Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Кел дедiм»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

1. Ақ сарайдай қорғаны бар
Алма бақтай бағбаны бар
Шіркін қандай арманы бар
Сені сүйген жігіттің
Білегіңнің аппағын-ай
Іздеп жүріп тапқаным ай
Қылығыңның жаққанын ай
Сөнген оттың үмітін

Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім

2. Таныс бірақ бөтенім ай
У қосылған шекерім ай
Қызғаныштың бекерін ай
Сүймеген соң құшақтап
Сен бұрылып бір қарасаң
Тау мен тастан,қырдан асам
Қонар еді шын қаласаң
Бақыт дейтін құс аппақ

Қайырмасы:
Кел-кел кел дедім
Кел қолыңды бер дедім
Жүрегімде есімің бар
Өз көзіңмен көр дедім
Жүр-жүр жүр дедім
Сен жүрген жер гүл дедім
Сен жоқ жерде
Күн мен айдың бар жоғын да білмедім

Другие песни исполнителя:

  • Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын қаптаса да алтынмен Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен Сұлулықты іздемеймін әркімнен Бар сұлулық мінезіңде ол сенің Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Қайырмасы: Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Сүймегеннің кеудесінде салқын дем Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді Ондай жылу сезінемін ал кімнен
  • Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды Телефон үндемейді, сағыныш жайлап ішті. Сен осы білмейсің-ау, ұялы байланысты. Бекер, бекер. Жылатты, жаралады. Қонды да, қолдан ұшты. Неге ешкім түсінбейді, жаралы жолбарысты Жетер, жетер. [Қайырмасы] Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды Басыңа іс түссе ешкімде қалмайды жаныңда Өмірдің шындығын, жүрегім біл бүгін, қабылда Жазылыпты солай деп, жазылмаған өмір заңында [Қайырмасы] Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды
  • Жүректе жырым боп жатталасың, Сүйкімді сырым боп сақталасың. Өзіңе ғашықпын жер бетінен Тағы бір сендей жан таппағасын. [Қайырмасы] Біреусің, әлемде біреусің - Жаныма тіреусің асқан дара. Біреусің, ұмытпай жүрерсің Жерде де біреусің, аспанда да. Қиалдың шынымен тендесетін Үмітпен бақытқа жерлесетін Өзіндей ару жоқ болмағанда Болады деседе сенбес едім [Қайырмасы] Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада
  • Жайнаган сен менин кызгалдагымсын кездеспей сендей жан куз болганым шын жемисин мен ушин тизген багымсын арай танымсын суйген жанымсын тал бойында бир мин жок тунги жалынсын сагынсам салатын суйкимди анимсин озинсин бак кусым алтын кауырсын суйген жанымсын суйген жанымсын к\сы: аспанда аккулар тизбектелгенде журеик сырласып биз коктемдерде сагынып озинди издеп келгенде оттай жанбайын таппаи калмайын мен сени жайдары кунге балайын жауказын ал кызыл гулге балайын сен келип ашасын конил сараиын сен толган айым гаышк болайын сен един сагыныш сенсин ансарым журектин шаттыгын калай тауысамын телефон нуктесин назык саусагын жаным ансадым жаным ансадым
  • Әулие мен абызын Бақыт қылған қазағым Домбыра мен қобызын Шабыт қылған қазағым Айдыны мен бұлағын Суат қылған қазағым Тұлпары мен қыранын Қуат қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 2.Отырса да есекте Қасып толған қазағым Аруына бесікке Ғашық болған қазағым Жазылмайтын уәдесі Қазық қылған қазағым Жазылмайтын кәдесін Азық қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 3.Ақылы мен тақымын Суытпаған қазағым Ақыны мен батырын Ұмытпаған қазағым Қара сөзден шешенді Ескермеген қазағым Елін сүйген көсемін Қастерлеген қазағым