Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жаным апа» исполнителя Жубаныш Жексенулы. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жаным апа, жан асылым.
Алыстағы жан ашырым.
Өзіңді ойлап, жазған мына.
Сағыныштың, сағыныштың жаңа жырын.

Қандай жақсы, үміт деген.
Жаным апа, жолға қарап үмітпенен.
Жүр ме екенсің, жаным апа?
Жолға қарап үмітпенен.
Жүр ме екенсің, жаным апа?

Немереңмін, қасыңда апа,
Көрсетпеші, жасыңды апа.
Отырсың ба, ойға батып?
Ошағыңның , ошағыңның басында апа!

Қандай жақсы, үміт деген.
Жаным апа, жолға қарап үмітпенен.
Жүр ме екенсің, жаным апа?
Жолға қарап үмітпенен.
Жүр ме екенсің, жаным апа?

Поделиться: VK TG WA OK
Встроить на сайт

Другие песни исполнителя:

  • Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға. Қайырмасы: Жылдар, Өмірдің өзенімен, Ағады кезегімен. Сенсің көңілі ашық, Менің ғашық ғасырым. Ертеде де кеште, Тұрасың сен есте, Мен өшсем де өшпе, асылым. Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда, Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да. Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан. Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады, Сағынышын әнге қосып айтып барады. Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде, Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде
  • Өмір жолы Өмір жолын мен жүрдім.. Оңай емес... Өткердім талай жарыс, Талай белес... Қаншама сүрінсем де, құламадыыыым. Алдым да арман тұрды арайлы елес. Алам деп биіктерді асқарларды, Үйрендім мен өмірден жасқанбауды. Ар- намыс- қос қанатым талмай самғааааап, Жүрегім- аңсаған құс аспандауды. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған. Өмір жолын мен жүрдім сан- салалы, Кім білсін, белестер бар қаншама әлі. Сенемін тек , арманым , алдамайды, Ол мені құшақ жайып қарсы алады. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған.
  • Жатырқап кетпе жаным, Мен ертең аттанамын. Жәудіреп от жанарың , Неліктен көп қадалдың? Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Бақыт жоқ талаптанбай, Пейілінен таң атқандай. Тәңірім, еркем сені, Мен үшін жаратқандай Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Сенгенім, сүйіктімсің, Шынардай иықтымсың. Тек қана ұлт намысы, Сүюден биік тұрсын. Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, 2рет Өр тағдырыма.

Похожие исполнители