Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Популярные казахские песни.
Страница 81

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Pop

Pop (популярная музыка) — область массовой культуры, охватывающая различные формы, жанры и стили развлекательной и прикладной музыки
  • Айналайын анамның жүрегінен Көздерінің нұрынан күн еріген Айналайын əкемнің ақылынан Қаруланған қайраты мен жігерінен Қайырмасы Қазағымның айналдым даласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан Бір қазаққа бір қазақ айнадай Айнадағы бейнеңе сай болайын Əр қазақтың баласы жалғызым деп Сабырадай секілді айналайын Қайырмасы Қазағымның айналдым баласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан
  • Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге. Махаббаттың гүлі Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе, Жүрегіңді тыңып, Шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным, (Продолжить) Кінәламағың, Тағдырыңның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. Өкпелейсің кімге, Қосылмаса ай мен күнде, Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге, Мен кетермін жырақ, Тамшы мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен, Келіп тұрармын бірақ. Қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламадым, Тағдырымның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің.
  • Неліктен жаным жолықтың маған Өмірдің жолында Жүрегім сен деп соғып тынбаған Мазасыз болуда Бірақ өзгенің ол қолында Қайырмасы: Өтеді көктем өтеді күз Жүрекке салып кетеді із Мен сені сүйем жаным бірақ Қосыла алмаймыз біз екеуіміз Өткізбес бізді қиял өткелі Көргенмін ойланып Ұшарсың сен де кіналап мені Аққуға айналып Қалармын тағдырға байланып Қайырмасы: Өтеді көктем өтеді күз Жүрекке салып кетеді із Мен сені сүйем жаным бірақ Қосыла алмаймыз біз екеуіміз
  • Қошақаным ботақаным құлыным Балапаным балдай тәтті қылығың Жартқанның сынағы мен сыйлығы Салиқалы болсын сенің ғұмырын Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Бабалардай даналардай ұлы бол Тек алдыннан ашылса екен ұлы жол Халқым сүйген перзенттердің бірі бол Жаратқанның ең сүйікті құлы бол Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Атың шыққан әр үйінде ұлын болсын Аты шықпас инабатты қызын болсын Ата-анаға тілегім сол Ел алдында жарқыраған жүз болсын Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам
  • котерилмей жургенде енсем менин армандадым озинди корсем дедим биреу маган алыстан колын созган колын созган камкоршым сол сенбедин тангы шыктай ашылып сезимдерим узак танда уйктай алмай коз илмедим сонда менин биреуге алдилеген алдилеген сабиым озин бе един серигинен жанылып елигим ен жалгызсырап кей кейде журемин мен бари сонда жадымнан шыкпайтугын жаны бирге менимен серигим ен кысылтаян саттерде саган келдим жасырмай ак калимди жаман дедим муныменен сырыма ортак болган адам бедин аяулы панам менин суйгеним котерилген енсем бедин армандадым озинди корсем дедим бакытты издеп журмедим сол сенбедин арманым жок алдында журсем сенин
  • Сен сүйем деген күндердің бәрі де жалған, Айналды күзге - жаз үміт болған Мен сүйем деген түндердің әні де арман Сағыныш болып мәңгілік жазылып қалған. Сағындым демеші. Жоғалған бақтың елесі. Жаралаған мені мұң жебесі. Сағындым демеші. Күйреді сезім кемесі. Жүректі жұбатар, Күндер елесі. Таусылып жасың жанардан сызылтып төгер, Жаңа бір ғұмыр ертең бастарсың ! Мен бір хат жазсам өзіңе үздігіп егер, Сен оны жаным оқымай, жыртып тастарсың !
  • Аңсаған бақытым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып, Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Қайтемін кінәләп бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені, Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.
  • Бөлісетін бар жүгінді Тағдыр тайғақ кешкенде Түсінетін бар мұңынды Достай болмас ешкімде Жылы сөзді жабыққанда Жүрегімді емдершім Өмір сынақ танытқанда Табылатын сендерсін [Қайырмасы] Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Досында дос жәй күндерде Жауында дос расында Түсер болса қайғың белге Шын дос қалар қасында Бұл өмірдің белесінде Достық атты бір шын бар Сол бір шынның төбесінде Сендер ғана тұрсындар [Қайырмасы] Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым
  • Қырсығасың неге қызықсың сенде Еркелесең жеңесің Көрсетпейік өзге жанашыр көзге не болды екен демесін Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған Күндерің күмән түндерің тұман Жаңыласың сенде сүрінемін менде Тек мойындау жетпейді Кешірімді болу кешіре беру бізге көптік етпейді Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған
  • Бағынба, жүрегім, бағынба, Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да. Мен сені ұмытқам бұрында, Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес… Өтпелі кезең бұл, алданба, Бақытқа бөлеген сезім ғой, таңданба, оу, таңданба. Мен сені жіберем жолыңа, Өзім де кетермін, қарама артыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес…
  • Күндер қайда кешегі өткен, Нұрға бөлеп таңымды. Жаным неге, не себептен, Тағдыр жолы тарылды? Келсе-дағы неше көктем, Гүлге орамас бағымды. Мұңға айналған осы елеспен, Жұбатамын жанымды. [Қайырмасы] Өзге жанның қолындағы Мен ұнатқан гүлсің бе? Мөлдір мұңды жаныңдағы Мендей ұғып білсін бе? Сол сезімді, сол әнімді Есте сақтап жүрсің бе? Өткінші өмір оның бәрі Күрсінбе сен, күрсінбе. Сен де мені сағындың ба Шыныңды айтшы шырайлым? Тағдырыңа бағындың ба Бақытты боп мұңайдың. Сені аңсаудан арылдым ба мені қойшы, шыдаймын. Бөленсе деп жаның нұрға Бақытыңды сұраймын. Енди конырау согылмайды бизге, Енди ол кундер оралмайды мулде. Бакытты балдаурен сыйлаган бизге, Кош бол енди мектеп, Енди конырау согылмайды бизге, Енди ол кундер оралмайды мулде. Бакытты балдаурен сыйлаган бизге, Кош бол енди мектеп, Кош бол мектеп. [Қайырмасы] Ерекше сезімін, нұрын төк сейілі Жүрегім сезімнің сырын шерт сейілі Осылай маған күлім келсең еді, еркешім (2х) Жаным, ол менің жаным...
  • Жаныңа салып сенің байқамай мұң, Сүйемін деп те сирек қайталаймын. Қасымда жүрген соң, Биіктігіңді де көп байқамаймын. Соқтырса да қатал күндер ызғарын Қабағыңды маған мүлде бұзбадың Жүзікпен емес біз Жүректерімізбен біргеміз жаным [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр. Басымды да өзің төрге сүйреген, Ешбір адам мені сендей сүймеген. Тілегім сол ғана, Өмірлік біздерді бөлмесін деген. [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр.
  • Маған құшақ ашқан жандай Пайда болдың сен ғайыптан Бәрі бәрі басталғандай Өзің ойлар бір лайықтан Сездіргендей сырын анық Қызықтым саған Алматыдан күлім қағып Қарадын сен маған Аппақ аппақ қарағым Сағын отын созайын Бақытынды таптым деп Статусыма жазайын Бақытты боп қалама деп Табыстырды тағдыр бірден Кездесуге болама деп Қане таң қалдым мен Саған ыстық көңілмен Сәлем жолдайын Жүрегімнің түбінен Отырайын ойлайн Аппақ аппақ қарағым Сағын отын созайын Бақытынды таптым деп Статусыма жазайын
  • Қалдырып махаббат қаласын Сен бүгін аттанып барасын Сондықтан жүректің жарасын Қозғама, қозғама. Түсінем, білемін, көнемін Кемелді жолынды бөгеймін Ұмытпай жүрем сені дегенің Сөз ғана, сөз ғана. Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар Үш адам үшін мейлі Босатып жүректің сарайын Өзіңе бақ тілеп қалайын Өткенді өкініп алайын Есіме, есіме Жоғалды бұл әннің жалғасы Көңілге тым ауыр алмашы Қош енді сапарынннан қалмашы Осымен, осымен Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар үш адам үшін бар енді
  • Арманым алауына мас боп алдандым Арбалдым, сонда да мен биік самғармын Мөп-мөлдір жанарымда жас боп қалғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған Шын құзға биігіне шығып самғардың Жұлдызға жүрегімді соғып жырғанмын Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған [x2] Кетпесе де тағдырым жалығып Жеткіземін жан сырын қайтіп саған Махаббатым адал боп тұрар Өртенсем де обал жоқ шығар маған
  • Бәрі де артта қалды ма, Жаным-ау бағың жанды ма? Сағыныш болып күн сайын, Келесің көздің алдына. Екі жаққа екеуміз, Кетерміз енді не етерміз. Бақытқа бәлкім жетерміз, Өкініп мүмкін өтерміз. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте. Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді. Бола алмасаң да жан жарым, Сен жүрегіңе алма мұң Кешегі келмес күндерді, Есіңе сақтап қал жаным. Орала алмайсың білем мен, Бақытың өзге біреумен. Сонда да өмір сүрем мен Өзіңе бақыт тілеумен. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді.
  • Күңіренген күзде ұқсап тұрғандай бізге, Махаббаттың гүлі солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге сен үмітіңді үзбе, Жүрегіңді тыңда шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Өкпелейсің кімге қосылмас ай мен күнде, Мәңгі бірге болу жазылды дейсің кімге. Мен кетермін жырап тамшы мұң болып кұлып, Күзгі жаңбырменен келіп тұрармын бірақ. Қайырмасы: Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің.
  • Бірде жанып шоқтай, Бірде сөнеміз. Бірде құлдай момын, Бірде төреміз. Бүгін досты ертең Дұшпан көреміз. Өзгереміз осы, Күнде неге біз? Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Жақынымыз өссе, Ұната алмаймыз. Қолдан келсе жардан Құлатардаймыз. Тәкәппар болуды Тура таңдаймыз. Жылатамыз бірақ Жұбата алмаймыз. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар.
  • Сарғайған мұңды күзге Суынды от кеуде. Сені әлі жүрмін іздеп, Сене алмай сен жоқ деуге. Еліктірген ерке едің сен, жаным, Өртедің сен жүрегімді. Сол көктемнің көркі едің сен, бағым, Күзге айналдың енді. Қайырмасы: Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Тербеткен тәтті мұңмен Бұл күзге өкпем жоқ. Қауышып шат күніңмен Келші, еркем, көктем болып. Еліктірген ерке едің сен, жаным, Өртедің сен жүрегімді. Сол көктемнің көркі едің сен, бағым, Күзге айналдың енді. Қайырмасы: Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін... Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем. Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем. Сен үшін, Сен үшін. Бәрі де сен үшін...
  • Еліктірдің мені қатты, Сөздерінмен балдай тәтті тәтті. Оңай жаулап алам дейсің, мендегі бұл махаббатты. Қажеті жоқ арзан гүлдің. Гүлді күнде алып жүрмін, жүрмін. Соған бола сүйіп калсам, Өзін айтшы соңда кіммін? Айдан алқа тағып берсеңде, Жұлдыз жүзік салып берсеңде, Болмашыға алдана салар Мен емес. Мен емес. Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей Еліктірдің мені тағы бірақ жалған сонын бәрі-бәрі. Жүрегімді ұсынар ем сөздердіңнің болса мәні. Қажеті жоқ қымбат сыйын. Ол мен үшін тұрар тиын-тиын. Сыйлық беріп, сатып алар, Мендік жүрек емес бұйым. Айдан алқа тағып берсеңде, Жұлдыз жүзік салып берсеңде, Болмашыға аллаға салар Мен емес. Мен емес. Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей Айдан алқа тағып берсеңде, Жұлдыз жүзік салып берсеңде, Болмашыға аллаға салар Мен емес. Мен емес. Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей Жүрегімді менің жазалама. Шын сүймесең мені мазала, мазалама хей
  • Таң нұры жанғандай түнде Күтумен келген шығар Таңданған таң сұлу күнде Көздерің маған құмар Қатты, жүрегім езілді, Қатты, мен ұқтым сезімді, Тәтті сүюге өзіңді Ғашықпын мен әлде, мен әлде, мен әлде [Қайырмасы] Қараш, қараш, қарағаным мас, қалғанын көре алмас Қарақат көзім қиылғанда, қарамай тұра алмас Ой, деге, дегенің-ай. Деге, деге, ой, деге дегенің-ай! Қараш, қараш, қарағаным мас, қараш қараш қарағаным мас Қараш қараш қарағаным мас, қараш қараш қараш қараш Паруаруа.......Өзің қараған, Паруаруа.....Маған қараған Жарқырап бізге шашқан шуақтай Жазымдай күтемін сені Қараңғы түндегі ойнаған шырақтай Жарықтан іздеймін сені [Қайырмасы] Қараш, қараш, қарағаным мас, қалғанын көре алмас Қарақат көзім қиылғанда, қарамай тұра алмас Ой, деге, дегенің-ай. Деге, деге, ой, деге дегенің-ай! Қараш, қараш, қарағаным мас, қараш қараш қарағаным мас Қараш қараш қарағаным мас, қараш қараш қараш қараш Паруаруа.......Өзің қараған, Паруаруа.....Маған қараған
  • Біздер ғашық болғанбыз, сонау бір шақтарда, Көктем көңіл бұлбұлдай, сайраған бақтарда. Кеудемізде балауса, бал сезім гүл ашып, Әппақ арман, ақ шуақ таңдарға ұласып. Өмір қандай көңілді, тамаша тәтті еді, Болмаушы еді өкпе, наз, өкініш, әттеңі. Ойда жоқта белгісіз арамыз ажырап. Махаббатың жабырқау, жабылды дәптері. [Қайырмасы:] Әнді қанат қып самғармыз, Таңды таңдарға жалғармыз. Мөлдір сезімнен жаралған, Біздер бақытты жандармыз. Кеткен еді мәңгіге арамыз алыстап, Тұрсын бүгін алдымда, гүл шоғын тағы ұстап, Өмір-өзен сезімді толқындай шайқаған. Бөлмесе екен, бұл тағдыр біздерді қайтадан. [Қайырмасы:] Әнді қанат қып самғармыз, Таңды таңдарға жалғармыз. Мөлдір сезімнен жаралған, Біздер бақытты жандармыз. Әнді қанат қып самғармыз, Таңды таңдарға жалғармыз. Мөлдір сезімнен жаралған, Біздер бақытты жандармыз.
  • Қалап тұрып, қарап тұрып Көрмегендей боп қалатын. Жігіттер-ай, еркекпіз деп Кеудесін қатты қағатын. Біліп тұрып, күліп тұрып Алдайтын ай, ай, арулар. Мың құбылмай, жынды қылмай Қабағымызды бағыңдар. Қайырмасы: Біз ғана, біз ғана арулар Ханшайым, патшайым, ханымдар. Ал қыздың сөзінің дəмі бар Біз ғана, біз ғана біз деген Жігітпіз бір бақыт іздеген Жігіттен бір саты төмендеу тұрады қыз деген. Сабырлы адам, жалындаған Біз жігіттерміз жолы бір Қадірлі адам қабырғадан Жаратылғансың соны біл. Бізге алыстан қызғаныштан Ойлар келеді күмəнді Жанымда сыр, бауырмашыл Біз арулармыз шыдамды. Қайырмасы: Біз ғана, біз ғана біз деген Жігітпіз бір бақыт іздеген Жігіттен бір саты төмендеу тұрады қыз деген Біз ғана, біз ғана арулар Ханшайым, патшайым, ханымдар. Ал қыздың сөзінің дəмі бар. Бір сөзге тоқтаған Қазақ қызбын мақтанам Ел мақтаған жігітті Қыз да жақтаған Бəсе, бəсе дəл солай Жүру керек ханшадай Қызды қылған жігіттер Жүрек жаншымай Жігіттің гүлі бар қолдағы Отбасы өзінің орманы Жігіттер - асқар тау əкелер Арудың қорғаны Арулар - аналар бағалы Өзінің үйінің қонағы Аялап ұстасаң жаныңа Саябақ болады Арулар, арулар тым нəзік Жігіттер өлеңін жүр жазып Арулар, арулар жан-жақты Жігіттер салмақты.
  • Шыққаныңда шұғылаңнан жадырап Тəжім етер саған шексіз атырап Ару күлім қаққандай Сəуле құшақан шақтардай Жас жүрегі қаларма күй ақтармай Қайырмасы: Төге кел шырай көңіл таратып Дүниені бір өзіңе қаратып Шалқып тасып келе берші Нұр сəулеңді төге берші Маған бақыт бере берші Ару күн... Жағасына мөлдір көлдің барғанда Сəлетіңе назар ауып қалғанда Осынау бір шақтарда Арман күлім қаққандай Алтын айна көк төбемде жатқандай Қайырмасы: Төге кел шырай көңіл таратып Дүниені бір өзіңе қаратып Шалқып тасып келе берші Нұр сəулеңді төге берші Маған бақыт бере берші Ару күн... Құдірет күш бір өзіңнен табылған Саған мəңгі жер анада табынған Өзің келген шақтарда Ешкім қалмас шаттанбай Теңдесі жоқ ерке сұлу Ақ маңдай.... Қайырмасы: Төге кел шырай көңіл таратып Дүниені бір өзіңе қаратып Шалқып тасып келе берші Нұр сəулеңді төге берші Маған бақыт бере берші Ару күн...
  • Айналайын қарағым алтыным-ай Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай Көрмегелі көп айдың жүзі болды Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің Ризамын жан қалқа сертке жетсең Қиын-қыстау жерлерден аман өткең Бір шыбындай жанымды құрбан етем Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең Аяй сарым сәуле жаным Сағынғанда қайда едің Ғашық жарым Сіз асыл зат қалқатай сағаттағы Көңілімді сүйген жар табад-тағы Көңілімді сүйген жар таппай кетсе Көңіл шіркін қайтейін қалад-тағы Аяй керім мөлдір көзің Әлі есімнен кетпейді Айтқан сөзің Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің
  • Ұзату салтын біле біл дейсін Қазақтың сұлу жібегім дейсін Ананның асыл ізісін еркем Әкеннің жұмсақ жүрегім дейсін Ананның асыл ізісін еркем Әкеннің жүрегі дейсін [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Бойыңнан дәлім табылар иба Тартайын саған әнімді сыйға Ақ құсым жолың ашылсын алдан Жаныңнан артық жарыңды сыйла Ақ құсым жолың ашылсын алдан Мәңгілік жарыңды сыйла [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін
  • Бақыт қолыңда Мықтап ұста жіберме Сенің жолыңда қандай кедергілер болса да Бағынба, жалында Бәрі өз қолыңда Шыдасаң, тек шыдасаң [Қайырмасы] Өміріңде сен күткен бақыт келген кезде жаным Құмарыңды басып қал Құшағыңды ашып қал Бір болсыншы ғашықтар Көзіңмен нұр шашып қал Үмітіңді үзбесең Сүйгеніңді іздесең Жүрегіңмен тілесіп Шын бақытты күн кешіп жүресің Мәні өмірдің өмірдің тура жолын таба алсаң Көңілдің төрін жаулап алсаң Тағдырыңның сенімін, сезімін Бәрі өз қолыңда Шыдасаң, тек шыдасаң [Қайырмасы] Өміріңде сен күткен бақыт келген кезде жаным Құмарыңды басып қал Құшағыңды ашып қал Бір болсыншы ғашықтар Көзіңмен нұр шашып қал Үмітіңді үзбесең Сүйгеніңді іздесең Жүрегіңмен тілесіп Шын бақытты күн кешіп жүресің [Қайырмасы] Өміріңде сен күткен бақыт келген кезде жаным Құмарыңды басып қал Құшағыңды ашып қал Бір болсыншы ғашықтар Көзіңмен нұр шашып қал Үмітіңді үзбесең
  • Қазақстан ару өлкем Жер бетіндегі жұмағым Даласы кең, тауы көркем Киелі тұрағым Нұрландырып гүл бағымды Жайқала берші байтағым Мен өзіңде туғанымды мақтанып айтамын Отанымсын, бойымдағы ақ таңымсын Жаса қазағым, жаса қазағым Бір өзіңе аударып әлем назарын Жаса қазағым, жаса қазағым Бұл өмірдің әрқашан көрмей азабын Жаса қазағым, жаса қазағым Өзіңе арнап әрқашан ән жазамын Жаса қазағым, жаса қазағым Мақтанышым өзіңсің менің ғажабым Жаса қазағым Өкінесін жаңбыр жазын Орнатсын мәңгі тыныштық Әрбір құмым әрбір тасым Мен үшін тым ыстық Отанымсын, бойымдағы ақ таңымсын Жаса қазағым, жаса қазағым Бір өзіңе аударып әлем назарын Жаса қазағым, жаса қазағым Бұл өмірдің әрқашан көрмей азабын Жаса қазағым, жаса қазағым Өзіңе арнап әрқашан ән жазамын Жаса қазағым, жаса қазағым Мақтанышым өзіңсің менің ғажабым Жаса қазағым Отанымсын, бойымдағы ақ таңымсын Жаса қазағым, жаса қазағым Бір өзіңе аударып әлем назарын Жаса қазағым, жаса қазағым Бұл өмірдің әрқашан көрмей азабын Жаса қазағым, жаса қазағым Өзіңе арнап әрқашан ән жазамын Жаса қазағым, жаса қазағым Мақтанышым өзіңсің менің ғажабым Жаса қазағым
  • Әкем менің әлемдегі алыбым Нұрын төккен мейірімді жарығым Аман жүрсін жанымызда жарқырап Бұл өмірде әкелері бәрінің [Қайырмасы] Бақыттымын жар салып мақтана аламын Еркелетіп арқамнан қаққан адам Шыныменде бақытты болады екен Әкесіне айнымай тартқан адам Үлгі болған сөзімен де ісінің Қорған болған намысымен күшімен Алғысымды айтып мәңгі өтермін Әкелерге тура жолға түсірген [Қайырмасы] Бақыттымын жар салып мақтана аламын Еркелетіп арқамнан қаққан адам Шыныменде бақытты болады екен Әкесіне айнымай тартқан адам [Қайырмасы] Бақыттымын жар салып мақтана аламын Еркелетіп арқамнан қаққан адам Шыныменде бақытты болады екен Әкесіне айнымай тартқан адам Шыныменде бақытты болады екен Әкесіне айнымай тартқан адам
  • 1)Айтылған сын болса, шын болса Арланбай өз жолымды мен таңдаймын Қалдырмай көңілді ,жағымды, жұмсақ сөзбенен, Бойда барымды арнаймын. Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да бәрібір де Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менiмен Aidanator! 2)Не дейін сөзіңе, бір өзіңе Қызық болса, жаза бер, мейлі қайтпа! Әндетсем жақпаса, "лайк" баспа! Ұқпастан, жаман сөздерді айтпа! Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да ,бәрібірде Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып! Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менімен Аidanator! 3)Артқа таста! Артқа бәрін таста Қадамыңды баста, Ешқашанда саспа Бәрін тыңдап босқа тағы Жаман ойды қоспа тағы Қоспа тағы ,қоспа тағы, тағы, тағы,тағы! Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да бәрібір де Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менімен Аidanator!