүректің дүрсілі қатты, Күрсініп жатты жанында таудың жаңгырыгындай молдир козинди сол бир сезимди Сулу созинди Суйдим Суйдим оууу суйдим суйдим озинди
  • Анамның көзі ғаламның сыйлығындай, Әкемнің сөзі хандардың бұйрығындай Өмірдің өзі қадірін кейде ұғынбаймын Қайырмасы Анаммен әкем адал жан екен Адалдығыңнан жаралған екем Жүрегімдегі бұл өмірдегі Ең керемет адамдар екен Анашым сыйың барінен биік екен Тауданда биік әкемнің иығы екен Шықсамда шыңға бәрібір басымды иіп өтем мен Қайырмасы Анаммен әкем адал жан екен Адалдығыңнан жаралған екем Жүрегімдегі бұл өмірдегі Ең керемет адамдар екен
  • Ойлаймын тыным алмай От болып түрып алмай Тамшы деймін Жанымның пәктігі боп Бағымның ақ гүлі боп қалшы деймін қалшы деймін Менің ақ тілегіме Шың сүйген жүрегіме Сенші деймін Сайрашы сандуғаштай Ұя сап қарлығаштай Келші деймін қайырмасы: От болып оянғайдай Аққулар таранғандай Бір жүрген сол күндердің Болған ай жолы қысқа Сен кеттің санам қалды-ай Елес боп жоғалғандай Өмірім оралғандай Мәңгілік сағынышқа Мәңгілік сағынышым Қолында шырағынды ап Жазылған хаттарды жақ Бұлтты күндер Бақытқа батырады Қол бұлғап шақырады Тәтті күндер тәтті күндер Күтемін келерсіңдей Қолыма көгершіндей Қоншы деймін Сұлуым сен елігім Өмірлік жан серігім Болшы деймін қайырмасы: От болып оянғайдай Аққулар таранғандай Бір жүрген сол күндердің Болған ай жолы қысқа Сен кеттің санам қалды-ай Елес боп жоғалғандай Өмірім оралғандай Мәңгілік сағынышқа Мәңгілік сағынышым