Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ұмыттың ба»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

1. Арманыма неге қостым?
Саған дұшпан, саған доспын.
Гүлдеріммен қызыл, қызыл
Жолдарыңды неге тостым?
Мына жүрек тіл алмайды,
Сені есінен шығармайды.
Қайда десем мекеніңді
Аңда, құста біле алмайды.

Қайырмасы:

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

2. Бір қарашы толған айға
Саған бір ой сыйламай ма?
Бір күндері көктем келіп,
Жүрегіңді қинамай ма?
Аңдап баспай, абайламай
Жан дүниемнің тоналғаны-ай.
Енді ұмыта бергенімде
Құстардың да оралғаны-ай.

Қайырмасы:

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

Другие песни исполнителя:

  • Шыдай алмай махабаттай таскынга, Кім біледі жүрек қылын бастыңба. Күліп ойнап қорғанады жауыннан, Екі ғашық қолшатырдың астында. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Дала жауын құйды нөсер есіле, Жаным мұңды жасырайын несіне. Жауынды күн сел астына шыға ма, Суда қалсам, суда қалсам сен түсесің есіме. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Баурағанда махаббаттың әуені, Сен екенсің жүрегімнің бар емі, Ойлап тұрсам екенсің-ау ақылды, Кете бардың, кете бардың жылы су боп әдемі. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың
  • Есейдім бе балалық жоқ байырғы Ұқпай жүрмін өз-өзімнің ойымды Тағдырымнан бақытымды сұрасам Тағдыр айтты сенің мекен-жайыңды Қайырмасы: Қатты сағындым Арасында адастым тәтті сағымның Мен түгілі сабыры кетті сабырдың Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның Қатты сағындым Жүзің түгілі есіміңнің түсі аппақ Соны естісем көкірегімнің іші аптап Көркіңді көрмей кетсе көздерім Жылайды ылғи жүрегімді құшақтап Қайырмасы: Қатты сағындым Арасында адастым тәтті сағымның Мен түгілі сабыры кетті сабырдың Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның Қатты сағындым Жұмбағы мол Жер шарынан іздеген Саф алтыным жанымда екен бұрыннан Жарығым-ау бір адамбыз біз деген Бірақ, бірақ екі анадан туылған
  • Байлығы қазағымның кең даласы Ырыстың ұясындай сай-саласы оооу Туған жер қасиетіңмен айналайын Таусылмас ұрпағымның қазынасы ооуууу Жерім менің Қайырмасы: Бабамнан қалған кең далам Анам сенсің мен балаң Арым сенсің аялар беу кең далам Аманатым қорғаған Жетісу жер жанаты ғажабыңнан Думаным Сарыарқам бар базарыңдай Арасы өр Алтаймен Атыраудың Жаратқан бұйыртыпты ау қазағыма Жерім менің
  • Жоқ жоқ жоқ Сау құрып гүлденерге Жоқ жоқ жоқ Білемін қазір мүлде сенде Уақыт жоқ Уақыт қолын білмегенде Бақыт жоқ Бірақ бірақ үйте берме Қайырмасы: Білем білем таусылмайтын Көп сан түрлі Жүрегімде жұдырықтай Жоқ сау қылдың Күнтізбеде күнде сөйлеп Жатқан жылжып Парақтар Сұлу жүрген парақтардың Әрбіріне Қосылып ән шырқайтындай Мәңгі бірге Келсем деген Ән мен таңба Қалдырып мен Талап бар Сәт сапар Йа йа йа Үлгерем деп анда мында Қалайда Жетемін деп арманыма Жастық шақ Өтіп жатыр Ән жолында Жоқ бірақ Өкінішім таңдауыма
  • Бір сәт жылт еткен сәуледей, Көрініп ғайып болдың. Аңсап, қол созып жетерде, Қалай көз жазып қалдым. Бейнең тылсым сырға толы, Қиялмен жобалайын. Сендей жұмбақ арулардың, Есімі - Сұлулайым! [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым! Жұмсақ жайдары мінезің, Жүрекке жайлы шығар. Көркің ақылға сай келген, Күндей шырайлы шығар. Қайта сені бір көрмесем, Бар төзімім таусылар. Менің осынау жайымды, Тек ғашық жандар ұғар. [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым!