Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Әттең-ай»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Зымырап өте шығар-ау жалған лезде
Өшпестен көленкең мен бала кезден
Тағдыры талайлардың-оу төгесілді
Арманға қол созымдай қалған кезде

Әттең-оу өткен-ай
Оралмайтын жастық көктем-ай
Өтпелі-ай
Сол көктемнің көңіл кеткені-ай

Жан білмес бұл өмірдің-оу заңы қандай
Белгілі беделі жоқ сағымдардай бел
Өмірге есік ашсаң-оу таң алдында
Сол есік кеш батқанда жабылғанда-ай бел

Әттең-оу өткен-ай
Оралмайтын жастық көктем-ай
Өтпелі-ай
Сол көктемнің көңіл кеткені-ай

Мүмкін ба-ай мүмкін ба-ай
Қайтаруға қайта сол күнді-ай
Шіркін-ай табу қиын өмір кілтін-ай
Шіркін-ай табу қиын өмір кілтін-ай
Шіркін-ай
Шіркін-ай

Другие песни исполнителя:

  • Жаным апа, жан асылым. Алыстағы жан ашырым. Өзіңді ойлап, жазған мына. Сағыныштың, сағыныштың жаңа жырын. Қандай жақсы, үміт деген. Жаным апа, жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Немереңмін, қасыңда апа, Көрсетпеші, жасыңды апа. Отырсың ба, ойға батып? Ошағыңның , ошағыңның басында апа! Қандай жақсы, үміт деген. Жаным апа, жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа?
  • Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.
  • Нұр жауып тұрған көктемде, Гүл тере барсаң бөктерге, Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың. Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда. Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың. Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың. Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың. Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың. Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың.