Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ақ құсым»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Іздедім мен өмір бойы өзіңдей қызды
Күлкің күміс сыңғырлаған ұйқымды бұзды
Нұрландырып бар мұңайды жадыратшы сен
Сенсіз өмір жапырақтай сарғайған күзгі
Сенсіз өмір жапырақтай сарғайған күзгі

Сезімдер баурады, еркімді алғандай
Көзімнен лаулады махаббат қандай
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен

Сен жимысаң ашық аспан күн нұрын төгеді
Сен мұңайсаң мұңаямын өзіңнен бетер
Көкке созсам қолым жетпес сен болсаң егер
Жырақтасаң бәрі бөтен, бәрі де бекер
Жырақтасаң бәрі бөтен, бәрі де бекер

Сезімдер баурады, еркімді алғандай
Көзімнен лаулады махаббат қандай
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен

Кездескенде көз жанарың өте бергенде
Екі жүрек гүлдей нәзік дірілдегенде
Кеудем толқып қуаныштан сені көріп алып ұшқан
Жүрегімді жарып ұшқан сезбедің неге
Сезбедің неге

Сезімдер баурады, еркімді алғандай
Көзімнен лаулады махаббат қандай
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен

Сезімдер баурады, еркімді алғандай
Көзімнен лаулады махаббат қандай
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен
Сенсің арман құсым, періште пәк мүсін
Тек жанымды түсінбейсің сен

Другие песни исполнителя:

  • Сені қалай ұмытайын Қызғалдақтай құлпырған Жайнап тұрсаң көз алдымда Сені қалай ұмытайын Қарайлаймын сенің Жансыз бейнеңе Айналайын айналайын Көздеріңнен көздеріңнен Күлмідеген күлімдеген Мөлдіреген мөлдіреген. Айналайын-3 рет Көздеріңнен көздеріңнен Күлмідеген күлімдеген Мөлдіреген мөлдіреген. Алаулайды нұрлы жүзің Шын бақытқа жеткендейсің Үмітімді өзіңменен Алып бірге кеткендейсің Айталмаймын жүректегі сырымды Біле алмадым білеалмадым бір сезімді Бір сезімді жанып өшкен Жанып өшкен сырларымды Сырларымды айналайын-3рет Көздеріңнен көздеріңнен Күлмідеген күлімдеген Мөлдіреген мөлдіреген. Кешір жаным кешір алсаң Өмір бойы мен қуанам Неге олай деп айтпаймын Егер мені сүйе алмасаң Қош бол енді менің Сүйген арманым. Көре алмаймын-2рет Көзім талып Көзім талып Мен қайтамын Мен қайтамын Ойға батып Ойға батып. Айналайын-3 рет Көздеріңнен көздеріңнен Күлмідеген күлімдеген Мөлдіреген мөлдіреген Айналайын-6 рет көздеріңнен.
  • 1.Бейнеңнің тек елесі мен Аралап ақ айдынды Жібектей өлең есіп ем Серік қып талай мұңды Көңілдің терезесінен Сығалап арай күлкі Өмірдің жеребесінен Жолымыз қақ айырылды қайырмасы: Сен барда ұмытқандаймын Өмірдің бар қайғысын Жанымды жылытқандаймын Кетсеңде шалғай құсым Сағымға бастап барады Сезімім сол шақтағы Жанардан жас боп тамады Сағыныш моншақтары 2.Жанымды жылытпаймын ба Қоштастық шіркін неден Сен жалғыз жүріп қайғырма Бар кінә мүмкін менен Мен сені ұмытпаймын да Жаныңа бір күн келем Сезімді құлыптаймын да Қолыңа кілтін берем
  • Әндерімді менің тыңдадын ба? Түндеріңді сенің ұрладым ба? Өзімді өзің жайлы сезінбей Ойласың ба мені көз ілмей? Түн жарымда.. Қайырмасы: Жаралған жүрегің мен үшін білемін, Шырқай бер тілегім, тыңдата алмай. Күйсең күйем, сүйсең сүйем, Ләззат алам, тыңдасан сен мені тағыда. Тәкаппар жүрек ұнайды ма? Жаныңа мені сұрайды ма? Мезгілсіз менің мазамды алмашы. Айдан да сұлу аяулым-ай, Көңілім менің баяғыдай, Сен маған алаң болма. Қайырмасы: Жаралған жүрегің мен үшін білемін, Шырқай бер тілегім, тыңдата алмай. Күйсең күйем, сүйсең сүйем, Ләззат алам, тыңдасам сен мені тағыда.
  • Желбіреп күн байрағы Мөлдіреп нұрлы аймағы балдай Арайлап атсын таңы Көгінде ақ сұңқары самғай Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Тірегі ұлы отанның Тілегі Нұр Отанның - шаттық Еңбегі Елбасының елі деп берді асылын бақыт Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Көз жетпес даласы бар Сөз жетпес қаласы бар көркем Шуақтағы ғасыр таңы Қуатты жас ұрпағы өлкем Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан
  • Арасында тұманның, Мен адасқан құланмын. Жақындама жыласам, Мен жаралы бір аңмын. Сағыныштың сан күні, Басылмаса жаңбыры. Жұбатам деп ойлама Ол да менің тағдырым. [Қайырмасы:] Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Мұңын шағып түнгі айға, Бөрі-жүрек тыңдай ма? Сүлейменнің жүзігін Қайта тағар күн қайда? Арман қалсын төсіңде Елес қалсын есінде. Кеткен бе едің қалдырып, Ойлар талап жесін деп. [Қайырмасы:] Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан.