Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Дудар-ай»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:


Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе,
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып,
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір.
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр.
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.

Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!

Қолында Мариямның өткір қайшы.
Қағазға Мариям аты жазылсайшы.
Қор болып бір жаманға кеткенімше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!

Другие песни исполнителя:

  • Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда. Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың. Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың. Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың. Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың.
  • Жатырқап кетпе жаным, Мен ертең аттанамын. Жәудіреп от жанарың , Неліктен көп қадалдың? Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Бақыт жоқ талаптанбай, Пейілінен таң атқандай. Тәңірім, еркем сені, Мен үшін жаратқандай Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, Өр тағдырыма. Сенгенім, сүйіктімсің, Шынардай иықтымсың. Тек қана ұлт намысы, Сүюден биік тұрсын. Қайырмасы: Қара көзіңнен мөлдір, Торғай даласын көрдім. Сен дала боп ендің, Өр тағдырыма. Қара көзіңнен мөлдір, Торғай тауларын көрдім. Сен тау болып ендің, 2рет Өр тағдырыма.