Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Дудар-ай»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Мариям Жагор деген орыс қызы,
Он алты, он жетiге келген кезi,
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мәриямның айтқан сөзi!

Қайырмасы:
Дударари-дудым,
Бiр сен үшiн тудым!
Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ боз атты жемдедiң бе,
Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе.
Жерiңе уағда айтқан келмей қалып,
Мәриям заты орыс деп
сенбедiң бе?

Ащыкөл, Тущыкөлдiң арасы бiр,
Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезiрек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Қайырмасы.
Қолында Мәриямның өткiр қайшы,
Қағазға Мәриям аты жазылсайшы.
Қор болып бiр жаманға кеткенiмше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Другие песни исполнителя:

  • Біздің ағай қызық тамаша Қызығы бар сан жетпейді санаса Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық Томпаң қағып жүгіреді балаша Жеңгей кетсе қыдырып Кеш келеді күн жүріп Ағай үйде отырады Шылпылдатып кір жуып Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды Жамандауға тіл ауызы бармайды Қалай ғана мақтамасын жеңешем Мұндай адам мұндай адам дүниеден таппайды Жеңгей кетсе күн ұзап Дүкен кезіп зар илеп Ағай үйде отырады Кеспе кесіп нан илеп Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Үй иесіне мойнымызды бұрмадық Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып Кел жігіттер сеп болайық әйелге Аз да болса азда болса осы ағайдан үгі алып Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша
  • Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан, Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам. Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан, Жүрегімде басталды бір майдан. [Қайырмасы] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып, Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық. Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем, Кешігем деп ойламайсың неге? [Қайырмасы] Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі, Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі. Желкеніңді пенделіктің билемесін желі, Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.
  • Өткенім жұмбақ, шешемін ойланбастан, Көктемімді ұрлап əкеттің қайдан ғана. Əппəқ арыңда ұғындым пəктік барын, От жанарыңда ойнап тұр жастық шағың. Қайырмасы: Асау жүрек неге бағынбайсың? Бəрін сонша ауыр қабылдайсың, Білем болмашыға ауырмайсың, Себебі сағынбайсың. Анда-санда сені бір көруге ұмтыламын, Алдасаң да мені біліп тұрып тұншығамын. Неге мұнша біздің қайғымыздың бұлты қалың? Мұңға толы жүрек тазартады кім тұманын, кім тұманын? Өзен-өмірім асығып аға берсін, Ғашық көңілім жасырын қала берсін. Күлме иланып уакытша күлген күзге, Жүрме қиналып, бəрін кеш білген кезде. Қайырмасы. Қайырмасы.
  • Түзу түзу жолдарды Асулар мен жондарды Суретшідей сомдады дала Жол жүргенде жайдары Сұлу самал майда әні 2 рет Көңілімді жайлады жаңа К-сы: Ооу Алыс түзу жолдармен заулап Жүрегімде оттай сезімім барда Жеткізбейтін қиял алда бәрі Бәрі алда Ұлы дала шақырады алдан Таусылмайтын шексіз жолдарым арман Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға Түзу түзу көшені Жүріп өткен кешегі Қиял ойым кешеді самғап ау Жүрегімде таң күлсін Көне жолдар жаңғырсын 2 рет Өз таңбасын қалдырсын жолдар Қ-сы Қ-сы