Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Көздерің сенің сондай әп-әдемі сөзі»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күндіз сары бір күз
Сен де, мен де жақын жерде жүрміз
Кімсіз, ару кімсіз?
Неткен сұлу кетіп барасың үнсіз
Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып
Өзіңе жарасып тұр
Саған талайы таласып жүр

Армандар орындалып бала күнгі
Жарқ етіп шықтым қала түнгі
Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып
Өзіңе жарасып тұр
Болса да сұп-суық сұр

[Қайырмасы]
Тек орындашы менің басты тілегімді
Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді
Таяқ жейді біреу басқа керек емес
Таяқ жеп қалады өмірден менен емес

Тек орындашы менің басты тілегімді
Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді
Көздерің сенің сондай түпсіз терең тұңғиық
Ойланып кетіп бара жатырсың қабағың түйіп
Не тигенін жүрегіме өзім білмей
Білемін әйтеуір қалғанымды сені сүйіп

Көздерің сенің сондай түпсіз тұңғиық
Ойланып кетіп бара жатырсың қасыңды түйіп
Қалдым сүйіп

Күндіз сары бір күз
Сен де, мен де хабарласпай жүрміз
Кімсіз, ару кімсіз?
Өмір сүре алмаймын десем отырсың үнсіз
Көздерің сенің сондай әп-әдемі
Өзіңе жарасып тұр
Болса да сұп-суық сұр

Жұлдыздар бір сен үшін жаралғандай
Күлімдесең бойыма күш таралғандай
Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып
Өзіңе жарасып тұр
Саған талайы таласып жүр

Другие песни исполнителя:

  • Бақытын іздеп Алладан Бағыңа соны балаған Әлдимен тербеп әлемді Аман-сау жүрші жан-анам Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Фәниде сенсің шырағым Бақи да сенсің Жұмағым Анашым сенің атыңнан Киелі жалғыз Құраным. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Ана деп әнім самғаған Тартуым болсын арнаған Алақан жайып тілеймін Амандығыңды Алладан. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды.
  • Ай нұрындай шуақты Көздерің күн ұнатты Сыңғыр күлкі сылдырап Елестетер бұлақты Елестетер бұлақты [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін Жаны тұнық аралдай Тербеп жанды самалдай Күлім деген көздерің Жылап тұрған жанардай Жылап тұрған жанардай [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін Күн келбетің келіскен Тамсандым мен тек іштен Алтын арай ай мүсін Көктен түскен періштем Көктен түскен періштем [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін
  • Бақыт алдан, күтіп ем адасып жолдан, Сезім алау, сөнді жанған, өшіріп алдым, Кешірші жаным! Қалай ұмытам, қалай ұмытам, Уақытты өткен. Шуағын шашып төккен, ғашық еткен, Ұмытылмайды, бақытты көктем. Қалай ұмытам, қалай ұмытам, Уақытты өткен, Ұзап кеткен сол бір көктем, шықпас естен. Таба алам ба сені, қайталанбас менің, мөлдір махаббатым, Түсінші жанымды, ұсыншы қолыңды, сенсіз жоқ тағатым. Сені аңсағаным, күтіп шаршадым, сен деп ән саламын, Асылым аялы, ғасырға айналды. Сенсіз әр сағатым. Табылмашы, енді маған өзіңнен басқа, Бағымды ашқан, тағдыр қосқан, сыңарым едің. Кінәм не менің? Қалай ұмытам, қалай ұмытам, Уақытты өткен Шуағын шашып төккен, ғашық еткен Ұмытылмайды, бақытты көктем Қалай ұмытам, қалай ұмытам, Уақытты өткен Ұзап кеткен сол бір көктем, шықпас естен Таба алам ба сені, қайталанбас менің, мөлдір махаббатым Түсінші жанымды, ұсыншы қолыңды, сенсіз жоқ тағатым Сені аңсағаным, күтіп шаршадым, сен деп ән саламын Асылым аялы, ғасырға айналды Сенсіз әр сағатым
  • Тәңір маған сыйға тартқан сені, Бақытты боп күн кешсін деп мені. Тек өзіңді сүйіп өтем жаным, Таусылғанша жүрегімнің демі. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Ұл-қызымның жердегі жұмағы. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Жанұямның сөнбейтін шырағы. Бөлінбейміз, бөлінбейміз мүлде Себебі сол жүрегіміз бірге. Бірге оянып арайланған таңда, Қол ұстасып бір жүреміз күнде. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Ұл-қызымның жердегі жұмағы. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Жанұямның сөнбейтін шырағы.
  • Сені көріп есім кетті Өмірім де өзгерді. Өміріме керек емес Сенен басқа өзге енді. Жүрегіңнен бір орын бер Тынышталсын жүрегім. Гүлдей сезім бір жүректе Бүрін жарар кез келді. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша. Сен жұмбақсың мен ғашықпын Менің сырым белгілі. Сен қымбатсың жауабың да Қымбат маған ендігі. Жүрегіңнен бір орын бер Мәңгілікке өтінем Бір жүректе өмір сүру Қос жүректің ерлігі. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейтін сол ор ынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша.