Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Періштем»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Санай алмай мен жүрмін байлығымды,
Қолыма әкеп қондырдың айды-күнді.
Мың шүкірлік айтамын тәңіріме,
Сен келгелі ұмыттым қайғы-мұңды.

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.


Нәзік жүрек сүйіктім қаршадайын,
Келдің дағы орнаттың xан сарайын.
Ғұмырымның қалғаны болса егер,
Саған арнап өтейін шаршамайын

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.


Елемейтін дауылды өткен кеткен,
Бүгін менің үйіме көктем жеткен.
Оралмайтын жастығым оралғандай,
Күлкісімен сәбиді сен тербеткен.

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.

Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.

Другие песни исполнителя:

  • Солғанша гүлім көзде тұнық ана деп ән салам Жүрейін мейлі жүзге толып бөпекпін мен саған [Қайырмасы:] Ана Ана Ана мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана көңілің кең дала Дарасың сен маған Данасың сен маған Мақтанатын, мархабатым, махаббатым Ардақтайды есіміңді Ел-ана деп адам Жер-ана деп адам Тербет мәңгі бесігіңді Ана жаным саған арнадым ән саған Қарызбыз әжім ақ шашыңа көзіңнің жасына Өзіңсің бақыт бақшасы да өмірдің басы да [Қайырмасы:] х2 Ана Ана Ана мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана көңілің кең дала Дарасың сен маған Данасың сен маған Мақтанатын, мархабатым, махаббатым Ардақтайды есіміңді Ел-ана деп адам Жер-ана деп адам Тербет мәңгі бесігіңді Ана жаным саған арнадым ән саған
  • Күн шықса аяулым еркелеп Ойлаймын 'оянды ма екен' деп Мұң еккен ең алғаш кезігіп Жүректен жай алдың мекендеп Қиялдап бекер аңсағам Бәрі де жалған жалған Қол жетпейді екен-ау саған Шаршадым армандаудан Түн болса ай болып шығардай Жұлдыз боп жымыңдап тұрардай Өзіңді іздеймін сабылып Өзіңді түсініп ұгалмай Қиялдап бекер аңсағам Бәрі де жалған жалған Қол жетпейді екен-ау саған Шаршадым армандаудан
  • Тастап ем сенуді ертегі махаббатқа Бастап ед шеруін ми қарсы жүрек жаққа Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып Аз тыңдайтын болды жүрек жайын Айтуынша мидың егер нағыз болсаң еркек Махаббат емес, саған жанұя, ұрпақ керек Бірақ шын сезімсіз бәрі бекер деп Сыбырлайды анда-санда жүрек [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем Растады сиқырын махаббатың енді миым Басқаны сендей көретеніме сену қиын Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып Салды ондай сезімдерге тиым Айтуынша мидың қиналатың былай өзің Таусады өте жылдам жастарын көзің Бірақ шын сезіммен бәрі келер деп Еске аламын жүрегімнің сөзін [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем
  • Алыстап кетіп жаныңнан Көзімнен моншақ ағады Еседі бұл күн бағымнан Сағынышымның самалы Тербетіп әннің бесігін Әлдилеп сені отырмын Көңілден кетпес сезімін Кеудемді мұңға толтырған Қайырмасы: Сені ойлай ойлай ойлай Қиял теңізіне баттым Суретіңне қарап тоймай Жүрегімді үнсіз жұбаттым Сені ойлай ойлай ойлай Қиял теңізіне баттым Суретіңне қарап тоймай Жүрегімді үнсіз жұбаттым Аққудай сынар жүрегім Мекендеп мұңның айдынын Сезімнің іздеп жүремін Кезіксен құшақ жай күнім Әнімді жалғап тандарға Өмірде келем төзумен Аңсаған аппақ арманға Жетер ме ем жаным өзіңмен Қайырмасы: Сені ойлай ойлай ойлай Қиял теңізіне баттым Суретіңне қарап тоймай Жүрегімді үнсіз жұбаттым Сені ойлай ойлай ойлай Қиял теңізіне баттым Суретіңне қарап тоймай Жүрегімді үнсіз жұбаттым Жүрегімді үнсіз Жүрегімді үнсіз жұбаттым Сені ойлай...
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап