Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сені ойлай»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Алыстап кетіп жаныңнан
Көзімнен моншақ ағады
Еседі бұл күн бағымнан
Сағынышымның самалы
Тербетіп әннің бесігін
Әлдилеп сені отырмын
Көңілден кетпес сезімін
Кеудемді мұңға толтырған

Қайырмасы:
Сені ойлай ойлай ойлай
Қиял теңізіне баттым
Суретіңне қарап тоймай
Жүрегімді үнсіз жұбаттым
Сені ойлай ойлай ойлай
Қиял теңізіне баттым
Суретіңне қарап тоймай
Жүрегімді үнсіз жұбаттым

Аққудай сынар жүрегім
Мекендеп мұңның айдынын
Сезімнің іздеп жүремін
Кезіксен құшақ жай күнім
Әнімді жалғап тандарға
Өмірде келем төзумен
Аңсаған аппақ арманға
Жетер ме ем жаным өзіңмен

Қайырмасы:
Сені ойлай ойлай ойлай
Қиял теңізіне баттым
Суретіңне қарап тоймай
Жүрегімді үнсіз жұбаттым
Сені ойлай ойлай ойлай
Қиял теңізіне баттым
Суретіңне қарап тоймай
Жүрегімді үнсіз жұбаттым
Жүрегімді үнсіз
Жүрегімді үнсіз жұбаттым
Сені ойлай...

Другие песни исполнителя:

  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...
  • Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады… Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні. Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Алмасып күнмен, көгімде ай қалады, Терезесінен көңілдің ай қарады, Тарыдай ғана жұмыр жер айналады. Мен емес, сені қара түн аймалайды, Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды, Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің?
  • Өткен күнді енді есіңе алма Қалауың өзге, мазалама Жүрегімді тек бір сені сүйген Жазалама, енді жазалама [Қайырмасы] Елес боп алдамшы, мазаламашы Айтқан сөзің, бәрі бекер Сезіміммен ойнап, мазаламашы Өкінбеймін, болды жетер Сүйем деме маған, қайта келме Өзгермейді ештеңе де Маған енді айта берме Уақыт сынақ, шаттық, болар қайғы Жүрегім шыдап амалдайды Сезім сағым тағы, тағы алдайды Ұмыт бәрін өткен оралмайды [Қайырмасы] Елес боп алдамшы, мазаламашы Айтқан сөзің, бәрі бекер Сезіміммен ойнап, мазаламашы Өкінбеймін, болды жетер Сүйем деме маған, қайта келме Өзгермейді ештеңе де Маған енді айта берме
  • Он сегіз мың ғаламдағы жерде Жер ішіндегі Қазақ деген елде Өмір сүрген менде Мен түгіл сенде қарапайым пенде [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кім сені кеп сынаса да сынба Шыдамыңмен жете аласың шыңға Жүрегіңді тыңда, ойды бөле мыңға Өмір өз қолыңда [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой
  • Бір жұлдыз сен деп ағып өтер. Бір ғұмыр өзін тәрік етер. Екеуміз бірге болмағаннан соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Күз өтіп көктем тағы жетер. Аққулар әнін салып өтер. Екеуміз бірге жүрмегеннен соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жаныңа сенің мәлім етер. Жасылдай көкті жарып өтер. Жүректің қайтем махаббатын. Жүрмесек бірге бәріде бекер. Атады жаздың таңы бекер. Жауады қыстың қары бекер. Екеуміз бірге көрмегеннен соң. Бәріде бекер,бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сені жылытар қайғым. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.