Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сен болмасаң»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлiм бол
Жүрегiмдi бiр жарған

Сен болмасаң серiгiм
Аялайды менi кiм
Ертелi кеш сен жаққа
Елеңдейдi көңiлiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сенсiз мынау жалғанда
Өтер ме едiм арманда
Елжiрейсiң, балқисың
Мен әнiме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумiзге бiр ғұмыр
Бере көршi Таңiрiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм

Сен болмасаң аяулым
Кiмге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегiмнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да
Менiң ғазиз тағдырым
Сенiң ғана қолыңда

Другие песни исполнителя:

  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.
  • Шың бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым Түсінетін кімді күрсінетін бірге сен жаным Шарықтаттын көкке мені өзің байлап қанат Шың бақытты еттің мені сыңарына санап қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Біз біргеміз біз біргеміз мәңгілік Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Біз біргеміз біз біргеміз мәңгілік Ең бақыттым шағым ата-анам әнім сол барын Сүйіп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадын Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға Ақ кемеме желкен беріп жүздіретін алға қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Біз біргеміз біз біргеміз мәңгілік Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Біз біргеміз біз біргеміз мәңгілік Қадам бастым мен сенімменен тірегім бар Елеңдесе елендеген менің жүрегім бар Сенсің халқым жүзін жарқын аман болшы Екін көзің мөлдіреген үміт оты Қошеметпен жүресіздер жылытып
  • Желбіреп тұрған байрағы Тәуелсіздіктің айғағы Қаншама елдің аударған назарын Бақытын бастан таймады Бұзылмай елдің қаймағы Күн өткен сайын жайнады,қазағым! Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Қажылық татқан анасы Ақиқат айтқан данасы Қазақы жұртым қадірлі қаймаманнан? Қураған жердей бабасы Тәуелсіз елдің баласы Шырқап жүр бүгін қарашы, сайрап жүр Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Туған ел Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта
  • иісің сондай тәтті балдай Тынысымды ашқандай Сезім қандай алған баурай Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын Күнім менің жүзің сенің әкесінен аумаған Үнің сенің тілің сенің Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын
  • Туғанмен жырлап өтер дастанын Белдерің қымбат тауың асқарың Жаныма шуақ төккен, бойыма қуат берген Сенің жұмбақ мөлдір бүлақ аспаның. Мейірбан анамдайсың аяулы Таңдарым күліп құшақ жаяды Әлемді шарласам да таппаспын сендей саяны. Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды Қырыңда гул еркелеп тамсанған Бағыңда бұлбұл тыңбай ән салған Жандарын парасатқа толтырып болашаққа Сенен самғап қанат қақты қанша арман Тұғанмен қолы мендей қызыңды Перзенттік ақтаймын дәм тұзыңды Арайлы таңдарыма жол аштың арманыма сен Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды