Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жолдар»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Түзу түзу жолдарды
Асулар мен жондарды
Суретшідей сомдады дала

Жол жүргенде жайдары
Сұлу самал майда әні 2 рет
Көңілімді жайлады жаңа

К-сы:
Ооу Алыс түзу жолдармен заулап
Жүрегімде оттай сезімім барда
Жеткізбейтін қиял алда бәрі
Бәрі алда
Ұлы дала шақырады алдан
Таусылмайтын шексіз жолдарым арман
Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға
Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға

Түзу түзу көшені
Жүріп өткен кешегі
Қиял ойым кешеді самғап ау

Жүрегімде таң күлсін
Көне жолдар жаңғырсын 2 рет
Өз таңбасын қалдырсын жолдар

Қ-сы
Қ-сы

Другие песни исполнителя:

  • Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.
  • Қайырмасы: Қазақстаным жерім байтағым, Ән айтсамда шырқап сен деп айтамын. Жан жүрегімді жүрген тербетіп, Мәңгі менің сенсің байтақ Отаным. Ауыл қандай көркем, ауыл қандай желкен, Суың қандай тәп-тәтті балдай. Атың қандай әсем, халқың қандай көсем, Қасиетті атамекенім. Саған еркеледім, қандай көркем едің, Жүрегімде жүрсің Қазақстан елім! Қайырмасы: Қазақстаным жерім байтағым, Ән айтсамда шырқап сен деп айтамын. Жан жүрегімді жүрген тербетіп, Мәңгі менің сенсің байтақ Отаным. Маған ыстық мекен, топырағың бекен, Аңсауменен жүрем өзіңді. Әр-бір таңым өткен, сияқты бір көктем, Сен деп ашам мәңгі көзімді. Саған еркеледім, қандай көркем едің, Жүрегімде жүрсің Қазақстан елім! Қайырмасы: Қазақстаным жерім байтағым, Ән айтсамда шырқап сен деп айтамын. Жан жүрегімді жүрген тербетіп, Мәңгі менің сенсің байтақ Отаным.
  • Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда. Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың. Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың. Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың. Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың.
  • Зымырап өте шығар-ау жалған лезде Өшпестен көленкең мен бала кезден Тағдыры талайлардың-оу төгесілді Арманға қол созымдай қалған кезде Әттең-оу өткен-ай Оралмайтын жастық көктем-ай Өтпелі-ай Сол көктемнің көңіл кеткені-ай Жан білмес бұл өмірдің-оу заңы қандай Белгілі беделі жоқ сағымдардай бел Өмірге есік ашсаң-оу таң алдында Сол есік кеш батқанда жабылғанда-ай бел Әттең-оу өткен-ай Оралмайтын жастық көктем-ай Өтпелі-ай Сол көктемнің көңіл кеткені-ай Мүмкін ба-ай мүмкін ба-ай Қайтаруға қайта сол күнді-ай Шіркін-ай табу қиын өмір кілтін-ай Шіркін-ай табу қиын өмір кілтін-ай Шіркін-ай Шіркін-ай