Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Салқын салқын»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сезім баурап алдын жаулап
Шаттыққа толды әр қадам
Біз таныстық сезім ыстық
Құлап кетеді ортадан
Сылқым сері бір күндері
АЯ соқты арқадан
Күттім сенім сені көрдім
Сағынышы тарқаған

Қайырмасы:
Үміт толы әр күнім-ай
Сен қайдасың алтыным-ай
Көңіл күмән дала туман
Сары күздің салқыны-ай
Салқын салқын далада тұр
Жаным жаурап жағада тұр
Екеуміздің неге арамыз
Салқын болып бара жатыр

Есік қақтым кім бар кім жоқ
Жүрегінде құлып тұр
Сені іздеген бір көк бөрі
Айға қарап ұлып тұр
Мен ақ қайың тұла бойым
Сан жапырақ төгіп тұр
Уақыт алдап бір бір талдап
Жапырығымды жұлып жүр

Қайырмасы:
Үміт толы әр күнім-ай
Сен қайдасың алтыным-ай
Көңіл күмән дала туман
Сары күздің салқыны-ай
Салқын салқын далада тұр
Жаным жаурап жағада тұр
Екеуміздің неге арамыз
Салқын болып бара жатыр

Другие песни исполнителя:

  • Қаракөз қайда ақжай жай Өткен күндерім мазалайды Салмашы құрықтымын сағыныш бұл Кімдер жайлы жүр есімде сол Самғаған күндер көптен бізде Сол махаббатты жоғалған кім іздер қайырмасы: Бірі сен бірі мен Екі тал жас ақты көздерімнен Болмады қаламады бақыт кетті бізден Қорғады біз көктем Екі жұлдызбен көкте сөнген Болмады қала алмады Бақыт кетті бізден Алып келді бір күн жаным Түсінбестік жарылысқа жазасына Ол соның жанды сағыныштан Біз қалай ғана бір бақтың ішін саяладық кеш енді бәрі кеш бақытты аямадық қайырмасы: Бірі сен бірі мен Екі тал жас ақты көздерімнен Болмады қаламады бақыт кетті бізден Қорғады біз көктем Екі жұлдызбен көкте сөнген Болмады қала алмады Бақыт кетті бізден Бұл бақшаларда бір заманда Шоқ шоқ қызғалдақ лаулап Бөтен жандардай жүрміз біз мұнда Боолдық бейтаныс Не себептен айырылды жолдар қайырмасы: Бірі сен бірі мен Екі тал жас ақты көздерімнен Болмады қаламады бақыт кетті бізден Қорғады біз көктем Екі жұлдызбен көкте сөнген Болмады қала алмады Бақыт кетті бізден
  • Бұл жолы дауылсыз Күліп келді сәуір Үмітім де үлкен Көңіл-күйім тәуір Болса да гүл көктем Күнді аңсап бірге өткен Маған сенсіз қиын Маған сенсіз ауыр [Қайырмасы] Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған Шомылайын егер сен қаласаң Шуаққа сенен ғана шашылған Көңілім көк аспандай жайнасын Жауыны жаңа жауып басылған Сен болсаң, бақытқа Бөленеді үйім Болмасаң жанымда Жоғалады күйім Кел бірге көрейік Жаратқанның сыйын Маған сенсіз ауыр Маған сенсіз қиын [Қайырмасы] Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған Шомылайын егер сен қаласаң Шуаққа сенен ғана шашылған Көңілім көк аспандай жайнасын Жауыны жаңа жауып басылған
  • Мұң өмір шынын айтқанда Күте алмай құстар қайтқанда Ойланып достар жатқанда Бас тарттын өзгеруден сен Кездескен сары алтын бақта Ұяндық билеген шақта Айтпаған сөздеріме Өкінген кездерімде Түсіндін көздерімнен сен [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Бір күн күткенмін тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Жүректің оттығы сенен Сен болсан мұз жарды кемем Сен барда түспеймін төмен Қайтадан мен саған сенем Бұл әнді ғұмырда аз қып Жұлдызбен мен көкке жаздым Өмірде артты тұман Адаспай бақытымнан Өзіңмен бір болсам дедім [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем Бір күн тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем бір күні тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын
  • Кім бар сендей сұлулығы асқан Шұғыласын бар ғаламға шашқан Байқадың ба өзің жүрген жерлер Бұлттан кейін ашылғандай аспан Қайырмасы: Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей әппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге Бір күн шыдап жүрегімде арман Сені амалсыз ұшырамын қолдан Кім бар мендей ыстығыңа күйіп Кім бар мендей аязыңа тонған Қайырмасы: х3 Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей әппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге Бұйырасың біле алмадым кімге
  • Есейдім бе балалық жоқ байырғы Ұқпай жүрмін өз-өзімнің ойымды Тағдырымнан бақытымды сұрасам Тағдыр айтты сенің мекен-жайыңды Қайырмасы: Қатты сағындым Арасында адастым тәтті сағымның Мен түгілі сабыры кетті сабырдың Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның Қатты сағындым Жүзің түгілі есіміңнің түсі аппақ Соны естісем көкірегімнің іші аптап Көркіңді көрмей кетсе көздерім Жылайды ылғи жүрегімді құшақтап Қайырмасы: Қатты сағындым Арасында адастым тәтті сағымның Мен түгілі сабыры кетті сабырдың Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның Қатты сағындым Жұмбағы мол Жер шарынан іздеген Саф алтыным жанымда екен бұрыннан Жарығым-ау бір адамбыз біз деген Бірақ, бірақ екі анадан туылған