Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Өмір-өмір» исполнителя Ернар Айдар. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Бұл өмірдің қысының да жазының
Бәрін күту тағдырының жазуы
Көріп тұрып сан мың адам өтседе
Жинамаймыз ақыреттің азығын
Дүниеде таусылардай тасыған
Адамдарға қарап тұрып ашынам
Бұл жалғанда қалатындай мәңгілік
Және қайта бастайтындай басынан


[Қайырмасы]
Өмір-өмір
Бірге жүрген ғажабы да азабы
Өмір-өмір
Қайтарында жылататын базары
Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп
Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ


Көзің барма көремісін жарықты
Енді қара жанары жоқ әріпті
Бірін екі болмады деп 2014
Дүниеге тоймайтындар налыпты
Жер бетіне сыйыспаймыз бекер біз
Қонықпыз ғой сәл шыдасақ өтерміз
Дүние түгіл махаббатпен жинаған
Өмірді де қимай тастап кетерміз


[Қайырмасы]
Өмір-өмір
Бірге жүрген ғажабы да азабы
Өмір-өмір
Қайтарында жылататын базары
Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп
Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ


[Қайырмасы]
Өмір-өмір
Бірге жүрген ғажабы да азабы
Өмір-өмір
Қайтарында жылататын базары
Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп
Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
Поделиться: VK TG WA OK
Встроить на сайт

Другие песни исполнителя:

  • Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын қаптаса да алтынмен Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен Сұлулықты іздемеймін әркімнен Бар сұлулық мінезіңде ол сенің Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Қайырмасы: Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Сүймегеннің кеудесінде салқын дем Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді Ондай жылу сезінемін ал кімнен
  • Сенің осы қабағың-ай Қарақаттай жанарың-ай Жасандылық жасауға да Жасқанатын қарағым-ай Сенбейсің бе сенесің бе Сағынғанда келесің бе Сақтап жүрген жан бар деп біл Күндіз түні сені есінде Қайырмасы: Сүйем деші тағы мені Саған сырым мәлім еді Жүрегімнің сақтаушысы Жанымның дәрігері Сүйем деші тағы мені Сен деп салған әнім еді Бар дертіме дауа тапқан Жанымның дәрігері Ертеңгі күн елес арман Күтер қанша белес алдан Тағдырыма қарыздармын Сені маған бере салған Талайлардың арманысың Адал құсым алданышым Сен мұңайма ешқашан да Мені ауыртып алмау үшін
  • Құп көріп тәңір болумен әмір жаралып іште денеміз Өмірге біздер келеміз Ақ пенен қара бақ пенен нала күреске бірден енеміз Жеңілеміз де жеңеміз Қайырмасы Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер Жақсы да болсын жаман да болсын Ұяда нені көреміз ұрпаққа соны береміз Белгісіз бақыт байқатпай уақыт Аялдамаға жетеміз Тоқтайды сөйтіп кемеміз Қайырмасы 2х Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер
  • Күн сүйген мандайын Алатау баурайын Жайнаған ару шаһарлар Ажары талғайын базары әрдайым Қайнаған ару шаһарлар Көретін ақ таң нұрын Теретін бақтан гүлін Ғашықтар тапқан жұбын қалалар [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана Сағанда мағанда Ортақ бұл ғаламда Гүлден ару шаһарлар Жазира даламда Жанарған заманда Түрленген ару шаһарлар Әніме қосарымда Мауқымды басарымда Ұқсайтын қос аруға қалалар [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана Өркендеп өсе бер өсе бер нұрлана
  • Үнсіз ғана саған сөзбен тіл қатып Ойда жақты алдым еркімді ұрлатып Жүрегімді ояттың таңменен бірге атып Есіміңде бар сенің бір бақыт, Бір бақыт, мен күткен бір бақыт [Қайырмасы] Жаралама, абайла тек жүрегімді жаралама Махаббатты тым арзанға бағалама Сезім деген от бар арада Жаралама, сенсіз бағым бұл өмірде жана ала ма Сыңар керек аққу түгіл шағалаға Жаралама, жаралама Толықтырған сені көркем сәт мынау Көріктім, әсемім, ерке тәттім-ау Самғау үшін қасыңда қанат қақтым ау Талай іздеп расында, таптым-ау, Таптым-ау, мен сені таптым-ау [Қайырмасы] Жаралама, абайла тек жүрегімді жаралама Махаббатты тым арзанға бағалама Сезім деген от бар арада Жаралама, сенсіз бағым бұл өмірде жана ала ма Сыңар керек аққу түгіл шағалаға Жаралама, жаралама

Похожие исполнители