Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ақ қар»
исполнителя Асан Пердешов.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Бүгiн мен құшамын аппақ қарларды
Тапқандай болып бip таптырмас арманды
Ақ қардың iшiнде елесiң сенiң
Кipшiксiз күлiмдеп биiкте самғады, биiкте самғады

Бар әлемге сыймайды жүректiң мұңы
Мен үшiн сен барда боран да жылы
Ақ қардың арасы отырмын үнсiз
Барады сөнiп үмiттiң гүлi, үмiттiң гүлi

Ақ қарлар қонғандай шашыңның иiciне
Барлығын оңай-ақ ұмытты дейсiңбе
Өзiңмен өткiзген қызықты күндердiң
Бәрiде есiмде бәрiде есiмде, әлiде есiмде

Кел бipге жасайық ақ қардан мүсiн
Аралап ақпанда ақ қардың iшiн
Ақ мамық ақ жүзiң елесiң болып
Барады ақ қармен қалықтап ұшып, қалықтап ұшып

Қар ерiп көктемнiң келерi анық
Бәйшешек гүлдерi бүршiгiн жарып
Тағатсыз күтемiн көктемдi менде
Келедi бip күнi бағымды алып, бақытымды алып

Аппақ қар барады қолымда ерiп
Қимаймын бipaқта барамын көнiп
Жаралы жүректiң табалмай емiн
Жазамын ақ қарды қағазға төгiп, қағазға келiп

Другие песни исполнителя:

  • Қызыл көйлек үстіне кигені Жарасып түр шашының түйгені Еркелейді даланың гүліндей Əттең-ай аттең бар екен сүйгені Қызыл көйлек ей қызыл көйлек Құлпырасың ортада гүл гүл билеп Қызыл көйлек ей қызыл көйлек Өмір өтер осылай дөңгеленіп Асау жүрек бағынбай еркіме Сүйген жүрек тұрады сертінде Ғашық болу жаралған жүрекке Əттең-ай əттең кездестім мен кімге Жалт қарадың ерекше көзіңмен Əн арнадым өртеніп сезіммен Кел билейік қалмайын арманнан Ғашық еттің мені қызыл көйлегіңмен
  • Қар жауады жапалақтап Сен есіме түскенде, Айрылмастай жүруші ек Сол бір кеште көшеде. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным. Өкінбеймін жыламаймын, Сен кетті деп басқамен. Көздің жасын бұламаймын, Мен де кеттім басқамен. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным. Мұңға толы жанарымды, Сезбедің-ау сен менің, Тым болмаса қоштасуға, Жаным,неге келмедің. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным.
  • Бүгін менің сүйген қызым жылайды Жылайды ол көзің жасқа булайды Өмірімнің артықсын сен жылама Өмір сенің көз жасына тұрмайды Сүйгенім өмір сенің көз жасына тұрмайды қайырмасы: Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Жылама сен жылама сен сүйгенім Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Сен жыласаң менде мұңлы күйдемін Сүйгенім жылама сен жыламашы сүйгенім Аңсағаным көздің жасын қимайды Көз жасы оның жанарына сыймайды Арамыздан кім өтті екен білмеймін Неге неге тағдыр бізді қинайды Сүйгенім неге неге тағдыр бізді қинайды Сені ойлаудан басқаға әзір жоқ ісім Тағдырымның қиын екен жолы шың Біз екеуміз қоштасып ек көктемде Маған көктем ұнамайды сол үшін Сүйгенім маған көктем ұнамайды сол үшін қайырмасы: Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Жылама сен жылама сен сүйгенім Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Сен жыласаң менде мұңлы күйдемін Сүйгенім жылама сен жыламашы сүйгенім қайырмасы: Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Жылама сен жылама сен сүйгенім Жаным жаным жаным жаным сүйгенім Сен жыласаң менде мұңлы күйдемін Сүйгенім жылама сен жыламашы сүйгенім
  • Құшағыңа мені қысып, Жылап жатсам жұбатасың ба? Әлде жаным басқа бақшада, Гүліңді ашып жылатасың ба? Көңілімді мың бір сұрақ, Жауап таппай жылап жатам. Жүрегіме салып құрақ, Сені ғана ойлап жатам. Ешкімге де айта алмаймын, Мен өзіңді сүйетінімді. Жүрегімді саған арнаймын, Біле тұра күйетінімді. Көз алдымда күнде жүрсең, Қайтем маған ұнайсың да! Сенен ұзап алысқа кетсем, Мені ойлап жылайсың ба? Сенен тастап алысқа кетсем, Сағынып сен жылайсың ба? Көңілімді мың бір сұрақ, Жауап таппай жылап жатам. Жүрегіме салып құрақ, Сені ғана ойлап жатам. Ешкімге де айта алмаймын, Мен өзіңді сүйетінімді. Жүрегімді саған арнаймын, Біле тұра күйетінімді.
  • Білмеймін көңілдің кілтін тауып алдың қалай ғана Күлімдеп қарсы алдымнан шыға бердің арайлана Алтыным сенің ғана сезіміңді бағалаймын Басқадан дəл осындай сезімді мен таба алмаймын Алтыным сезім нұрын сыйладың ай алтыным Сыйладың да қинадың ай алтыным Сені ешкімге қимадым ай алтыным Алтыным өміріме айналдың ай алтыным Жаны жайсаң жайдарым ай алтыным Қадіріңнен айналдым ай алтыным Өмірім күнімдей болып жайнамасаң сайрамасаң текке дейді Жүрегім өзіңсіз бір күнді де текке дейді Алтыным сен күлгенде мен күлгенде де шаттанайық Оны айтсаң əлі маған назы барда өкпелейді