Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Махаббат майданы»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,
Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам.
Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
Жүрегімде басталды бір майдан.


[Қайырмасы]
Перзентісің гүлім,
Махамбеттің жырын,
Тудырған ұлы өлкенің.
Аямашы құрбыңнан көркемім,
Жүрегіңнің бар нұрын.
Жанарыңда сенің
Жатыр екен менің тағдырым.


Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып,
Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық.
Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем,
Кешігем деп ойламайсың неге?


[Қайырмасы]
Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,
Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.
Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,
Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.

Другие песни исполнителя:

  • Ауылда өстім, Шаңына аунап, еркелеп Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек Асығып алдан бақытым күтіп тұрғандай Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы, Жолдарын жуған нөсерлі жылы жауыны Бәрі де ғажап Сағынған кезде бірақ та, Аңсарым ауып, іздедім сені ауылым Қайырмасы: Ауылым, аңсадым, Аппақ таңыңды Тұнық кешіңді, алма бағыңды Өзіңе барып, қуып сағымды, Іздеймін бала, балғын шағымды Достармен бірге саялап сая-бақтарын, Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды Жадырап, жайнап, өтсе де жарқын күндерім, Ауылды аңсап, жаныма сая таппадым Қайырмасы: Ауылым, аңсадым, Аппақ таңыңды Тұнық кешіңді, алма бағыңды Өзіңе барып, қуып сағымды, Іздеймін бала, балғын шағымды Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа, Өзіңді іздеп, кеттім ауылдан жыраққа Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне Ауылға туған жетпейді екен бірақ та
  • Мариям Жагор деген орыс қызы, Он алты, он жетiге келген кезi, Қазаққа Дудар деген ғашық болып, Сондағы Мәриямның айтқан сөзi! Қайырмасы: Дударари-дудым, Бiр сен үшiн тудым! Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедiң бе, Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе. Жерiңе уағда айтқан келмей қалып, Мәриям заты орыс деп сенбедiң бе? Ащыкөл, Тущыкөлдiң арасы бiр, Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр Дудар-ай, келер болсаң тезiрек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр. Қайырмасы. Қолында Мәриямның өткiр қайшы, Қағазға Мәриям аты жазылсайшы. Қор болып бiр жаманға кеткенiмше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
  • Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
  • Біздің ағай қызық тамаша Қызығы бар сан жетпейді санаса Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық Томпаң қағып жүгіреді балаша Жеңгей кетсе қыдырып Кеш келеді күн жүріп Ағай үйде отырады Шылпылдатып кір жуып Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды Жамандауға тіл ауызы бармайды Қалай ғана мақтамасын жеңешем Мұндай адам мұндай адам дүниеден таппайды Жеңгей кетсе күн ұзап Дүкен кезіп зар илеп Ағай үйде отырады Кеспе кесіп нан илеп Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Үй иесіне мойнымызды бұрмадық Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып Кел жігіттер сеп болайық әйелге Аз да болса азда болса осы ағайдан үгі алып Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша