Русские песни

Песня «Ханшайымым»
исполнителя Гадилбек Жанай.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Жаныңа салып сенің байқамай мұң,
Сүйемін деп те сирек қайталаймын.
Қасымда жүрген соң,
Биіктігіңді де көп байқамаймын.

Соқтырса да қатал күндер ызғарын
Қабағыңды маған мүлде бұзбадың
Жүзікпен емес біз
Жүректерімізбен біргеміз жаным

[Қайырмасы]

Ханшайымым-ау,
Жүрегім менен ошағымның иесі.
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.

Ханшайымым-ау,
Бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер.
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде,
Сен кеше гөр.

Басымды да өзің төрге сүйреген,
Ешбір адам мені сендей сүймеген.
Тілегім сол ғана,
Өмірлік біздерді бөлмесін деген.

[Қайырмасы]

Ханшайымым-ау,
Жүрегім менен ошағымның иесі.
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.

Ханшайымым-ау,
Бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер.
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде,

Ханшайымым-ау,
Жүрегім менен ошағымның иесі.
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.
Ханшайымым-ау,
Бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер.
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде,
Сен кеше гөр.

Другие песни исполнителя:

  • Тыңдама мүмкіндік болса менің әнімді, әнімді Түн ғана түсінер осы сәтте хәлімді, жанымды Қалмашы жолымнан қош бөгелме, шегінбе, егілме Келмейді қолымнан ештеңе де, сенің де, менің де [Қайырмасы] Бір келіп, сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйге салып кеттін бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен ай! Бір келіп сырларымды танып кеттін, бір келіп Жанар таудай жарып кеттің, бір келіп Жүрегімді алып кеттің, өзіңмен Сен үшін, ғашық боп нұрын сүйдім көктемнің, көктемнің Сен үшін салқынын қара күздің жек көрдім, жек көрдім Арада қамал бар алынбайды жалғанда, алданба Тым жақын адам бар сағынбайды, сүймейді таңдаңба! [Қайырмасы] Бір келіп, сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйге салып кеттің бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттің көзімнен ай! Бір келіп сырларымды танып кеттің, бір келіп Жанар таудай жарып кеттің, бір келіп Жүрегімді алып кеттің, өзіңмен
  • Бәрі де артта қалды ма, Жаным-ау бағың жанды ма? Сағыныш болып күн сайын, Келесің көздің алдына. Екі жаққа екеуміз, Кетерміз енді не етерміз. Бақытқа бәлкім жетерміз, Өкініп мүмкін өтерміз. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте. Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді. Бола алмасаң да жан жарым, Сен жүрегіңе алма мұң Кешегі келмес күндерді, Есіңе сақтап қал жаным. Орала алмайсың білем мен, Бақытың өзге біреумен. Сонда да өмір сүрем мен Өзіңе бақыт тілеумен. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді.