Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Астана»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күн өткен сайын дамып
Бақытқа бағыт алып
Қалықтай бер қырандай қанат қағып
Есілдің бойын жайлап
Бағыңда бұлбұл сайрап
Күн кеше бер бойыңда намыс қайда

[Қайырмасы:]
Астана, арайлаған ақ таңым
Бас қала еліміздің мақтаны
Тәуелсіз қазағымның тәтті әні
Гүлдене бер Астана

Ертеңгі күнің жарқын
Тілеймін соны әр күн
Аман болсын көңілі дархан халқым
Жастарға жалын бердің
Болашағыңа сендім
Жүрегі сен қазақтай қайсар елдің

[Қайырмасы:]
Астана, арайлаған ақ таңым
Бас қала еліміздің мақтаны
Тәуелсіз қазағымның тәтті әні
Гүлдене бер Астана

Другие песни исполнителя:

  • Ғажайып ғаламға осындай адамға Бақыт бар байқасам мағанда сағанда Байқаған жанарға арайлы таңдарда Шашылған шуақ бар жеткізер арманға Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені Әр өткен күндерде әр өткен түндерде Адамға лайық бақыт бар білгенге Ей асыл адамзат боларма шапағат Осынау әлемде болмаса махаббат Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені
  • 1. Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған, Сен — армансың, жанарымда нұрланған. Алып ұшқан, ақ жүрегім адасып, Сағыныштан сарғаяды бұл жалған. Суық көзде мұң басады еңсемді Үмітті үзбей, сағынышым келші енді. Қайырмасы: Сен… Сен… Сыңары жан жүректің. Ардағым ең, сағына күткен, Арманым ең, бағыма біткен. 2.Сен — армансың, қиялыма жасырған, Сен — сезімсің, тамырымда тасынған. Сенің әнің, сенің жаның тұп — тұнық, Жаралғандай менің мөлдір жасымнан. Тектім болды, бара жатыр мендік мұң Сертің беріп, «сүйем» десең сендікпін. Қайырмасы: Сен… Сен… Сыңары жан жүректің. Ардағым ең, сағына күткен, Арманым ең, бағыма біткен… Сен… Сен… Сыңары жан жүректің, Сен… Сен… Жылуы таңғы лептің. Ардағым ең, сағына күткен, Арманым ең, бағыма біткен...
  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.
  • Әжімімен жылдар жарысқан Ана сені балаң сағынды Тілеуіңді тілеп алыстан Ақ жібіңе түйдің жаныңды [Қайырмасы] Қоңырау соқ аналарыңа Хабар күтіп уайымдамасын Қоңырау соқ әкелеріңе Кірпігіңді уайым шалмасын Сағынышқа толы жүрегің Бізді сақтап дұға тілегі Қуанса әкем ғалам қуанар Анам күлсе әлем күледі Мен сүрінсем көңілің түсті Мені ойлап әке ауырма Бар төзімдей тірегім күшті Ала алмайды ешбір дауылда [Қайырмасы] Қоңырау соқ аналарыңа Хабар күтіп уайымдамасын Қоңырау соқ әкелеріңе Кірпігіңді уайым шалмасын Сағынышқа толы жүрегің Бізді сақтап дұға тілегі Қуанса әкем ғалам қуанар Анам күлсе әлем күледі Қоңырау соқ аналарыңа Хабар күтіп уайымдамасын Қоңырау соқ әкелеріңе Кірпігіңді уайым шалмасын Сағынышқа толы жүрегің Бізді сақтап дұға тілегі Қуанса әкем ғалам қуанар Анам күлсе әлем күледі
  • Сен болмасаң бұл жалған Күнде уайым, күнде арман Айналайын, гүлiм бол Жүрегiмдi бiр жарған Сен болмасаң серiгiм Аялайды менi кiм Ертелi кеш сен жаққа Елеңдейдi көңiлiм Сен болмасаң тiрегiм Кiмге жылап күлемiн Жүрегiмде тiлегiм Алақанда жүрегiм Сенсiз мынау жалғанда Өтер ме едiм арманда Елжiрейсiң, балқисың Мен әнiме салғанда Сен арқылы жарығым Бақытымды таныдым Екеумiзге бiр ғұмыр Бере көршi Таңiрiм Сен болмасаң тiрегiм Кiмге жылап күлемiн Жүрегiмде тiлегiм Алақанда жүрегiм Сен болмасаң аяулым Кiмге құшақ жаярмын Сағынышты сазыңмен Жүрегiмнен жай алдың Сен болмасаң жанымда Жайқалмайды бағым да Менiң ғазиз тағдырым Сенiң ғана қолыңда