Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Қазағым»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Әулие мен абызын
Бақыт қылған қазағым
Домбыра мен қобызын
Шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағын
Суат қылған қазағым
Тұлпары мен қыранын
Қуат қылған қазағым

қайырмасы:
Қазағым,қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

2.Отырса да есекте
Қасып толған қазағым
Аруына бесікке
Ғашық болған қазағым
Жазылмайтын уәдесі
Қазық қылған қазағым
Жазылмайтын кәдесін
Азық қылған қазағым


қайырмасы:
Қазағым,қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

3.Ақылы мен тақымын
Суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын
Ұмытпаған қазағым
Қара сөзден шешенді
Ескермеген қазағым
Елін сүйген көсемін
Қастерлеген қазағым

Другие песни исполнителя:

  • Құп көріп тәңір болумен әмір жаралып іште денеміз Өмірге біздер келеміз Ақ пенен қара бақ пенен нала күреске бірден енеміз Жеңілеміз де жеңеміз Қайырмасы Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер Жақсы да болсын жаман да болсын Ұяда нені көреміз ұрпаққа соны береміз Белгісіз бақыт байқатпай уақыт Аялдамаға жетеміз Тоқтайды сөйтіп кемеміз Қайырмасы 2х Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер
  • Сен мұз таудай тоң болмасаң Бір көрінші ең болмаса Ай күлмейді балқымайды Жай гүлдерде толқымайды Жанымда сен болмасаң қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға Сен келер деп сан шыдадым Көз сағыныш тамшылары жай жанымнан жырақтаттым қай мекеннен тұрақ таптын Сағындым келші жаным қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға
  • 1.Бірде шаттық, бірде мұң Өтіп жатыр күндерім Жүрегіммен бірмедін Сені іздеймін қарағым Өтіп жатыр жылдарым Ішімді өртеп сырларым Неге ұйқымды ұрладың Айсыз түннің алауы қ-сы: Толқын соғып жағаны, Сенбелейсің санасы Мен жүремін білдірмей Ішім оттай жанады Мұңға толы жанарың Аңсап бақыт аралын Махаббатым кеудемде жүректі өртеп барады 2.Өзің жоқсын оралған Сол арманың сол арман Қайтер екен жүректі Сағынышқа қамалған қ-сы: Толқын соғып жағаны, Сенбелейсің санасы Мен жүремін білдірмей Ішім оттай жанады Мұңға толы жанарың Аңсап бақыт аралын Махаббатым кеудемде жүректі өртеп барады
  • Кім біледі кім көрді Мен жоғалтқан күндерді Неге ұмытып қалдым мен Қайғы мұңсыз күлгенді Алаулаған таңдарды, манаураған түндерді Түн ішінде есіме түсірмейме бір белгі Сенсіз өткен әр күннен Сенсіз терген әр гүлден Елесіңді іздеймін Көздерінен таң күлген Жан дүнием қосылып Сенсіз жауған жаңбырмен Уақытымнан кешігіп өкініште қалдым мен Қайырмасы: Ешкімді сағынбаймын, Ешкімді іздемеймін, Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?! Неліктен кездеспедім, Өзіме жүрегімдей, Өзіме жүрегімдей жақын жанға Еріп кеткен ақ қардай Желіп өткен тоқталмай Жас дәуренім бір жерде Жасырынып жатқандай Сырғып өткен жылдардың Сырын кімнен тыңдармын Өтерме екем бір жанның Жүрегінде сақталмай Қайырмасы: Ешкімді сағынбаймын, Ешкімді іздемеймін, Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?! Неліктен кездеспедім, Өзіме жүрегімдей, Өзіме жүрегімдей жақын жанға
  • Аяулы жан ардағым ақылшым Мұң өмірде сендей мың әке Орындалып арманың бұл күнде Мен биікке өрлеймін әке Өзің берген әппақ қанатыңмен Мен самғаудан талмаймын әке Ақ тілегін сәби жүрегімнің Осы әнмен жолдаймын әке Қайырмасы: Жаным әке Баға жетпес байлығым бағым әкем Алтын арай шуақты таным әкем Жаным әкем Асыл әкем Жүзге жетсін аман сау жасың әке Арамызда аман жүр ғасыр әке, асыл әке Шын әкешім бәрі сенің арқан Биіктеде өстік біз көкте Сағынғанда менің асқар тауым Қуат алдым сенен іздеп кеп Жақсылығын бізге сан жетпейді Айта алмаймын бәрін тізбектеп Бір әкенің берген тәрбиесін Бере алмайды екен жүз мектеп Қайырмасы: Жаным әке Баға жетпес байлығым бағым әкем Алтын арай шуақты таным әкем Жаным әкем Асыл әкем Жүзге жетсін аман сау жасың әке Арамызда аман жүр ғасыр әке, асыл әке Қайырмасы: Жаным әке Баға жетпес байлығым бағым әкем Алтын арай шуақты таным әкем Жаным әкем Асыл әкем Жүзге жетсін аман сау жасың әке Арамызда аман жүр ғасыр әке, асыл әке