Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Аңсарым»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?


[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім


Алмасып күнмен, көгімде ай қалады,
Терезесінен көңілдің ай қарады,
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады.
Мен емес, сені қара түн аймалайды,
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды,
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?


[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім


[Қайырмасы]
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім

Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?

Другие песни исполнителя:

  • Сені көріп есім кетті Өмірім де өзгерді. Өміріме керек емес Сенен басқа өзге енді. Жүрегіңнен бір орын бер Тынышталсын жүрегім. Гүлдей сезім бір жүректе Бүрін жарар кез келді. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша. Сен жұмбақсың мен ғашықпын Менің сырым белгілі. Сен қымбатсың жауабың да Қымбат маған ендігі. Жүрегіңнен бір орын бер Мәңгілікке өтінем Бір жүректе өмір сүру Қос жүректің ерлігі. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейтін сол ор ынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша.
  • Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Көзімде жасым қалды, ішінде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің? Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп – Ол менің сені ойлап күрсінгенім. Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сол бір түнгі сағымды жарық айды, Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды? Серігіміз – үзлген ақ қайыңның Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.
  • Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз, Саған деген сағынышым сенгісіз. Кімді сүйдім, дәл осылай зарығып, Көңіліме жабырқаулы енді күз [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Жарығым-ау таңдарыма тұрақта Жаңбыр болып жүрегімді жылатпа Тағдырымды сенен алыс қалды деп Күрең кеудем қалды мәңгі сұрақтай [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттім алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді
  • Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры, Ал, жапырақ адамдардың тағдыры. Сары ағаштан түсіп жатқан секілді, Сау сау етіп өмірімнің әр күні. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Күз келгенде балапанға бас қайғы, Күз келгенде құстарды ата бастайды. Қауырсынды жарып өткен жарықша, Қабырғамның арасында қақсайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Бұл өлеңді айтып тұрмын біз жайлы, Бұл өлеңді айтып тұрмын сіз жайлы. Жете алмаған армандарым менің де, Қабырғамның арасында сыздайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім.
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап