Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Айта алмай»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жүрек бағынбай, іздейді төзім табылмай,
Тәп-тәтті елігім, көзіңе ерідім,
Мүмкін емес бір сәт жүру сені мүлде сағынбай.
Төгіліп гауһардай тамшы, көзіме сезімді салшы,
Оралып өзіме, еркелеп езіле,
Жанымда мәңгі қалшы.

[Қайырмасы:]
Үзіліп түсті жанардан,
Бір үміт нұрдан жаралған.
Айталмай, айталмай, айталмай,
Мұның себебін.
Өзіңмен жаным егіздей,
Тасынып жатқан теңіздей.
Жүрегім, жүрегім, жүрегім,
Нені сезесің?

Сұлу елігім, өмірде болшы серігім,
Жүзіңнен мақпалдай бір бақыт тапқандай,
Қарақаттай көздеріңнен үміт тауып ерідім.
Гүл толы шырайлы бағым,
Көрмесем жан-дүнием сағым.
Алапат сезімді, тұншыққан төзімді,
Өзіңсіз сездірген жаным.

[Қайырмасы:]
Үзіліп түсті жанардан,
Бір үміт нұрдан жаралған.
Айталмай, айталмай, айталмай,
Бұның себебін.
Өзіңмен жаным егіздей,
Тасынып жатқан теңіздей,
Жүрегім, жүрегім, жүрегім,
Нені сезесің?

Другие песни исполнителя:

  • Жас едім өмірге еркін бойламаған Күні ертең не боларын ойламаған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Жан әке, шертіп сезіп Домбырасын Кеудемді қуанышқа толтырасың Арманның асқарына құлаш ұрсам Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың Арманның асқарына құлаш ұрсам Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың Бұл күнде мен де Өзеннің арнасымын Кім мөлдір болса соның жолдасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын
  • Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Дүние дөңгелек Сонда да дүрбелең Әр жанға жол керек Арманға жетер Жол бірақ тас тақта Болса да бос мақтау Орынсыз асқақтау Адамға бекер Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ...
  • Сағыныштан алаулайды от кеудем, Түндерім-ай көз ілместен өткерген. Арамызды алыстатқан тағдыр-ай, Қинамашы жүрегімді жоқ деумен. Ести алмай жаным сенің даусынды, Төзімім де тағатым да таусылды. Ең болмаса тындап кетші бір келіп, Махабаттан дертке айналған жан сырды. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Мөлдіреген сенің бояу көздерің, Жанарыңнан қызғанамын өзгенің. Сезімімді сөндіре алмай өртенген, Жалғыздықтың азабына төзбедім. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын.
  • Бəрін кештім Өмірде мынау жалған сағым бес күн Дəл мендей ұға алмайды-ау жанынды ешкім Соққы боп тым батты білем сол саған Бəрін кештім Білерсің кешкенімді я білмессің Білмесең кештім деген əнім жетсін Жүрекке шын жүрегімнен жолдаған Мен оралам жаным саған Тəтті түс боп ғайып болатын таңда Мен оралам болып арман Күн кешемін тек қиялыңда ғана Бəрін кештім Кешегі күндер үшін өкінбессің Сен енді келуімді өтінбессің Сағынба жанарың талып сағынба Бəрін кештім Жасыма, жан жарама уақыт емші Тілеймін өзіңе шын бақыт, сенші Бұйырған жан екенсің жат бағына
  • Желбіреп күн байрағы Мөлдіреп нұрлы аймағы балдай Арайлап атсын таңы Көгінде ақ сұңқары самғай Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Тірегі ұлы отанның Тілегі Нұр Отанның - шаттық Еңбегі Елбасының елі деп берді асылын бақыт Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Көз жетпес даласы бар Сөз жетпес қаласы бар көркем Шуақтағы ғасыр таңы Қуатты жас ұрпағы өлкем Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан