Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жар-Жар»
исполнителя Асан Пердешов.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Келе жатыр екі жас қарсы алайық жар-жар
Жар-жар айтып жастарға қол соғайық жар-жар
Ата-ананың аңсаған арманы бұл жар-жар
Ғашық болып екі жас қалғаны бұл жар-жар

Жар-жар айту халқымның өнегесі жар-жар
Кеңей берсін жас отау керегесі жар-жар
Той бұйырсын қызың мен ұлың барда жар-жар
Бар қазақтың тойы бұл ұғыңғанға жар-жар

Адам-Ата Хауа-Ана ұрпағымыз жар-жар
Жұбын тапты мінекей ұрпағыңыз жар-жар
Құда-жекжат қыз беріп, қыз алысқан жар-жар
Жарылардай жүрегі қуаныштан жар-жар

Келін алып, қыз беру міндетіміз жар-жар
Ата-салтын әрдайым үлгі етіңіз жар- жар
Шаңырағы отаудың биіктесін жар-жар
Екі ғашық өсекке ілікпесін жар-жар

Екі жасқа жабылып жол берейік жар-жар
Бәрімізде осындай той көрейік жар-жар
Махаббаттың қадірін біліңіздер жар-жар
Тату-тәтті сыйласып жүріңіздер жар-жар

Жаңа өмірге жетелер мына думан жар-жар
Арманыңа жете бер үміт қылған жар-жар
Екі елдің арасын қосып жатсың жар-жар
Жанұяның есігін ашып жатсың жар-жар

Жалғыздық тек жарасты бір Аллаға жар-жар
Артта қалған еліңе алаңдама жар-жар
Ата-Ананы сыйласаң бақ табарсың жар-жар
Баталары қабыл боп шаттанарсың жар-жар

Перзенттерің көп болып өсіп өнсін жар-жар
Сонда ананың қадірін түсінерсің жар-жар
Осы тойды қызықтап өткізейік жар-жар
Көпшілікке шүкір айт дескізейік жар-жар

Другие песни исполнителя:

  • Жанымды озиндей тусинбейди ешким Бар мунын жанымнын колдей гып кештин коз алдым туман боп адасып калсам жолдарын омирдин корсетпейди ешким Улги кыл акеннин ар изин балам Калмасын отелмей парызын балам осылай акылга салатын мени акылшым сен гана жалгызым анам созимнин биреуге мани жок мумкин ан жазсам анимнин жаны жок мумкин мен бугин анимди сен ушин айтам сен болып тусинер бариде бир кун Улги кыл акеннин ар изин балам Калмасын отелмей парызын балам осылай акылга салатын мени акылшым сен гана жалгызым анам Ан жазсам уйкысыз аткызып танды куанып козиннен тамшы жас тамды басыма ис туссе бари де кашты сен калдын анашым андерим калды Жылама анашым жылама бугин касында кулыннын касында улын мен бугин жыласам куанып жылаймын ан салып агамнын тойын да бугин,сен ушин инин
  • Көзіңнің қара тұңғиығына енейін енейін Өзіңнің ғана сөзіне жаным сенейін сенейін Қуанған сәтте жүрегін болып дүрсіл деп дүрсіл деп Қиналған сәтте тірегін болып демейін демейін Қ-сы Сүйем де тағы да сөзіне жаным сенейін сенейін Не көрсемдағы өзіңмен бірге көрейін көрейін Жанынды жаулап ақ самал болып көбейін көбейін Өзіңе арнап маржанның сөзің терейін терейін Көкткмдей көркем көркіңді гүлге теңейін теңейін Еліктей еркем еркімді саған берейін берейін Бұлақтай кәусар сезімнің дәмін тартқызып тартқызып Теңіздей шалқар шаттыққа сені бөлейін бөлейін Ашылып гүлдей сөндірсен мейлі сөнейін сөнейін қалайсың мені қалағанына көнейін көнейін Өзің деп соққан таба алмай тоқтап кеудемде жүрегім Сен керек десен кеудемнен жұлып берейін берейін
  • АПА БҮГІН МЕН САҒАН БІР СЫР АЙТАЙЫН, БІР СЫР АЙТЫП КӨҢІЛІҢДІ БІР ҚУАНТАЙЫН. АПА МЕНІҢ ҰНАТҚАН ҚЫЗЫМ БАР ЕДІ, РҰҚСАТ БЕРШІ СОЛ ҚЫЗДЫ АЛЫП ҚАЙТАЙЫН қайырмасы: АПА ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ҚАП ҚАРА ТҰНЫҚ, АШУЛАНЫП ҰРЫССАМДА ТҰРАДЫ ОЛ КҮЛІП, АПА ҮЙГЕ СОЛ ҚЫЗДЫ КЕЛІН ҚЫЛАЙЫҚ ТАҢЕРТЕҢНЕН СӘЛЕМ САЛЫП ТҰРСЫН ИІЛІП АПА ОНЫҢ СӨЗДЕРІ ТӘП ТӘТТІ ШЕКЕР ОЛ СӨЙЛЕСЕ КӨҢІЛДЕН ҚАЙҒЫ МҰҢ КЕТЕР ШАШЫ ҰЗЫН ҚЫЗДАРДЫ ҰНАТУШЫ ЕДІҢ ҒОЙ АПА ОНЫҢ ШАШТАРЫ БЕЛІНЕН ӨТЕР қайырмасы: АПА ОНЫҢ ШАШТАРЫ ҚАП ҚАРА ҰЗЫН ТАМАҒЫҢА ДӘМ КІРГІЗІП САЛАДЫ ОЛ ТҰЗЫН АҚ СУЫҢДЫ ҚАЙНАТЫП ШӘЙ САП КЕЛГЕНДЕ ӘЛІ ОНЫ КЕЛІН ЕМЕС ДЕЙСІҢ СЕН ҚЫЗЫМ ҚАМЫРЫҢДЫ ИЛЕЙДІ ТАБАҚҚА ҰН САП АПА ОНЫҢ ПІСІРГЕН НАНЫ ДА ЖҰМСАҚ АТ ТЕРЛЕТІП АЛЫСТАН ҚОНАҚ КЕЛГЕНДЕ МЕНІ ЕМЕС ОТЫРАСЫҢ СОЛ ҚЫЗДЫ ЖҰМСАП қайырмасы: АПА МЕНІ ОСЫ ҚЫЗ САЛДЫ ӘЛЕККЕ СОНДЫҚТАНДА ОТЫРАМЫН КҮНДЕ АГЕНТТЕ ЕГЕР АПА СОЛ ҚЫЗДЫ ҮЙГЕ АП КЕЛСЕМ УӘДЕ БЕРЕМ ОТЫРМАЙМЫН МҮЛДЕ АГЕНТТЕ
  • Жетті ғой көзім мәңгі емес екен ештеме, Мәңгі емес екен өмірдің шаттық күлкісі. Жарылып жүрек кетсе де, Түседі екен аспанның жарық жұлдызы. Қайырмасы: Шақырсам даусым жетпейді Сағындым сені жан әке. Елес боп көзін кетпейді, Сөздерін сенің бал әке... Сүріне қалсам өмірдің тайғақ жолында, Ақылынды айтып саларма едің жолыма... Қайтемін байлық дүниені, Жетпейді әке еш нәрсе сенің орнына... Қайырмасы: Өзінсіз өтті әркүнім, Шашылып көзден зар мұным. Алыстап кеттін жан әке, Анама артып нар жүгін. Сұм тағдыр бізді ес білмей бізді айырды, Түсінер кім бар қазіргі менің жайымды. Балапандарын қанат қақты, Арнаймын әке қабыл ал осы әнімді. Қайырмасы: Қыздарын әке бой жетіп, Ұлдарын әке ер жетіп. Ананың айтқан ақылын, Жүрміз ғой әке жыр етіп...
  • Қадірле ата-анаңды тірісінде Бірін бақ, бірін байлық ырысым де Алдында ата-ананың бағаланбас Алтынды гауһар жауһар күмісің де Анаңды аялай біл ақ сүт берген Төрт бөліп тәтті ұйқысын түн ішінде Әкеден қарғыс емес, алғыс алсын Жұмақтың жүрем десе кім ішінде Байлап бақ ата-анаңды жынды болса Бұл нақыл үлгі қызбен ұл үшін де Себебі дайын олар о бастан ақ Бала деп отқа түсіп, у ішуге Себебі дайын олар о бастан ақ Бала деп отқа түсіп, у ішуге Термелеп сөз айтамын саналық ей Бұрынғы өлмесін деп баба мұра Абайла ата-анаңыз налымасын Қаралы қайғы алмасын қабағына Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе Сыйлағын әкені де ананы да Ата ана не жасасын алдына сол Келеді деген мәтел баланы да Аялап алақанға сап өтпесен Жәннаттін исі бар ма танауына Ғаламның ғаламатын жиіп терсең Анаңның татымайды ау табанына Ғаламның ғаламатын жиіп терсең Анаңның татымайды ау табанына Жамағат жақсы білер жұма барған Өмірде артық жан жоқ ұлы анадаң Анаңды сыйла деген Пайғамбар да Қолына қасиетті Құран алған Тірі де төбемізге көтеріп жүр Шуақ боп шапағаты шығар алдан Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп Қашып ешкім құтылмас сұм ажалдан Сан соғып қалмағайсын ғасылдардан Басынан көшкен шақтан мына жалған Орыны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан Орыны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан Өсиет айтам жайсам жамағатты Керегін алалар кім саралатты Қараусыз қалдырып жүр ата-анасын Кебіреу жеткеннен соң балағатқа Күнәсін Құдай оның кешіре ме екен Қолғап соң надан дейтін жаман атқа Әлпештеп жүргендер бар ата-анасын Қайтейін қарашы елді ау қаралап та Солардын барлығына Тәубе дейміз Бақыттың басы дайын қанағатта Ағайын ата-ананы ардақтайық Сай болып адам дейтін саналы атқа Ағайын ата ананы ардақтайық Сай болып адам дейтін саналы атқа