Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ауылым Ансаган»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Ауылда өстім,
Шаңына аунап, еркелеп
Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек
Асығып алдан бақытым күтіп тұрғандай
Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп

Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы,
Жолдарын жуған нөсерлі жылы жауыны
Бәрі де ғажап
Сағынған кезде бірақ та,
Аңсарым ауып, іздедім сені ауылым
Қайырмасы:
Ауылым, аңсадым,
Аппақ таңыңды
Тұнық кешіңді, алма бағыңды
Өзіңе барып, қуып сағымды,
Іздеймін бала, балғын шағымды

Достармен бірге саялап сая-бақтарын,
Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды
Жадырап, жайнап, өтсе де жарқын күндерім,
Ауылды аңсап, жаныма сая таппадым

Қайырмасы:
Ауылым, аңсадым,
Аппақ таңыңды
Тұнық кешіңді, алма бағыңды
Өзіңе барып, қуып сағымды,
Іздеймін бала, балғын шағымды
Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа,
Өзіңді іздеп, кеттім ауылдан жыраққа
Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне
Ауылға туған жетпейді екен бірақ та

Другие песни исполнителя:

  • Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Өлімдей боп өртенем оооооооооу. Көрді аспан, көрді көк. Өнегемдей көркем ед! Айтылмаған ертегі ед, Үйден кеткен ертерек. Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Сырсыз атқан аппақ таң, оооооу! Жұлдыз сөнбей жатпаған, Көктем болса жүрегім, Көңілімде ат боран, Сол шақты іздеп таппаған. Көп нәрсені аңдаған, оооооу! Қия көкке самғаған. Уақытқа да таң қалам, Көз жасымдай тамбаған Бүгін барі-ей ән маған! Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым.
  • Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.
  • Өмір жолы Өмір жолын мен жүрдім.. Оңай емес... Өткердім талай жарыс, Талай белес... Қаншама сүрінсем де, құламадыыыым. Алдым да арман тұрды арайлы елес. Алам деп биіктерді асқарларды, Үйрендім мен өмірден жасқанбауды. Ар- намыс- қос қанатым талмай самғааааап, Жүрегім- аңсаған құс аспандауды. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған. Өмір жолын мен жүрдім сан- салалы, Кім білсін, белестер бар қаншама әлі. Сенемін тек , арманым , алдамайды, Ол мені құшақ жайып қарсы алады. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған. [қ-сы] Өмір жолы - Достармен табыстырған, Өмір жолы - жүйрікпен жарыстырған. Өмір жолы - сүйдірген, сүйікті еткен, Өмір жолы - өмірмен табыстырған.