Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Кайрат Нуртас.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн.
Страница 5

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Кайрат Нуртас

  • Күзде күрсініп жатқандай дала Қысты қымтанып түрге енер жаңа Көктем су толы сайменен сала Жаздай қырды асып ойнайды бала [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде сағыныш сап-сары бояу Қыста елендеп ел жұртым ояу Көктем келетін шаттығым таяу Жазда сүйгенім қасымда жаяу [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде көрініп айналам солғын Қыста қақарлы қаңтарға тондым Көктем тасыдым, толқыдым, толдым Жазда достармен жағасы көлдің [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Жаздың кеші
  • Арайлап таңым асқақтап тауым Ән ойнап көгім күй тартты елім Қол жетті міне аңсаған күнге Жасай бер жаса Қазағым менің Қазақстаным жасыл орманым Қуанышымды жасыра алмадым Аңсаған бабам аңсаған елім Бостандық еді-ау асыл арманым Елім менің аңсаған Тас бұғаудан босаған Құтты болсың отауың Берік болсын оу босағаң Бабамның қаны анамның жасы Сіңген бұл далам қымбатсың маған Береке бірлік - қамалдың басы Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам Күйінсін жауың сүйінсін досың Жиылсын қауым құйылсын көшің Ертеңің үшін аянба елім Ояншы елім жиылсын есің Ұрпақ үшін, ел үшін, Атамекен жер үшін Берекең мен бірлігің, Таси берсін ырысың. Ұрпақ үшін, ел үшін, Атамекен жер үшін Берекең мен бірлігің, Таси берсін ырысың.
  • Күндіз сары бір күз Сен де, мен де жақын жерде жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Неткен сұлу кетіп барасың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр Армандар орындалып бала күнгі Жарқ етіп шықтым қала түнгі Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр [Қайырмасы] Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Таяқ жейді біреу басқа керек емес Таяқ жеп қалады өмірден менен емес Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Көздерің сенің сондай түпсіз терең тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қабағың түйіп Не тигенін жүрегіме өзім білмей Білемін әйтеуір қалғанымды сені сүйіп Көздерің сенің сондай түпсіз тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қасыңды түйіп Қалдым сүйіп Күндіз сары бір күз Сен де, мен де хабарласпай жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Өмір сүре алмаймын десем отырсың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр Жұлдыздар бір сен үшін жаралғандай Күлімдесең бойыма күш таралғандай Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр
  • Я с тобою ночью лунной Остаюсь наедине Ты мне даришь поцелуй К сожелению во сне И встречать рассветы вместе Можем лишь в моих мечтах Ты паришь моя принцесса Словно птица в облаках Припев: Я все думаю думаю О нас красавица Ты сегодня исполни мечту мою Тебе понравиться Я все думаю думаю О нас любимая Все сокровище мира тебе дарю А ты люби меня Голубых небес долина Мы разделим по полам Я сердцу полавину Своего тебе отдам Увезу тебя родная Золотой мой родной Не хочу другого рая Мы вместо родной Припев: Я все думаю думаю О нас красавица Ты сегодня исполни мечту мою Тебе понравиться Я все думаю думаю О нас любимая Все сокровище тебе дарю А ты люби меня
  • Ажарлы көркің сұлу жаным. Бір көріп ұнап қалдың. Жүрегім сезген жылу барын. Бір көріп сыр ақтардым. Тайдырды жүзің ұяң жаным. Қолымда дірілдедің. Алматының түнін қиялдадым. Бақытты күнім едің. Припев: Алматының түндері-ай. Алатаудын салкын самалындай. Алматының түндері-ай. Уйкымды урлап сен алатындай. Ласкают воспоминания Любви далекой моей, И сердце греется тайной Алматинских ночей. Ты был моим откровением, Творцом нечаянных грёз. Твоим была отражением я, Когда летели до звёзд! Припев: Алматының түндері-ай. Алатаудын салкын самалындай. Алматының түндері-ай. Уйкымды урлап сен алатындай.
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап
  • Арман болып бірге жүргенім Өтті өзіңсіз талай күндерім Сенің жаның мені ойлап жүргенін Қалай білмедім... Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным. Қадіріңе неге жетпедім Неге сені жаным керек етпедім Өкіндірді осылай өткенім Келмей кеткенің, оңай деп пе едің Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным.
  • Жанымда менің бұрын жүрдің табыла Іздеймін енді сағына Жәудіреп көзің, үміт жиған жаныма Әдемі құсым ең Ұштың сен тағы да, қонбай бағыма Сүйемін, сүйемін Өзіңсің көлдей бағым, күндей жаным Сүйемін, сүйемін Сағынып салған әнім — сенсің, жаным Алыстап ай мен күндей жүрміз бағалап Жағалап өмір аралын Жаза алмас, білем түскен жүрек жараны Өзіңдей даланы, еркелі маралым Қайдан табамын Сүйемін, сүйемін Өзіңсің көлдей бағым, күндей жаным Сүйемін, сүйемін Сағынып салған әнім — сенсің, жаным Көрікті аруым, жұлдызды жарығым Келші жаныма
  • Он сегіз мың ғаламдағы жерде Жер ішіндегі Қазақ деген елде Өмір сүрген менде Мен түгіл сенде қарапайым пенде [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кім сені кеп сынаса да сынба Шыдамыңмен жете аласың шыңға Жүрегіңді тыңда, ойды бөле мыңға Өмір өз қолыңда [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой
  • Кеш ұғып қалыппын-ау Кешігіп жолықтың-ау Көрінбес көріктім-ау Маралым Менсіз де бақытты бол Бағалым, маралым, маралым Маралым-ай Ешкімге ұқсамайды жанарың Маралым, маралым, маралым-ай Қайырмасы: Ақ жүзің жаңа жауған қардай Жалғызым жарқыраған таңдай Теңеу бар тағы саған қандай Қандай, жаным балдай Мен сені еркелетем талай Қылығың көркем екен арай Өзіңнен ерте кетем қалай Қалай, жаным қап-ай Бір бақыт құшқан адам Қолымнан ұстамаған Ешкімге ұқсамаған маралым Сол үшін көзімді алмай қарадым Маралым, маралым, маралым-ай Қасымда өзің болмай қаламын Маралым, маралым-ай
  • Хабарласып, хат алмасып, сағынумен күндер өтер тағы Жар іздеймін қарапайым бола алатын өмірімнің мәні Жан іздеймін дәо өзіңдей ары таза және таза жаны Сенен ғана ләззат алып мына менің оу жаным-ай [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде оу Сағыныштан алып ұшқан жүрегімде мекендейсің өзің Келбетіңе жер бетінде жетпейтіндей көрінеді сөзің Сенсіз өмір қызық емес теңеу де жоқ оған жетті көзім Түсініп көр түсіне алсан сүйем сені оу жаным-ай [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде оу [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде-оу Ояндым шошып түнгі бірде-оу
  • Көк жиектен күн шығады шұғылалы Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады Хош иіс таңғы кофе құйылады Кейбіреулер жұмысына асығады Кейбіреулер көрпесіне тығылады Себебі түні бойы қыдырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды Армандаумен жақынына мұң шағуды Шыңайы кездесуге асығады Көктемдей болып күлімдейді, құлпырады Бірақ, бірақ көздерінде мұң тұрады Бақыт іздеп жүргенін жасырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай
  • Жолыққан жоқпыз жаным бекер біз Әліде биік самғармыз Уақытқа бағынғанмен екеуіміз Бақытқа лайық жандармыз Айымау алшақтатпай арамыз Жүрегім жақын кел дейді Біз енді бақытты жан боламыз Бәрінде уақыт емдейді [Қайырмасы] Жүрегім сен келгелі бақытты, Бақытты, бақытты Мен бұрын көргенім жоқ дәл мұндай Бақытты уақытты Қадірің бұл уақыттың білейік Бір бүтін болдық мына біз Кел енді қол ұстасып жүрейік Төгілсін біздің күнәміз Қалмады сен келгелі менде мұң Бақытты етем өзіңді Әрдайым естіп жүрші сен мені Ризамын деген сөзімді [Қайырмасы] Жүрегім сен келгелі бақытты, Бақытты, бақытты Мен бұрын көргенім жоқ дәл мұндай Бақытты уақытты
  • Үмітімде үзіліп түстің неге Көздеріннен тамшылар Бұл-бұл арман басымнан ұшты деме Оның да бір жақсылығы бар шығар Тәңір барда тағдырды күшті деме Жеңілме үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Өмір ғой бұл мұң шатыққа таратқан Жігеріңді қамшыла Алдансанда достықтан, махаббаттан Алда талай қуанышың бар шығар Қоңырсада ерімей қатал Ақпан Көктемнен үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар
  • Сезімді сезіндім сендегі шыдамсыз Мендегі төзімнің бомбасы тым әлсіз Өзіңе асығып баратын жол да жоқ Ұнатсаң жасырып майыспа онда көп Қалдырсаң жауапсыз жарылам бомба боп. Қайырмасы: Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан Мен сені бәрібір өзіме қаратам. Сен маған ерте деп жоғалтып алмашы Ертерек еркелеп өкпелеп қалмашы Қаласаң ешқандай бөгеттер жоқ демек Мұз болған жүректі жібітер от керек Сен маған өкпелеп бүртиіп кетпе тек Қайырмасы: Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан Мен сені бәрібір өзіме қаратам.
  • Ерім бар елім үшін мақтанып Темірдей жүрегіңнің қақпаны Болаттай берік болсын сынбайды Қазақтың қайсар азаматтары Жүрегі жомарт адам бар еді Санаулы мұндай жандар əлемде Сендерге əн арнаймын деп едім Тұрамын еркек болып уәдемде [Қайырмасы] Жүрегі нағыз батыр еркек Тілегі ақыл нағыз еркек Жасасын талмай Беделі таудай! Болаттай нағыз азамат елдер Жақсының ісін айту заңдылық Сөзімді жеткізейін əн қылып Ел үшін туған жанды ұмытпай Ер ісін бағалайық мəңгілік Арманы таусылмайды адамның Батыры осы алып заманның Тік тұрып тəңірімнен тілеймін Арландай амандығын ағамның [Қайырмасы] Жүрегі нағыз батыр еркек Тілегі ақыл нағыз еркек Жасасын талмай Беделі таудай! Болаттай нағыз азамат елдер
  • Тағы атты тәтті таңы таң ғажап тағы келді Тәңір күні күн ғажап Тағы хабар жақсы хабар өмір ғажап Тағы келді думан кеші түн ғажап Жүргенің бақ құшағы Жауғаны таң нұры Жауа берсің тоқтамасын тағы тағыда [Қайырмасы] Тәтті махаббатынмен Тәңір қосқан жанынмен Екеумізді қосуға Жар болсын Тәңір Жауыннынмен тоңдырмашы тамшы тамшы Дамылынмен еркелетші тамшы қалшы Қалқатайға мен сүйетін сәлем айтшы Мен салатын әуенімді тамшы салшы Жүргенің бақ құшағы Жауғаны таң нұры Жауа берсің тоқтамасын тағы тағыда [Қайырмасы] Тәтті махаббатынмен Тәңір қосқан жанынмен Екеумізді қосуға Жар болсын Тәңір
  • Қайда, қайда, жүр екен қай маңайда Сүйген жанның сертіне бойламай ма Қайда деп, ойламай ма? Қыр гүлдерді сол үшін жұлғым келді Менен бұрын үлгеріп кім гүл берді Мен бәрін білгім келді. Қайырмасы: Сезім қайда? Көзің қайда? Қоятын ғашық қылып мені. Жүр екенсің Өзің қайда? Көруге асықтырып мені. Қайда, қайда, тағдырға айла қайда Көз жанарың сағыныш бойламай ма Бағымда сайрамай ма Мүмкін әлі кездесер күн туады Ал жүрегім асығып бұлқынады Сол шаққа ұмтылады.
  • Күз жауып тұрған ауладан, Естідім әсем әніңді, Ызғарлы мұңға жаураған, Жылыттың менің жанымды. Жалғыздық еді жүдеткен, Жанымды сенсің түсінген. Ынтыққан ыстық жүрекпен, «Сүйемін» дедім, «сүйемін» дедім ішімнен. Жартқан Хаққа жалынған, Жел сірә, мендей жылаған. Кетпеші кетпе жанымнан, Сұранам сеннен сұранам. Айта алмай жүрмін айта алмай, Ғашықпын саған ғашықпын. Жаныңа барсам қайта алмай, Көргенше сені асықпын. Тағдыры бөлек қыз едім, Үздігіп неге қарадың?! Көктемі өткен куз едім, Қиналып тұрмын қарағым. Түсіме кірдің қаншама, Жылайды «СЕН» деп жүрегім. Жасымыз алшақ болса да, Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін. Тілім тұр қайтем байланып, Жүрегім дертті жаным мұң. Сезімім өртеп, ой – ғаріп, Көрмесем сені сағындым. Махабатымды жаңа ұқтым, Бұл сезім менде болмаған. Кешігіп неге жолықтың?! Кешірші мені Жан-Дауам! Айта алмай жүрмін айта алмай, Ғашықпын саған ғашықпын. Жаныңа барсам қайта алмай, Көргенше сені асықпын. Махабатымды жаңа ұқтым, Бұл сезім менде болмаған. Кешігіп неге жолықтың?! Кешірші мені Жан-Дауам!
  • Мақпал : Назы сырлы, сазы мұңды ерке болсам да Төменде қап талай,талай - төрге қонсам да Бірге шаттанамын Бірге бақ табамын Қазағыммен мен қашанда Қайрат : Баласымын жайсаң елдің жомарт мен де осы Жүрегімен шырқап салған əсем əн - досы Арманға қол созып Атым шапса озып Ол да осы ел арқасы Қайырмасы : Жайнаған гүліміз өнердің Сайраған үніміз өнердің Сенің арқаң сүйікті ел Жарқыраса биіктен Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің Қайрат: Ел ұнатқан жері ұнатқан мақпал дауысын Бұлбұл құстай тамылжытқан сайрап бақ ішін Саз үнімен тербеп Сізді білем жан деп Жаратылған шырқау үшін Мақпал : Төгіп тəтті əн əн деп соққан асау жүрегің Сен де өнерден қайраттанған жанның бірі едің Еркелетсін елің Ақ болсын деп жолың Жаратқаннан мен тіледім Қайырмасы : Жайнаған гүліміз өнердің Сайраған үніміз өнердің Сенің арқаң сүйікті ел Жарқыраса биіктен Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің
  • Жаным, жаным, жаным. Қасымда тұрсаң да. Сағынамын сені Ішімнен тыңсам да. Ынтызар көңілім ынтығып тұрса да, Бір асып тұңсам да, Сабырлы болсам да Ұнадың, шыдамым таусылды Есімнен айырылып, Көрмесем қиналамын Құшағыма қуаныш сыйлағаның Бір тал да шашыңды ешкімге қимағаным Бір асып тұңсам да, Сабырлы болсам да Ұнадың, шыдамым таусылды Аааа, ааа, оооо, ууу Бір асып тұңсам да Сабырлы болсам да Шыдамым таусылды Қарап, қарап, қарап, Үмітімді үзбеймін Өз-өзімді ғана Көздеріңнен іздеймін Менің махаббатымсың Ынтызар жүрегім Бір асып тұңсам да, Сабырлы болсам да Ұнадың, шыдамым таусылды Есімнен айырылып, Көрмесем қиналамын Құшағыма қуаныш сыйлағаның Бір тал да шашыңды ешкімге қимағаным Бір асып тұңсам да, Сабырлы болсам да Ұнадың, шыдамым таусылды
  • 1.Бейнеңнің тек елесі мен Аралап ақ айдынды Жібектей өлең есіп ем Серік қып талай мұңды Көңілдің терезесінен Сығалап арай күлкі Өмірдің жеребесінен Жолымыз қақ айырылды қайырмасы: Сен барда ұмытқандаймын Өмірдің бар қайғысын Жанымды жылытқандаймын Кетсеңде шалғай құсым Сағымға бастап барады Сезімім сол шақтағы Жанардан жас боп тамады Сағыныш моншақтары 2.Жанымды жылытпаймын ба Қоштастық шіркін неден Сен жалғыз жүріп қайғырма Бар кінә мүмкін менен Мен сені ұмытпаймын да Жаныңа бір күн келем Сезімді құлыптаймын да Қолыңа кілтін берем
  • Ғашықпын жүрекпен жайқалған жеріме Теңіздей тілекпен ғашықпын еліме Туған жер тұғырын қырандай ұлынмын Арналар өзіңе әнім мен ғұмырым [Қайырмасы:] Ғашықпын мен өмірге ғашықпын өнерге Күй тағып наз көңілге арнатқан әр үйге Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Әр күнге ғашықпын толқындай тасыттын Қай жерде жүрсем де еліме асықтым Тамшы жас тамғанда қол жетті арманға Мен ғашық боламын шың ғашық жандардай [Қайырмасы:] Ғашықпын мен өмірге ғашықпын өнерге Күй тағып наз көңілге арнатқан әр үйге Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан
  • Сағыныштан алаулайды от кеудем, Түндерім-ай көз ілместен өткерген. Арамызды алыстатқан тағдыр-ай, Қинамашы жүрегімді жоқ деумен. Ести алмай жаным сенің даусынды, Төзімім де тағатым да таусылды. Ең болмаса тындап кетші бір келіп, Махабаттан дертке айналған жан сырды. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Мөлдіреген сенің бояу көздерің, Жанарыңнан қызғанамын өзгенің. Сезімімді сөндіре алмай өртенген, Жалғыздықтың азабына төзбедім. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын.
  • Бұл-бұл құс туған жерден гүл іздейді Күдерін құштарынан бір үзбейді Келесің гүл боп, еркем, көз алдымда Өзіңді мен іздемей кім іздейді Арына махаббатың шырай керек Шын сүйген азабына шыдайды көп Ән айттым арнап саған ұнай ма деп Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек [Қайырмасы:] Арманымның нұры Ақындықтың сыры Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау Көңілімнің сазы Өмірімнің жазы Қайда жүрсің, Әдемі-ау Өзің ғой өміріме сән берген де Дүниеде саған ару тең келген бе? Сәулем-ау, сен келесің көз алдымда Ақ қайың самал желмен тербелгенде Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма, Өзгелер сені мендей сезе алар ма? Ақ толқын жағалауға асыққанда Айым-ау, сен келесің көз алдыма.
  • Умытар емеспин сен маган керексин келши жаным келши коншы колыма ес жиар емеспин не деген елес бул! Кундиз тун кетпеиди оидын багыннан ешкимди суймеимин озинди издеимин сабырлыкка салынып ыстык жалынды мен ушин кундеимин кунимди билмеимин кешир алсан кешир кеш мени жаным Озинсиз жер бетинде жалгыз жанмын сен алыс ауылда мен каладамын баягы кундерди жулдызды тундерди сагынумен озинди еске аламын умытар емеспин сен маган керексин келши жаным келши коншы колыма ес жиар емеспин не деген елес бул! Кундиз тун кетпеиди оидын багыннан ешкимди суймеимин озинди издеимин сабырлыкка салынып ыстык жалынды мен ушин кундеимин кунимди билмеимин кешир алсан кешир кеш мени жаным жалгазсырап журек ои мазалаиды сени жаным тек кана сени сураиды келши жаным келши жан рахэатын берши сурауымды берши сен жауап берши
  • Екеумізге ыстық ол жақта, Есілмен сол бір күн. Біздерге қызығар көз ілмей, Еркеле ағатын толқыны. Қазағымның ордасын. Тәңір өзі қолдасын. Бағың бастан таймай. Жасай бер мәңгі жайнай. Бар Алаштың анасы. Ғашықтардың қаласы. Жүрекке сезім туған. Есілдің ерке жағасы. Қайырмасы: Жақұт төгіп әр күні. Жұлдыз шашып сан гүлі. Сарыарқаның төсінде. Жайнаған көркем Астана. Бар әлемге таңылған. Бақыт көрем бағыңнан. Бәйтеректей биікке. Ұмтылған өлкем Астана. Жастық жігер мәңгі жалындап. Елімде қуат алып. Жүректе махаббат барында. Сүйейін оттай жанып. Қазағымның ордасын. Тәңір өзі қолдасын. Бағың бастан таймай. Жасай бер мәңгі жайнай. Бар Алаштың анасы. Ғашықтардың қаласы. Жүрекке сезім туған. Есілдің ерке жағасы. Қайырмасы: Жақұт төгіп әр күні. Жұлдыз шашып сан гүлі. Сарыарқаның төсінде. Жайнаған көркем Астана. Бар әлемге таңылған. Бақыт көрем бағыңнан. Бәйтеректей биікке. Ұмтылған өлкем Астана.
  • Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген Қазақстаным, Қазақстаным Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы Арманға бастаған бұрылған көп қаласы Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар Қазақстаным, Қазақстаным Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған Елбасы тарихы болсын мәңгі дастаным Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім.
  • Жабыққанда жаным жалғыз сені ойлаймын, Батып мұңға жоқтығыңа сене алмаймын, Сенсіз өтпей уақыт, таппай бақыт, Адасқан жандаймын, таба алмаймын, Армандаймын, ән жолдаймын. Құстар келіп, бақ көгеріп, өсті қайың, Күттім шыдап, бірақ-бірақ жоқсың айым, Көзді сезім байлап, іздеп, ойлап тек сені аяулым, Қияалдаймын, қия алмаймын, қия алмаймын. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай. Еске түсті қыдырған біз атқан ақ таң, Тулап жүрек жұмылған көз махаббаттан, Сағындырды тағы бәрі-бәрі ұмыта алмай әлі, Тағы-тағы жаным тағы сені ойлаймын. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай.
  • Тағдырға тiл қата алмай Заңына бағынамыз Бip жүріп, бip бола алмай Амалсыз сағынамыз Тереңге батырды мұң Қайтемiн төземін мен Ойыңды оқып жүрмін Сыр тұнған көздеріңнен [Қайырмасы] Сен де мен де Салындық сергелдеңге Сөнбеген бе Сол ыстық сезім әлде Неге неге неге бiз бекінемiз Сенде менде Кiналi, жоқ төреші Тербегенде Өткеннің тәтті елесi Бекер бекер Бекер кеш өкінеміз Сезімнің орансақта, Отына күйiп жанбай, Мəңгі бір болар шақта Бөліну қиын кандай, Бақыттан əрмен жүздік, Бəрін де тең бөлерде, Таныттык дəрменсіздік, Жаным-ау сен де мен де Жалғыз сен жарығым-ай маған лайық Мына мен саған қалай тағам айып Уақытты зымыраған текке өткізбей Бақытты сен де мен де бағалайық