Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Омір озен»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.

Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.

Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.

Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады,
Сағынышын әнге қосып айтып барады.
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде,
Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде

Другие песни исполнителя:

  • Аспандағы ай ма дедім, Жастық шағым қайда менің? Жүрегімді елжіреткен Жаным, қандай жайдар едің?! Қайырмасы: Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай. Ойың озық, сөзің тәтті. Қандай Ана сені тапты? Көңілімді жарасынан Сыймай тасып сезім жатты. Қайырмасы: Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай. Күлімдесе ай қабағың, Қалай ғана жай табамын? Көктем гүлі ұшқым келіп, Жердемін деп ойламадым. Қайырмасы: Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай.
  • Ақ қайыңдай белестегі, Сенің бейнең елестеді, Шуақ шашып төзімге, Сүймегендер сағынбайды, Шын сүйген жан бағынбайды, Асау қызба сезімге . Aңсасам жалын шашқан жанарыңды, Ылғи да мұң жабады қабағымды, қалқатай. Аққулар қайтты күзде қаратаудан, Oларда айталмады хабарыңды қалқатай. Ақ қайыңдай белестегі, Сенің бейнең елестеді, Шуақ шашып төзімге, Сүймегендер сағынбайды, Шын сүйген жан бағынбайды, Асау қызба сезімге.
  • Өткенім жұмбақ, шешемін ойланбастан, Көктемімді ұрлап əкеттің қайдан ғана. Əппəқ арыңда ұғындым пəктік барын, От жанарыңда ойнап тұр жастық шағың. Қайырмасы: Асау жүрек неге бағынбайсың? Бəрін сонша ауыр қабылдайсың, Білем болмашыға ауырмайсың, Себебі сағынбайсың. Анда-санда сені бір көруге ұмтыламын, Алдасаң да мені біліп тұрып тұншығамын. Неге мұнша біздің қайғымыздың бұлты қалың? Мұңға толы жүрек тазартады кім тұманын, кім тұманын? Өзен-өмірім асығып аға берсін, Ғашық көңілім жасырын қала берсін. Күлме иланып уакытша күлген күзге, Жүрме қиналып, бəрін кеш білген кезде. Қайырмасы. Қайырмасы.