Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Махаббат елі»
исполнителя Айкын Толепберген.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,
Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам.
Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
Жүрегімде басталды бір майдан.

[Қайырмасы:]
Перзентісің гүлім,
Махамбеттің жырын,
Тудырған ұлы өлкенің.
Аямашы құрбыңнан көркемім,
Жүрегіңнің бар нұрын.
Жанарыңда сенің
Жатыр екен менің тағдырым.

Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып,
Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық.
Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем,
Кешігем деп ойламайсың неге?

[Қайырмасы:]
Перзентісің гүлім,
Махамбеттің жырын,
Тудырған ұлы өлкенің.
Аямашы құрбыңнан көркемім,
Жүрегіңнің бар нұрын.
Жанарыңда сенің
Жатыр екен менің тағдырым.

Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,
Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.
Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,
Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.

Другие песни исполнителя:

  • Түсінбесенде сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдын Аһ ұрып жиі, сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындын Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тыныс екенсің менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, өртпін, жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Бірде келер байлық, билік дегенде. Бірде кетер тайып, тартып төменге, Қайғырмашы уайымдап, өзіңді өзің дайындап. Моймашы сынаққа, шын бақытқа бөленде. Байқамайсын кейде қонған бақытты, Бағаламай қолдағы ризық нәсіпті. Тастамашы досыңды, қашып кетпе амал қып, Дұшпаныңа қалама ешқашанда жамандық. [Қайрымасы:] Елдің тірегі, Елдің ақ тілегі, Тілегі даридаридай даридай Жастық шақта лаулап досым жалында, Басқа түссе жоқшылықтан тарынба. Алдаумен арбаумен мақтанбашы байлыққа, Имандылықпен қол ұшын бер бауырға. Сүрінбеші жалғап өмірдің көшін, Қуанып жүр көтеріп көңілдің көшін. Жаратқан ием қолдасын, жарылқай берсін, Адалдықтың ақ туын құлатпа досым... [Қайырмасы:] Елдің тірегі, Елдің ақ тілегі, Тілегі даридаридай даридай
  • Высоко в небо Улечу туда,где не был И души твоей касаясь, Ярким светом пролечу. Иногда мне снится Осень с запахом корицы. Где она ,сама не зная, Нежно нарушила мой сон. Припев Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи. Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи. Куплет Ты ласкаясь,говорила Сохрани мой талисман. Таинственная сила Он тебе любовью дан На тебе горят могилы Горе,грозы,ураган. Головы твоей,мой милый, Не спасет мой талисман. И богатствами востока Он тебя не одарит. И поклонникам пророка Он тебя не покорит И тебя на луну другом Отмечали чужестран Как это на север с юга Не увижу тебя там Припев Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи. Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи. Куплет Высоко в небо Улечу туда,где не был И души твоей касаясь, Ярким светом пролечу. Иногда мне снится Осень с запахом корицы. Где она ,сама не зная, Нежно нарушила мой сон. Припев Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи. Чтобы парить,не ведая страх Над облаками,там в небесах. Если захочешь только скажи Ты меня за руку крепче держи.
  • Жабығып қалғанымда, Таусылып талғамымда, Арыны бауыр мұңның Бір сәтке алдануға. Қайырмасы: Қасымда бір болатын, Жасысам сынға алатын, Жапанда жаяу қалсам , Аямас мінген атын. Көңілге нұр беретін, Өмірге бір келетін, Не көрсе бір көретін, Бір досым керек екен. Жалғыздық батқанында, Атпай бір ақ таңымда, Көңілім тұманданып, Құлазып жатқанында, Қайырмасы: Қасымда бір болатын, Жасысам сынға алатын, Жапанда жаяу қалсам, Аямас мінген атын. Көңілге нұр беретін, Өмірге бір келетін, Не көрсе бір көретін, Бір досым керек екен. Шаттығым кернегенде, Елге дес бермегенде, Шарықтап сөйлегенде, Қолыңды сермегенде. Қайырмасы: Қасымда бір болатын, Жасысам сынға алатын, Жапанда жаяу қалсам, Аямас мінген атын. Көңілге нұр беретін, Өмірге бір келетін, Не көрсе бір көретін, Бір досым керек екен.