Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ай ару»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жүректі өртеді жайлап от
Сен бүгін сүйіктім қайдасың
Теңеуші ем өзіңді айға көп
Айналып кеттің бе айға шын

Қ-сы
Аспанға келсең мекенім
Білемін биік екенін
Оған да жаным жетемін
Шын сүйген жаным Ай ару
Кіршіксіз таза сезіммен
Бір хабар күтіп өзіңнен
Күн кешіп жүрмін төзіммен
Шын сүйген жаным Ай ару

Тезірек оралшы жарығым
Арылтып жанымды қайғыдан
Құлпырсын қайтадын әр күнім
Нұр шашып ажарың ай толған

Қ-сы х2
Аспанға келсең мекенім
Білемін биік екенін
Оған да жаным жетемін
Шын сүйген жаным Ай ару
Кіршіксіз таза сезіммен
Бір хабар күтіп өзіңнен
Күн кешіп жүрмін төзіммен
Шын сүйген жаным Ай ару

Кіршіксіз таза сезіммен
Бір хабар күтіп өзіңнен
Күн кешіп жүрмін төзіммен
Шын сүйген жаным Ай ару

Күн кешіп жүрмін төзіммен
Шын сүйген жаным Ай ару

Другие песни исполнителя:

  • Мынау шексіз ғаламда Біз екеуміз әманда Бірге болсақ жаман ба? Жақсы емес пе саған да Жақсы емес пе маған да Адал болсақ адалға, жаман ба? Қайырмасы: Жаман ба, жаман ба? Жалын ойнап жанарда Жаман ба, жаман ба? Махаббаттай аралда Жаман ба, жаман ба? Бірге жүрсек жаман ба? Жаман ба, жаман ба? Айтшы маған жаман ба? Жаман ба, жаман ба? Айналайық алауға Жаман ба, жаман ба? Жоқ дегенді тәмамда Жаман ба, жаман ба? Бақытым деп бағамда Жаман ба, жаман ба? Айтшы маған жаман ба? Алынбайтын адамға Сендік жүрек қамал ма Қамалыңды алам да, мен алам да. Жүрем ой мен санаңда Шын бақытың болам да Өзің айтшы сен онда Ол жаман ба? Қайырмасы: Жаман ба, жаман ба? Жалын ойнап жанарда Жаман ба, жаман ба? Махаббаттай аралда Жаман ба, жаман ба? Бірге жүрсек жаман ба? Жаман ба, жаман ба? Айтшы маған жаман ба? Жаман ба, жаман ба? Айналайық алауға Жаман ба, жаман ба? Жоқ дегенді тәмамда Жаман ба, жаман ба? Бақытым деп бағамда Жаман ба, жаман ба? Айтшы маған жаман ба?
  • Қайда болдың? Күнге өртеніп, сені іздеп, айға қондым. Қайда болдың? Бәрі-бәрі өртеніп басылғанда, Сен ғайыптан қалайша пайда болдың? Қайырмасы: Өмір аққан зулай-зулай-зулай, өткенде, Кездесіп-ек біз екеуміз көктемде, а-а-а-аййй Тулай-тулай жеткенде, Айдын жатыр аққу ұшып кеткенде. Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Ой санамды өкініш жайлап алды, Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Өткен күндер елес болып қайда қалды? Кел деп едім, Кездесуге дұрыс қой келмегенің. Тергемедім, Жылы ұясы бар екен дер-екесін. Ұшырмайын дедің - ау, сен де мені! Қайырмасы: Өмір аққан зулай-зулай-зулай, өткенде, Кездесіп-ек біз екеуміз көктемде, а-а-а-аййй Тулай-тулай жеткенде, Айдын жатыр аққу ұшып кеткенде. Қайда қалды, Қайда қалды? Ой санамды өкініш жайлап алды, Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Өткен күндер елес болып қайда қалды?
  • Таң атады сені ойлаумен Күн батады сені ойлаумен Айналып келмейсің неге Құшағымды қанша жайғанмен Өктем еттім қашан қай күні Өмірімнің сенсің байлығы Қонар деп күтуде сені Көңілімнің аппақ айдыны қайырмасы: Жан гүлім менің жан гүлім Таң нұрым менің таң нұрым Жалғанда мына өткінші Өзіңмен бірге тағдырым Жан гүлім менің жан гүлім Арналған саған бал жырым Өзінді ғана аңсаумен Өтуде менің әр күнім Өзіңнен хабар ала алмай Өзегім оттай жанардай Сағынып жүрген шығарсын Мүмкін сенде мені таба алмай Жолығар сәтті шақ келіп Күндерім бақытқа келер Әнімді естесен менің Кездескен алғаш бақыт қайырмасы: Жан гүлім менің жан гүлім Таң нұрым менің таң нұрым Жалғанда мына өткінші Өзіңмен бірге тағдырым Жан гүлім менің жан гүлім Арналған саған бал жырым Өзінді ғана аңсаумен Өтуде менің әр күнім
  • Сені жақсы көрем Жақсы көрем еркесі айдың Мені есіңе алып ораласын жаным-ай қай күн Тайдын маған берген сертіннен сен қалайша тайдын Жүректі өртеп тулайды жыл ағады ай күн Мәжмүн деймін таусылмайтын сен болдын қайғым Қайдасын Ләйлім [Қайырмасы] Ләйлім қайда менің Қайғым болма менің Жайдым саған арнап Жаным құшағымды Бағым байламадым Терең бойламадым Неге ойламадым Қолдан ұшарынды Қайда шуақты күн жұлдызды түн аққулы айдын Жаным сен сұлусың Сен ғажапсын тек сені аңсаймын Баймын байлыққа емес бұл күндері мен мұңға баймын Көңілімнің маржандарын саған арнаймын Мәжмүн деймін таусылмайтын сен болдын қайғым Қайдасын Ләйлім [Қайырмасы] Ләйлім қайда менің Қайғым болма менің Жайдым саған арнап Жаным құшағымды Бағым байламадым Терең бойламадым Неге ойламадым Қолдан ұшарынды [Қайырмасы] Ләйлім қайда менің Қайғым болма менін Жайдым саған арнап Жаным құшағымды Бағым байламадым Терең бойламадым Неге ойламадым Қолдан ұшарынды
  • Жастықтың жалындаған шағында, Қайғыда мұңда жоқ еді. Қайраймын сол бір кезге сағына, Үмітім менің көп еді. Сағым боп жетелеген арманға, Ұмтылдым нәзік сезіммен. Бақытқа енді жетіп қалғанда, Ғайып боп ұшты көзімнен [Қайырмасы:] Ай ай ай Өкініш өртеседе өзегімді, Тағдырдың тәлкегіне төзем енді. Бірде өшіп бірде лаулаған. Ай ай ай Көңіл шат, құшағымда толы гүлдер, Бақытты қуанышқа толы күндер, Келеді-ау бір күні маған. Бұл басым не көрмеді расында, Тауғада тасқа соғылдым. Аяғым бір сүрінсе басында, Табуын қиын жолымның. Мұндай боп өте бермес өмірім, Нөсерде жауын басылар. Серпіліп қара бұлты көңілдің, Шуағы күннің шашылар. [Қайырмасы:] Ай ай ай Өкініш өртеседе өзегімді, Тағдырдың тәлкегіне төзем енді. Бірде өшіп бірде лаулаған. Ай ай ай Көңіл шат, құшағымда толы гүлдер, Бақытты қуанышқа толы күндер, Келеді-ау бір күні маған.