Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ел тілегі»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Өткереді не зұлмат құйынды адам,
Елім аман болсыншы,үйім де аман,
Мына сұлу ғаламды сақта құдай,
Сол болсыншы беретін сыйың маған.

Табаны тасқа тілініп,
Ақтабан болып шұбырып,
Маңдайы тасқа ұрылып,
Жапанда қалып қырылып.
Қанша рет өліп көрдік біз,
Қанша рет келдік тіріліп,
Бәрін де жеңген қазағым,
Жұдырық болып,(2) жұмылып.

[Қайырмасы]
Қамалдай берік іргеміз,
Жетсекте ай мен күнге біз,
Қаны бір туған туыспыз,
Жаны бір жақын біргеміз.

Жаратқан берген жүлдеміз,
Бабадан қалған бұл негіз,
Дамылсыз дауыл соқса да,
Әрқашанда біз біргеміз.

Жем болмау үшін дұшпанға,
Ынтымағыңды қыл қорған,
Мал түгіл жаның мұң болған,
Бұдан да жаман күн болған.
Алдыңнан шықса тағы сын,
Ұрпақтар тегін танысын,
Наркескен болсын намысың,
Болашағыңның,(2) қамы үшін.

Другие песни исполнителя:

  • Жас жүрегін алданып мақтанғанға сенбесің Періштесің десем де сенде өзімдей пендесің Бояуы жоқ махаббатымды бағалай білсең Жалғандағы жердесің жалғандағы жердесің Аспандағы ай болсан созбас едім қолымды Ай жұлдызға тоспас едім жолынды Қиял менен самғауда болғанменен орынды Арманда сен жаным арманда құшағыма келіп қонуды Шың бақытты адам болуды Бір бақта бір сол бұл өмірдің сыры мол Жылататын жанымды адалдықтың нұры бол Сенімінің жыры бол көңілімнің гүлі бол Қыздың жолы жіңішке бірақ есте сақта сен…
  • Саған айтқан жан сырымды ешкімге айтпа Сырлы сөзі ұнағанға Біз білетін бал шырынды ешкімге айтпа Айта көрме сұрағанға Көзіндегі тамшы мұңды ешкімге айтпа жалғызсырап жылағанда Маған айтқан бар шынынды ешкімге айтпа менен басқа бір адамға [Қайырмасы] Сенің сұлу түрінді Сенің тәтті тілінді Қалай сүйетінімді Ешкімге айтпа Әлі талай тілдесеміз Бақытты күн кешеміз Арманымды ешкімге айтпа Жаралғандай жан екенсін жақсы көруге Көркем еттін гүл бағымды Менің өмір хикаямның басты рөлінде Білемісін тұрғаныңды Саған ғана құпиямды аштым өмірде шешу үшін жұмбағынды Сан жылдардың сандығындай жас жүрегінде Сақта жаным сырларымды [Қайырмасы] Сенің сұлу түрінді Сенің тәтті тілінді Қалай сүйетінімді Ешкімге айтпа Әлі талай тілдесеміз Бақытты күн кешеміз Арманымды ешкімге айтпа Әлі талай тілдесеміз Бақытты күн кешеміз Арманымды ешкімге айтпа [Қайырмасы] Сенің сұлу түрінді Сенің тәтті тілінді Қалай сүйетінімді Ешкімге айтпа Әлі талай тілдесеміз Бақытты күн кешеміз Арманымды ешкімге айтпа Әлі талай тілдесеміз Бақытты күн кешеміз Арманымды ешкімге айтпа
  • Шөлде сен бұлақ болған жан ана Шаршасам қуат болған жан ана Таянып ақ бесіктің жанында Түнде де шырақ болған жан ана Өмірдің алтын арай таң ана Ақ сүтің баға жетпес балана Сан жылдар сандалған мойымай Біздерге тіреу болған жан ана қайырмасы: Самғаймын саған қарай құстай ана Мен қалай жүре аламын ұшпай ана Жанымның сағынышы басылмайды Өзіңді құшағыма қыспай ана Анашым сенсіз бақыт табылмаспа Өзіңсің ақылшым данамызда Бөленіп немерелер қызығына Анашым аман жүрші арамызда Өмірде кейде шаттық кейде мұң Ақ теңіз ағайынға пейілін Мөлдіреп ұл қызына қарайсың Таусылмай ақ жүзіңнен мейірім Шың сұрар сәбилік жүрекпенен Әкемдей асқар тау тірекпенен Көзімнің нұры боп жүрсе екен деп Амандық сендерге тілеп келем қайырмасы: Самғаймын саған қарай құстай ана Мен қалай жүре аламын ұшпай ана Жанымның сағынышы басылмайды Өзіңді құшағыма қыспай ана Анашым сенсіз бақыт табылмаспа Өзіңсің ақылшым данамызда Бөленіп немерелер қызығына Анашым аман жүрші арамызда
  • Ойларды ойлар қуалар Күндерді күндер қуалар Жүректі жарып барады Көзіңнен қаққан саналар қайырмасы: Ауырсың жүрек ауырсың Сағынсың жүрек сағынсың Сені іздеп келдіп өртеніп Қанатымдағы қауырсын Сені іздеп келдім тағы да Ем іздеп келдім жаныма Сағына берем сағына Сағына берем сағына Қонбадын менің қолыма Қонбадын менің бағына Сағына берем сағына Сағына берем сағына қайырмасы: Ауырсың жүрек ауырсың Сағынсың жүрек сағынсың Сені іздеп келдіп өртеніп Қанатымдағы қауырсын Сені іздеп келдім тағы да Ем іздеп келдім жаныма Сағына берем сағына Сағына берем сағына Таппадым өмір теңеуін Кешірген болсам мендемін Жанымда тұрған бақытқа Жетпеген қолым пендемін қайырмасы: Ауырсың жүрек ауырсың Сағынсың жүрек сағынсың Сені іздеп келдіп өртеніп Қанатымдағы қауырсын Сені іздеп келдім тағы да Ем іздеп келдім жаныма Сағына берем сағына Сағына берем сағына
  • Аяулы жан ақтамақ арманым,сүйгенім Судай мөлдір,сүттей-ақ сендей жан көрмедім Үміт толы түндер,қайда қызыл гүлдер Сен қайда,мен қайдамын Тұру қайта құлау кім тоқтатар мынау Махаббаттың майданын Қайырмасы: Бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Ұстай берсем қолыммен алдайсың сағымдай Бара әлімді билеуші-ем барады бағынбай Саған ақ тілегін жасырмай жүрегім Ақ қанатын қақты мың Күлімдеп батты күн,қайдасың шаттығым Уайымдаймын ақ гүлім Қайырмасы: Бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Аяулы жан ақтамақ арманым,сүйгенім Судай мөлдір,сүттей-ақ сендей жан...