Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Балапаным»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Иісің сондай тәтті балдай
Тынысымды ашқандай
Сезім қандай алған баурай

Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным
Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным

Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным
Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным
Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным
Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын

Күнім менің жүзің сенің әкесінен аумаған
Үнің сенің тілің сенің

Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным
Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным

Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным
Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным
Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным
Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын

Другие песни исполнителя:

  • Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап. Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік! Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға. Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар. Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.
  • Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!
  • Туғанмен жырлап өтер дастанын Белдерің қымбат тауың асқарың Жаныма шуақ төккен, бойыма қуат берген Сенің жұмбақ мөлдір бүлақ аспаның. Мейірбан анамдайсың аяулы Таңдарым күліп құшақ жаяды Әлемді шарласам да таппаспын сендей саяны. Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды Қырыңда гул еркелеп тамсанған Бағыңда бұлбұл тыңбай ән салған Жандарын парасатқа толтырып болашаққа Сенен самғап қанат қақты қанша арман Тұғанмен қолы мендей қызыңды Перзенттік ақтаймын дәм тұзыңды Арайлы таңдарыма жол аштың арманыма сен Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды
  • Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау, әдемі қыз-ай, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз-ай Бірге өскен кішкентайдан құрбы мa едің-ей, Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз-ай. Припев: Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жанымсың. 2. Ақ көйлек, қара камзол белін буған-ей, Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған-ай Мен сізге ғашықтықтан-ау сөз айтамын-ей, Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан-ай.
  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.