Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жақында маған»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сені ғана ойлайтын
Сен деп қана сайрайтын
Жүрегіңде ойнайтын
Махаббаттың күйі болайын
Аңыз болған жастардай
Бақыт құшақ ашқандай
Жаным деші жасқанбай
Жақында маған сүйіп алайын

[Қайырмасы]
Ұмыта көрме ұнатып алып
Мұңайта көрме жұбатып алып
Қирата көрме құлатып алып төзімді
Жасыта көрме жібітіп алып
Жоғалта көрме жуытып алып
Суыта көрме жылытып алып сезімді


Сені сүйер кім мендей
Сенсең соны білгендей
Сағындырып үлгермей
Жаныңда жаным жиі болайын
Асау сезім басылмай
Көзің ойнап жасындай
Тілегіңді жасырмай
Жақында маған сүйіп алайын


[Қайырмасы]
Ұмыта көрме ұнатып алып
Мұңайта көрме жұбатып алып
Қирата көрме құлатып алып төзімді
Жасыта көрме жібітіп алып
Жоғалта көрме жуытып алып
Суыта көрме жылытып алып сезімді

Другие песни исполнителя:

  • Иманмен ұят арғап ай Кешірші мені қарғамай Күлдірейін деп ойлап ем Жылатып алдым аңдамай [Қайырмасы] Кешірші жаным кешірші Кешірші деуім нешінші Дірілдеп балдай ерінің Кешірдім жаным, Кешірдім бәрін десеңші Кешір деп саған айтамай Қайталай берем қайталай Бүлініп кеткен түк те жоқ Сүрініп кеттім байқамай [Қайырмасы] Кешірші жаным кешірші Кешірші деуім нешінші Дірілдеп балдай ерінің Кешірдім жаным, Кешірдім бәрін десеңші Қазақ қызындай қадірлі Бойыңда сенің бар үлгі Емдеймін деп абайсыз Ауыртып алдым жаныңды [Қайырмасы] Кешірші жаным кешірші Кешірші деуім нешінші Дірілдеп балдай ерінің Кешірдім жаным, Кешірдім бәрін десеңші
  • Жолықпай жүрді жол қарағанмен Кезікті бір жан жолым болып Ұрланып тұрып бір қарағаннан Маңайым кетті гүлге толып [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын. Тулайды жүрек тулайды келіп Арнама сыймай ағылып жыр Қиялымдағы періште бейне Аңсатпай менің қасымда жүр [Қайырмасы] Олай дедім бұлай дедім Еркелесе шыдай бердім Жан-жағына нұрын шашып Жерде жүрген күн-ай көрдім Мекен-жайын сұрап қалдым Ебін тауып гүл апардым Мөлдір көзді сол бір қызды Бір көргеннен ұнатқанмын.
  • Сезім баурап алдын жаулап Шаттыққа толды әр қадам Біз таныстық сезім ыстық Құлап кетеді ортадан Сылқым сері бір күндері АЯ соқты арқадан Күттім сенім сені көрдім Сағынышы тарқаған Қайырмасы: Үміт толы әр күнім-ай Сен қайдасың алтыным-ай Көңіл күмән дала туман Сары күздің салқыны-ай Салқын салқын далада тұр Жаным жаурап жағада тұр Екеуміздің неге арамыз Салқын болып бара жатыр Есік қақтым кім бар кім жоқ Жүрегінде құлып тұр Сені іздеген бір көк бөрі Айға қарап ұлып тұр Мен ақ қайың тұла бойым Сан жапырақ төгіп тұр Уақыт алдап бір бір талдап Жапырығымды жұлып жүр Қайырмасы: Үміт толы әр күнім-ай Сен қайдасың алтыным-ай Көңіл күмән дала туман Сары күздің салқыны-ай Салқын салқын далада тұр Жаным жаурап жағада тұр Екеуміздің неге арамыз Салқын болып бара жатыр
  • Адамға ұқсайтын аққуым едің Жүрегімді мекендеген Бал қосқан шәрбаттай тәттім менің Шың бақытты етемін деген Бір сиқырмен байлап алдың Түсіресін куүйге қандай Сені бір сәт ойламауды Қойдым ғой үйрене алмай [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін Өзің деп ойянам енді әрқашан Талай уақыт әлі өтер Жұмыр жер бетінде сен болмасаң Басқасының бәрі бекер Адаспаған бақытынан, ақ арманын ұрлатпаған Жалғанның бар жақұтынан Кірпігің қымбат маған [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге
  • Төбемізде тынықтың Көздеріңнен сыр ұқтым Бал әнің мен баурадың! Жанарың мен жылыттың Әппағым ау, Әппағым Таңғышықтай тұнықсың Қарақат көз қылықтым Әй қылықтым ооооо Әппақ маралым, Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені, бал әнім. Маралым менің, маралым. Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені, бал әнім. Сені өмірлік серігім Алдамайды сезімім Жарақ кетпе жанымнан! Жылатпа сен, мені мұң Гүлдей нәзік ажарлым Күндей нұрлы көңілің Еркелеген елігім Ей елігім! Әппақ маралым, Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені,бал әнім. Маралым менің, маралым. Маралым оттай жанарың, Жанарың нұрлы жамалың Қаладым сені,бал әнім.