Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сүйемін сені»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Мың бір түннен мен іздедім сені,
Мөлдір күннен іздедім,
Үзбедім, гүл боп көріндің.
Талай шақтың тәжісің көркем,
Арай бақтың сәнісің,
Таңысың менің көгімнің.

[Қайрымасы]
Сүйемін сені жаным, өзіңсіз,
Менің жалын өзегім
Таусылмас махаббатым

Сүйемін сені жаным, өзіңсіз,
Менің жалын өзегім
Жабырқайды тағы


Сені көріп теңіздей тулап,
Сені көріп тасыдым,
Ғашығым шектім тағы мұң.
Шарабына сезімнің баттым,
Сені сүйген жүректің,
Қалыспа енді сабырым.

[Қайрымасы]
Сүйемін сені жаным, өзіңсіз,
Менің жалын өзегім
Таусылмас махаббатым

Сүйемін сені жаным, өзіңсіз,
Менің жалын өзегім

Жабырқайды тағы

Другие песни исполнителя:

  • Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген Қазақстаным, Қазақстаным Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы Арманға бастаған бұрылған көп қаласы Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар Қазақстаным, Қазақстаным Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған Елбасы тарихы болсын мәңгі дастаным Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім.
  • Жүрек бағынбай, іздейді төзім табылмай, Тәп-тәтті елігім, көзіңе ерідім, Мүмкін емес бір сәт жүру сені мүлде сағынбай. Төгіліп гауһардай тамшы, көзіме сезімді салшы, Оралып өзіме, еркелеп езіле, Жанымда мәңгі қалшы. [Қайырмасы:] Үзіліп түсті жанардан, Бір үміт нұрдан жаралған. Айталмай, айталмай, айталмай, Мұның себебін. Өзіңмен жаным егіздей, Тасынып жатқан теңіздей. Жүрегім, жүрегім, жүрегім, Нені сезесің? Сұлу елігім, өмірде болшы серігім, Жүзіңнен мақпалдай бір бақыт тапқандай, Қарақаттай көздеріңнен үміт тауып ерідім. Гүл толы шырайлы бағым, Көрмесем жан-дүнием сағым. Алапат сезімді, тұншыққан төзімді, Өзіңсіз сездірген жаным. [Қайырмасы:] Үзіліп түсті жанардан, Бір үміт нұрдан жаралған. Айталмай, айталмай, айталмай, Бұның себебін. Өзіңмен жаным егіздей, Тасынып жатқан теңіздей, Жүрегім, жүрегім, жүрегім, Нені сезесің?
  • Сағыныштан жарылуға таяумын Ал уйкыда тек мен гана ояумын Кайда сенин жапырактарын ак кайын Кайда маган журек болган аяулым Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... [Кайырмасы:] Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Неге мени калдырды екен акпанга Неге сени тондырды екен ак карга Кел екеумиз коктем куткен бактарда Жылынайык естен кетпес шактарга Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... [Кайырмасы:] Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Отер омир аязда ыстык аптапта Мумкун болса жапырагынды таптатпа Уа тиршилик кайынга бер коктемин Маган тозим беруинди токтатпа Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... [Кайырмасы] Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым
  • Жұмбақ қыз маған бұл кім Сыр ашып қалып мүмкін. Қалайша жүрегінің табам кілтін. Жымиып тұрды тыңдап Қылығы үлгі қымбат Барша қыз сондай болса Сырлы жұмбақ. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де. Төзімді тауысқаны Ақыры таныспады Жо-жоқ деп жұмбақ ару Алыстады. Қандай жан сөз де өтпейтін Қандай жан көз де өтпейтін Əрбір қыз сондай болса Қол жетпейтін. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де.
  • Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады… Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні. Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Алмасып күнмен, көгімде ай қалады, Терезесінен көңілдің ай қарады, Тарыдай ғана жұмыр жер айналады. Мен емес, сені қара түн аймалайды, Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды, Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің?