Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сары ала қаз»
исполнителя Нурболат Абдуллин.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сазға тағы оралды сарыала қаз
Сарша тамыз тағы да бола ма жаз
Күрiк басар ақ тауық күлге аунаса
Күнге қарап шақырар бала қораз

Тұтасқан бұлт айналып, ығысқанда-ай
Күн күркiрер батыстан, шығыстан да
Әжемнiң де баратын күнi туды
Алыстағы жатбауыр туысқанға-ай

Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай

Сарыуайым салудың не керегi
Көгередi, бәрi де көгередi
Көп досымды жоғалттым осы қыста
Келесi жаз, бiлмедiн, не бередi

Сарыала қаз оралды сазға тағы
Ақ тырналар аспанды-ау боздатады
Сұқсыр көкек тоғайдан сұңқылдаса
Қай-қайдағы мұңымды қоздатады

Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай

Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай
Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
Қызды ауылға күнiне қырық барып
Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай

Другие песни исполнителя:

  • Аттама адамдық пен ардан үнемі, Арайлап сонда алдыңнан таңда күледі. Адамдар көрсеткенмен басқаша кейіп, Ішінде не бар екенін Алла біледі. Қайырмасы: Өкініш ренішті жуытпай жанға, Бағындыр жүрегіңді үмітті ойларға. Жасаған жақсылықты ұмыту деме, Ұмытса ұмытсын адам , ұмытпайды Алла! 2рет Жүргейсің жақсылықтың күшімен алда, Кектенбе біреудің мінін есіңе де алма. Өзгенің қателігін кешіре білші, Сеніңде қателігіңді кешіреді Алла! Жақсылық жамылдырмас киелі арна, Жалғанда жаға көрме күйені арға. Бір беткеи ақиқатшыл шыншыл адамды, Сүимесе сүймесін адам сүйеді Алла! 2рет Алғыспен ақ бата ғой жанға керегі, Адамның адамдықсыз барма беделі. Жалғанда жаның қалап сұрағаныңды, Бермесе бермесін адам алла береді. 2рет
  • Жүрегім қойды ақылымды алмай Көрдім де сүйдім алансыз Сүйемін деуге батылым бармай Аған боп жүрмін амалсыз Жарасып жүріп жанымды осылай Сіз дегенінде маған сыз Мөп-мөлдір көзді қарындасым ай Мөлдір мұңымнан хабарсыз [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Сырт айналарда сырымды білсен Сыртыннан сүйдім сезілмей Мазалап жатқан мұңымды білсен Мезгілсіз келген мезгілдей Басқада жүр ме назарың мүлде Жас жүрек үні сөз жүрмей Мөлдір көзіңді қададын кімге Мөлдір сезімді көзге ілмей [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім
  • Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге, Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе? Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып, Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе? О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім!
  • Жүрегімді сүйіп жер айналардай Түр өңімді сүйіп желде ойнағандай Бірақ мені сен де сүйіп қалмашы Жақсы емеспін жаным сен Ойлағандай Жүрегің тым аппақ еді Емеспін бірақ дәмелі Өзіңе жақсы болмайды Ұнатпа мені Бәріне төзіп жүрегің Бәрін де сезіп жүр едің Ренжіме кімді сүйсем де Өзім білемін Білмейсің-ау мені тым жек көруді Басқа нанға көрсет құрметтеріңді Жол бермеймін саған мені сүйюге Сүюіңе рұқсат…
  • Анамның шайын ,құрт, қаймақ, майын, Ауылға барам сағынған сайын Бауырсақ ,наны дертіме дәрі Таңдайдан кетпес тарының дәмі. Әкемнің өзі көненің көзі Бір кітап маған бірауыз сөзі Төрт түлік малы даланың сәні Соғымын маған сақтап жүр әлі Сағындым ауылдастарды Сағындым бауыр- достарды Қиылып қарап тұратын Сағындым қарындастарды