Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Өзіңді кездестірмесем» исполнителя Молдир Ауелбекова. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Өзіңді ойлап сағынып
Жүрмін ғой жаным қамығып
Сертіме берік болғасын
Еркіме қалдым бағынып


Өзіңді кездестірмесем
Сезімнің сырын сезбесем
Бақыттан басым айналып
Жер басып сірə жүрмесем

[Қайырмасы]

\"Ұмыттым\" десем сенермең?
Тағдырға жазған көнермең?
\"Сағындым\" десем егерде,
Шынымен іздеп келермең?

Өткізген бірге бал шағым
Бұлақтай мөлдір кəусəрім
Тезірек келші тезірек
Аңсадым сені аңсадым

Өзіңді кездестірмесем
Бағасын бағын білмесем
Жете алмай саған амалсыз
Елесіңменен күн кешем

Другие песни исполнителя:

  • Сен мендегі сезімге өзіңді байлама Мен сенбеймін сөзіңе сенбеймін жай ғана Шын махаббат бар болса Көнер ем көнер ем Шын махаббат өмірде оңай деп ойлама Қайырмасы Абайла абайла сен өзіңе сен сөзіңе Оңайма оңайма бұл сезімге шын сенуге Абайла абайла сен өзіңе сен сөзіңе Оңайма оңайма бұл сезімге шын сенуге Сен көзіме көзіммен қадалып қарама Жай сезіммен қалмайды Адалдық арада Бұл сағыныш болмаса төзер төзер ем Бұл махаббат біздерді жеткізбес арманға Қайырмасы Абайла абайла сен өзіңе сен сөзіңе Оңайма оңайма бұл сезімге шын сенуге Абайла абайла сен өзіңе сен сөзіңе Оңайма оңайма бұл сезімге шын сенуге
  • Домбырамның үні Кенеттен үзілді Үзіліп қалғаны ай Ой,жалған ай Домбырамның үні Кенеттен үзілді Көзден жас тамғандай Ой,жалған ай Қазақ көшпелі елім Қайғы кешкен елім Туып өскен елім Ой,жалған ай Мұңды боздаламай Бота боздағаны ай Жанды қозғағаны ай Ой,жалған ай Алыстап арамыз ай Біз де өтіп барамыз ай Сыздатқан жарамыз ай Аманат даламыз ай Алыстап арамыз ай Біз де өтіп барамыз ай Сыздатқан жарамыз ай Аманат даламыз ай Домбыраның үні Кенеттен жалғасты Толқындар алмасты ай Ай, арман ай Дала көші дала Шексіз ұлан дала Самға қыран бала Ай,арман ай Азапқа сағымай Жарқын жанарың ай Биік назарың ай Ай,арман ай Бастады елбасы Құдайым қорғашы Тәңірім қолдашы Ұлы елімді Алыстап арамыз ай Біз де өтіп барамыз ай Сыздатқан жарамыз ай Аманат даламыз ай Алыстап арамыз ай Біз де өтіп барамыз ай Сыздатқан жарамыз ай Аманат даламыз ай
  • Теңеп мені бар асылға Менен артық табасың ба? Өзгелердің сенім артпа, сенім артпа бағасына Гүлдеріңнің арасынан мені таңда, мені ғана Өзіңменен әрбір күнге жетейін бірге [Қайырмасы] Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй Көңілімді бағала да, Өміріңді маған арна Жүрегімді ұсынайын, ұсынайын саған ғана Бақытың болып қасыңнан мен табылайын, табылайын Тек өзіңе еркелейін Күнде бетімді [Қайырмасы] Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй Сүй мені, сүй мені, сүй мені Сүй мені сүй, сүй мені сүй [Қайырмасы] Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Басқалар-ақ тамсана берсін Сүй мені, сүй мені, тек мені сүй Тағы да сүй, тағы да сүй
  • Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап. Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік! Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға. Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар. Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.
  • Неге есейдім, нені білдім Ес жинадым кейде сындым Жан ауырса сездірмедім Жылап тұрып кейде күлдім Мың іріліп, мың өлемін Арпалысып-ақ келемін Күте бермей іздеп шығып Бақытымның ақ кемесін [Қайырмасы] Біреу мені түсінеді Біреу көріп күрсінеді Біреу сені биіктетсе Біреу келіп түсіреді Мың бұралаң тағдырымның Кітабына бір қарадым Әр күн сайын өртенеді Өмірімнің бір парағы Қуанасың, өкінесің Жақсылық жоқ жан қысылмай Өмір кейде көрінесің От пен мұздың тартысындай Ойлар ұшып дала кезген Жапырақтай қурар лезде Біз ойлаған бақыт құсы Басқаша еді бала кезде