Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Біздін агай тамаша»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Біздің ағай қызық тамаша
Қызығы бар сан жетпейді санаса
Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық
Томпаң қағып жүгіреді балаша

Жеңгей кетсе қыдырып
Кеш келеді күн жүріп
Ағай үйде отырады
Шылпылдатып кір жуып
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды
Жамандауға тіл ауызы бармайды
Қалай ғана мақтамасын жеңешем
Мұндай адам мұндай адам дүниеден таппайды

Жеңгей кетсе күн ұзап
Дүкен кезіп зар илеп
Ағай үйде отырады
Кеспе кесіп нан илеп
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Үй иесіне мойнымызды бұрмадық
Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып
Кел жігіттер сеп болайық әйелге
Аз да болса азда болса осы ағайдан үгі алып

Сенбесеңдер сөзіме
Қараңдаршы жәй байқап
Ағай отыр әнекей
Құрт қйнатып май шайқап
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Сенбесеңдер сөзіме
Қараңдаршы жәй байқап
Ағай отыр әнекей
Құрт қйнатып май шайқап
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Другие песни исполнителя:

  • Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Өлімдей боп өртенем оооооооооу. Көрді аспан, көрді көк. Өнегемдей көркем ед! Айтылмаған ертегі ед, Үйден кеткен ертерек. Кайырмасы: Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Сырсыз атқан аппақ таң, оооооу! Жұлдыз сөнбей жатпаған, Көктем болса жүрегім, Көңілімде ат боран, Сол шақты іздеп таппаған. Көп нәрсені аңдаған, оооооу! Қия көкке самғаған. Уақытқа да таң қалам, Көз жасымдай тамбаған Бүгін барі-ей ән маған! Кайырмасы: Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым.
  • Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? Жеріңе уағда айтқан келмей қалып, Мариям заты орыс деп сенбедің бе? Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. Басыңа камшат бөрік жарасып жүр. Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр. Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Қолында Мариямның өткір қайшы. Қағазға Мариям аты жазылсайшы. Қор болып бір жаманға кеткенімше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
  • Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.