Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Аркалыктын ак таны»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жатырқап кетпе жаным,
Мен ертең аттанамын.
Жәудіреп от жанарың ,
Неліктен көп қадалдың?

Қайырмасы:
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай даласын көрдім.
Сен дала боп ендің,
Өр тағдырыма.
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай тауларын көрдім.
Сен тау болып ендің,
Өр тағдырыма.

Бақыт жоқ талаптанбай,
Пейілінен таң атқандай.
Тәңірім, еркем сені,
Мен үшін жаратқандай

Қайырмасы:
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай даласын көрдім.
Сен дала боп ендің,
Өр тағдырыма.
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай тауларын көрдім.
Сен тау болып ендің,
Өр тағдырыма.

Сенгенім, сүйіктімсің,
Шынардай иықтымсың.
Тек қана ұлт намысы,
Сүюден биік тұрсын.

Қайырмасы:
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай даласын көрдім.
Сен дала боп ендің,
Өр тағдырыма.
Қара көзіңнен мөлдір,
Торғай тауларын көрдім.
Сен тау болып ендің, 2рет
Өр тағдырыма.

Другие песни исполнителя:

  • Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.
  • Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
  • Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға. Қайырмасы: Жылдар, Өмірдің өзенімен, Ағады кезегімен. Сенсің көңілі ашық, Менің ғашық ғасырым. Ертеде де кеште, Тұрасың сен есте, Мен өшсем де өшпе, асылым. Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда, Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да. Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан. Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады, Сағынышын әнге қосып айтып барады. Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде, Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде
  • Даналық дарыған бар əлем таныған қалам бар дархан жырым Арайлап таң атқан шуағын таратқан Далам бар жауқар нұры Тамырым ауылдан қанатым қалада күткен жер төрін берген Ай мен кұн алмасқан ұрпақпен жалғасқан Бақытты бар тағдыры Қайырмасы Ауылым шапағатымай Асқарым салтанатым ай Өмірім махаббатым ай махаббатымай Тағдырым ғаламатымай Ұрпағым аманатымай Өшпейтін махаббатымай махаббатымай Өмірдің жолымен көңілдің көгімен Қызықпен тұмар қалма Ағайын туыспен ынтымақ ырыспен Шаттық бер шынарларға Əрине топ көңіл талайдан өтті өмір мезгілсіз махаббаттан Сүрінбей қалаған аңсаған əр адам жетсе екен бір арманға Қайырмасы Ауылым шапағатымай Асқарым салтанатым ай Өмірім махаббатым ай махаббатымай Тағдырым ғаламатымай Ұрпағым аманатымай Өшпейтін махаббатымай махаббатымай