Песня «Көңіл»
исполнителя Qarakesek.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00
Премьера песни: 2021-03-04

Текст песни:

Шығарайын іштегің, мұңды босатып,
Жалғыз едің, жібердің өзіңе мыңды ұқсатып.

Аяқ асты, өзгеріп кетті қылықтарың,
Аяқ асты бетіңе шықты былықтарың.
Жасырсаңда менен, Раббыма бәрі мәлім.
Шешті бетпердеңді, жолда тұрып қалдың.

Тура жүріп келе жатыр едің, құлап қалдың,
Амалың бітіп, жоғарыдан көмек сұрап қалдың
Төбеңде қара бұлт, қалдың түнерген күн ұқсап
Қателіктеріңе куә түнгі түркістан.

Өзің байқамадынба өмірің құбылғанын,
Саған ақыл айтама қуатынқ құрбыларың,
Кімге сендің, кімге сенесің, анықтап ал,
Ал мен саған сенбейм, жоғал ары.

Мен саған бердім барымды, жүрегімді жанымды,
Мен қаладым өзіңмен атыруды, әр таңымды.
Өзіңмен елестеттім болашағымды, бала шағамды.
Үмітіме балта шабылды..

Көңіл құлайма, көзің жылайма,
Ішің сұрайма, деп өткенді қайда?
Жүрсіңбе төзіп, күйде мұңайған,
Маған қаратпа, қарат жүрегіңді Құдайға!

Я бітті бәрі, оған өзің кінәлі,
Өтірік сөзің кінәлі, алдамшы көзің кінәлі.
Күрсініп отырсыңба, өзіңе тілеп алып
Мен алдыға кеттім, ал сен артымда қалдың.

Қош бол, бақыт тіледім бастарыңа,
Менің қатысым жоқ, көзіңдегі жастарыңа.
Жұбататын адам табылад, жоқ күмәнім,
Ал мен сені жүрегімнен жұлып жоқ қыламын.

Өзімде жоқ боламын, енді көрмейсің мені,
Бәлкім жоқ кезімде, түсінерсің қадірімді.
Жара жазылады, болса Құдайдың емі,
Қайта басынан бастап жазам тағдырымды.

Үміт үзбейм, бәрі жақсы болад, алдымда өмір болса.
Уақытшы ғана, жатқаны көңіл босап.
Саған сабыр тілейм, сосын алыс кетем
Өзім сияқты жанды тауып, оны бақытты етем.

Көңіл құлайма, көзің жылайма,
Ішің сұрайма, деп өткенді қайда?
Жүрсіңбе төзіп, күйде мұңайған,
Маған қаратпа, қарат жүрегіңді Құдайға!