Песня «Бауырларым»
исполнителя Алия Абикен.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00
Премьера песни: 2021-04-11

Текст песни:

Адамдар өсіп тұрған бидай ма екен
Бидайды күз келгенде жинайды екен
Бауырлар бір жатырға сыйғайменен
Астына бір шатырдың сыймайды екен

Әттең дүние шіркін ай
Бастан өтер бір күні ай
Бауырлармен бір үйде
Қалған ойын қалған ойын қалған ойын күлкім ай

Бауырым жас күніңдей жайраңдаған

Жарықсың жұлдыздар мен айдан маған
Балаңнан бауыр жақын деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Әттең дүние шіркін ай
Бастан өтер бір күні ай
Бауырлармен бір үйде
Қалған ойын қалған ойын қалған ойын күлкім ай

Әттең дүние шіркін ай
Бастан өтер бір күні ай
Бауырлармен бір үйде
Қалған ойын қалған ойын қалған ойын күлкім ай

Бауырым жүз жасар деп үміттенем
Қадірін өскен сайын біліп келем
Бауыр ет бауырларым сендер үшін
Жұмыр ет жүрегімді жұлып берем