Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сүйген қалам»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

1) Алматыма ұшамын, Астанадан,
Барлық қала құшағын, ашқан маған.
Атырау мен Ақтау, Өскемен мен Семей,
Сағынышпен кел дегей...

Павлодар мен Оралға асығамын,
Қарағанды қараса, ашыламын.
Көкшетау мен Тараз,
Қызылорда қаласы.
Бәрі-бәрі тамаша!

Қайырмасы:
Сүйікті әр қалам,
Көркіңе таңданам.
Ғашықпын бәріңе,
Асығып мен барам.
Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған...
Сүйген қалам, келемін саған!

2) Шымкентім бар, Шым қалам буған белін,
Түркістанмен нұрланам туған жерім.
Ақтөбе мен Арқа, Жезқазғаным марқа,
Ақындарым жырлаған.

Петропавл, Қостанай, Талдықорған,
Қазағыма лайық, барлық ордам.
Жүздері бар жарқын, адамдары алтын,
Қалаларды сүйем...

Қайырмасы:
Сүйікті әр қалам,
Көркіңе таң қалам,
Ғашықпын бәріңе,
Асығып мен барам.
Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған...
Сүйген қалам, келемін саған!

Сүйікті әр қалам,
Көркіңе таңданам,
Ғашықпын бәріңе,
Асығып мен барам.
Сағыныш жеткенде, құшақ аш сен маған...
Сүйген қалам, келемін саған!

Сүйікті әр қалам,
Көркіңе таңданам,
Ғашықпын бәріңе,
Асығып мен барам.
Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған...
Сүйген қалам, келемін саған!

Другие песни исполнителя:

  • 1. Бұл өмірде берілместен талас қайғыға Сен екеуміз бірге жүрсек жараспайдыма Алынбайтын қамалдай, бақ құсым боп қоналмай Еш бір баян табалмай өткен бір дәурен Жанға жайлы самалдай Жан құмарым табалмай Қайта айналып оралмай Кеткен бір дәурен Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей құлпырасың сен Ақ сазандай ағысқа ұмтыласың сен Ертегі деп ойласам шын шығарсың сен Қасындағы күн шығарсың сен 2. Сен күлгенде менің жаным жадырағанда Жыл құсындай ұшып кетпе бағыма қонбай Қариядай тасыған, кейде жүдеп жасыған Барінің де басынан өткен бір дәурен Бетегедей беттегі Таңғы шықтай шөптегі Ақша бұлттай көктегі Көшкен бір дәурен
  • Құтты болсын Туған күнің, Ботақаным, балапаным. Қандай бақыт өмірде, Жүргеніңді көргенде. Алыс жүрсем сагынарым, Жан гүліңдей иісіңді. Тәтті сенің сөзіңдей, Бақытымсың өмріде! Қ-сы: Тәй тәй баскан балапаным, Қандай тәтті алақаның. Құтты болсын әр қадамың өмірде, Тәй тәй баскан балапаным. Өзіңе деп ән арнадым, Қуанышқа сен жалғадың өмірді! Денсаулығың мықты болсын, Басыңа бақ құсы қонсын. Шын Жүректен тіледім, Сыйынумен жүремін. Бақытты өмір тілеймін, Болашығыңа сенемін. Болшы сыйлы да өлкем, Азаматы еліңнің!!! Қ-сы: Тәй тәй баскан балапаным, Қандай тәтті алақаның. Құтты болсын әр қадамың өмірде, Тәй тәй баскан балапаным. Өзіңе деп ән арнадым, Қуанышқа сен жалғадың өмірді!
  • Ламбада әсем әуен әлем шарлаған Биле тандана мың бұралған бірге бар қала [Қайырмасы] Биле ламбада түсіліп ырғала Жаңғыртып мен шырқап салайын Биле ламбада бой жеткен боз бала Өзгерген қазақша сөз ғана Эх сол ламбада шатталып ен ырғағыңменен Билеп жандарға шаттанып ен сыңарыңменен [Қайырмасы] Биле ламбада түсіліп ырғала Жаңғыртып мен шырқап салайын Биле ламбада бой жеткен боз бала Өзгерген қазақша сөз ғана Есте ламбада жыл өтседе қаншама арада Кештерде куә кездесетін әкем анада [Қайырмасы] Биле ламбада түсіліп ырғала Жаңғыртып мен шырқап салайын Биле ламбада бой жеткен боз бала Өзгерген қазақша сөз ғана [Қайырмасы] Биле ламбада түсіліп ырғала Жаңғыртып мен шырқап салайын Биле ламбада бой жеткен боз бала Өзгерген қазақша сөз ғана биле ламбада
  • Алғаш сені көргенімде,көз жанардын талғаны-ай, Сол арудың маған қарап күлім қаққаны-ай Күлім деген дидарыннан шуақ нұрын шашқандай Көріп сені қуандым мен бақыт тапқандай қ-сы Сен,жүрегімді жараладын сен,бір өзінді ойлап жүрмін мен Сүйген жарым сен оооу Сен,жүрегімді жараладың сен,бір өзіндеп ән саламын мен Сүйген жарым сен!!! Үнсіз ғана жымындайсың,сырға толы сезіммен, Жүрегімнің құпиясын сезгендейсіңбе, Бір болайық мәңгілікке күліп атсын танымыз Өміріміз гүлдей жайнап жансыз бағымыз қ-сы Сен,жүрегімді жараладын сен,бір өзінді ойлап жүрмін мен Сүйген жарым сен оооу Сен,жүрегімді жараладың сен,бір өзіндеп ән саламын мен Сүйген жарым сен!!!
  • Екеумізге ыстық ол жақта, Есілмен сол бір күн. Біздерге қызығар көз ілмей, Еркеле ағатын толқыны. Қазағымның ордасын. Тәңір өзі қолдасын. Бағың бастан таймай. Жасай бер мәңгі жайнай. Бар Алаштың анасы. Ғашықтардың қаласы. Жүрекке сезім туған. Есілдің ерке жағасы. Қайырмасы: Жақұт төгіп әр күні. Жұлдыз шашып сан гүлі. Сарыарқаның төсінде. Жайнаған көркем Астана. Бар әлемге таңылған. Бақыт көрем бағыңнан. Бәйтеректей биікке. Ұмтылған өлкем Астана. Жастық жігер мәңгі жалындап. Елімде қуат алып. Жүректе махаббат барында. Сүйейін оттай жанып. Қазағымның ордасын. Тәңір өзі қолдасын. Бағың бастан таймай. Жасай бер мәңгі жайнай. Бар Алаштың анасы. Ғашықтардың қаласы. Жүрекке сезім туған. Есілдің ерке жағасы. Қайырмасы: Жақұт төгіп әр күні. Жұлдыз шашып сан гүлі. Сарыарқаның төсінде. Жайнаған көркем Астана. Бар әлемге таңылған. Бақыт көрем бағыңнан. Бәйтеректей биікке. Ұмтылған өлкем Астана.