Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жүз әнім»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Көздеріңнің мөлдірлігі
Көлдей көркем, теңіздей терең
Өмірімнің болдың гүлі
Көзімді ашсам, сені іздей берем
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас

Қайырмасы:
Өзіңе арналатын бар
Жүз әнім, жүз әнім
Сен үшін қамал
Бұзамын, бұзамын
Есімін басқа
Қыздардың, қыздардың
Жүрегімнен сызамын
Бақытым боп менің ғана
Жүр жаным.

Қабақ түйіп бұлданба сен
Күлсең жаздың көрдім жылуын
Гүл майысып тұрғанда сен
Аңсамаймын қордың сұлуын
Құшағымда балқыдың алтыным
Сезімге ешкім шек қоя алмас
Мен сол кезде шалқыдым, қалқыдым
Ғашық жүрек тоқтай алмас

Другие песни исполнителя:

  • Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын қаптаса да алтынмен Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен Сұлулықты іздемеймін әркімнен Бар сұлулық мінезіңде ол сенің Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Қайырмасы: Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Сүймегеннің кеудесінде салқын дем Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді Ондай жылу сезінемін ал кімнен
  • Төбемізде тынықтың Көздеріңнен сыр ұқтым Бал әнің мен баурадың! Жанарың мен жылыттың Әппағым ау, Әппағым Таңғышықтай тұнықсың Қарақат көз қылықтым Әй қылықтым ооооо Әппақ маралым, Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені, бал әнім. Маралым менің, маралым. Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені, бал әнім. Сені өмірлік серігім Алдамайды сезімім Жарақ кетпе жанымнан! Жылатпа сен, мені мұң Гүлдей нәзік ажарлым Күндей нұрлы көңілің Еркелеген елігім Ей елігім! Әппақ маралым, Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені,бал әнім. Маралым менің, маралым. Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені,бал әнім.
  • Сен мені түсінбедін, түсінбедін Көзімнен кетпей қойдау мүсіндерің Жанардың моншақтаған жастарынан Сағыныш мұңды бопты үзілмеді [Қайырмасы] Сен менің тыңдамадың жырларымды Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Сен мені түсінбедін, түсінбедін Жанымды жаралады үнсіз менің Далада жалғыз қалған қарақшыдай Өзіңсіз кімге керек күрсінгенім [Қайырмасы] Сен менің естімедін жырларымды Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Таныс аула, таныс үй құшақ жайды Білмейсін ғой сүйіктім біздің жайды Сен екеуміз өсірген әппақ қайын Ұмытпа деп біздерді сыңғырлайды [Қайырмасы:] Сен менің естімедін жырларымды Өзіңе ақтарушы ем оу оу оу сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Сен менің елендеген бір бейнені мммм Білмеймін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН
  • Жолықпай жүрді жол қарағанмен Кезікті бір жан жолым болып Ұрланып тұрып бір қарағаннан Маңайым кетті гүлге толып [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын. Тулайды жүрек тулайды келіп Арнама сыймай ағылып жыр Қиялымдағы періште бейне Аңсатпай менің қасымда жүр [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын.
  • Сен мұз таудай тоң болмасаң Бір көрінші ең болмаса Ай күлмейді балқымайды Жай гүлдерде толқымайды Жанымда сен болмасаң қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға Сен келер деп сан шыдадым Көз сағыныш тамшылары жай жанымнан жырақтаттым қай мекеннен тұрақ таптын Сағындым келші жаным қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға