Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Әкелердің Орны Бөлек» исполнителя Нурболат Абдуллин. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Әкелердің бөлек екен толғасы
Анамыздың жанашыры сырласы
Біздер үшін көп қиындық көрсе де
Көздерінен білінбейді мұң жасы
Біздер үшін көп қиындық көрсе де
Көздерінен білінбейді мұң жасы


Әкелердің бөлек екен намысы
Үйден шықса түздің болар тағысы
Сынаққа да сүрінбеуді үйретер
Бұлтты күндей күркіреген дауысы
Сынаққа да сүрінбеуді үйретер
Бұлтты күндей күркіреген дауысы


Әкелердің бөлек екен тілегі
Тілегінен байқалады жүрегі
Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр
Жау қайтарған бабалардың жігері
Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр
Жау қайтарған бабалардың жігері


Әкелердің орны бөлек расында
Оған жетпес ешбір байлық асылда
Бар кезінде бағалайық құрметтеп
Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда
Бар кезінде бағалайық құрметтеп
Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда

Әкелердің орны бөлек расында...
Поделиться: VK TG WA OK
Встроить на сайт

Другие песни исполнителя:

  • Махаббатқа жаным Мен қоямын нүкте Ұмытамын бәрін Қызық емес түкте Өткен өмір өткен Бұл кеткенім кеткен Енді мені күтпе Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Маған бәрі ұнайды Білем қиың саған Уақытымды алма Бақытымды табам Сенесің бе маған Тек естелік болып Мен есіңде қалам Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын
  • Жасырған менен сырың бардай Кетсең де мейлі гүлімді алмай Қылығың сенің шырын балдай Сүйкімді едің түрің қандай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін, Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған Бәрі де біздер қалағандай Жүректер еріс жараланбай Қалмасын сезім бағаланбай Жүрейік бірге дараланбай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған
  • Ғашықтар бағында арайлы таңында Шырайлы шақтар ай. Сен жүрген жанымда Байланған тамырға Айналған сағымға Бақытты сəттерді Сағынбағаныңба? Қайырмасы Мүмкін емес ойламауың өткенді Мүмкін емес сағынбауың көктемді Мүмкін емес ұмытпауың өкпеңді Мүмкін емес мүмкін емес Мүмкін емес менсіз жаның тонбауы Мүмкін емес мүмкіндігің болмауы Мүмкін емес мүмкін емес мүмкін емес Көңілің қалдыма Өмірің заңдыма Кеудеме сыймайды Сен іздеп жан мына Менде де бар кінə Сенде де бар кінə Өткен шақ келмейме Көзіңнің алдына Қайырмасы Мүмкін емес ойламауың өткенді Мүмкін емес сағынбауың көктемді Мүмкін емес ұмытпауың өкпеңді Мүмкін емес мүмкін емес мүмкін емес менсіз жаның тонбауы Мүмкін емес мүмкіндігің болмауы Мүмкін емес мүмкін емес мүмкін емес
  • Келші, күндей болып келші Жүрегіңді жұлып берші Жүрексіз-ақ жүріп көрші Тоқта күйіп қалма жанған отқа Сенде уақыт бар ма, жоқ па? Шақырайын қонаққа Қайырмасы: Ашылады кеуде қақпа Кеудемдегі бөлме жаққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Қайта жанар сөнген от та Жетелердің менде баққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Көрем қонағыма көңіл бөлем Жүрегімнің төрін берем Сол ғой ғажап өмірдегі, деген Ұқтым сені тағы аңсап күттім Күте-күте шаршап біттім Өтпейтіні-ай уақыттың Қайырмасы: Ашылады кеуде қақпа Кеудемдегі бөлме жаққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Қайта жанар сөнген от та Жетелердің менде баққа Жүрегіме кел қонаққа жаным

Похожие исполнители