Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ұмыттың ба?»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

1. Арманыма неге қостым?
Саған дұшпан, саған доспын.
Гүлдеріммен қызыл, қызыл
Жолдарыңды неге тостым?
Мына жүрек тіл алмайды,
Сені есінен шығармайды.
Қайда десем мекеніңді
Аңда, құста біле алмайды.

Қайырмасы:

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

2. Бір қарашы толған айға
Саған бір ой сыйламай ма?
Бір күндері көктем келіп,
Жүрегіңді қинамай ма?
Аңдап баспай, абайламай
Жан дүниемнің тоналғаны-ай.
Енді ұмыта бергенімде
Құстардың да оралғаны-ай.

Қайырмасы:

Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені?
Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді.
Үміт жүгін артып келем,
Оралсаңшы қорқып келем.
Сені өзгеден артық көрем, білмеймін.
Арамызға жылдар салып,
Жолсыздарға жолдар салып,
Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.

Другие песни исполнителя:

  • Гүлдей,гүлдей жаным гүлдейсің Күндей нұрың күлімдеген Гулдей сұлу түріңменен Сенің отты жанарың гой Түн тылсымы тілімдеген Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын Қайырмасы: Гүлдей,гүлдей жаным гүлдейсің Жүрегіме жақын жүргейсің Сенсіз маған өмір жоқтығын Беу халқам білгейсің Ақылың сай көркіңменен Ешқандай мін келтірмеген Екеуміз бір жүрген кезде Сыр қалмаушы еді шертілмеген Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын Көркем сұлу келбетіңде Сендей жан жоқ жер бетінде Бізге қарап тамсанушы еді Қос аққуда көл бетінде Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын
  • Сенің осы қабағың-ай Қарақаттай жанарың-ай Жасандылық жасауға да Жасқанатын қарағым-ай Сенбейсің бе сенесің бе Сағынғанда келесің бе Сақтап жүрген жан бар деп бір Күндіз түні сені есінде Қайырмасы: Сүйем деші тағы мені Саған сырым мәлім еді Жүрегімнің сақтаушысы Жанымның дәрігері Сүйем деші тағы мені Сен деп салған әнім еді Бар дертіме дауа тапқан Жанымның дәрігері Ертеңгі күн елес арман Күтер қанша белес алдан Тағдырыма қарыздармын Сені маған бере салған Талайлардың арманысың Адал құсым алданышым Сен мұңайма ешқашан да Мені ұмытып қалмау үшін
  • Шыдай алмай махабаттай таскынга, Кім біледі жүрек қылын бастыңба. Күліп ойнап қорғанады жауыннан, Екі ғашық қолшатырдың астында. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Дала жауын құйды нөсер есіле, Жаным мұңды жасырайын несіне. Жауынды күн сел астына шыға ма, Суда қалсам, суда қалсам сен түсесің есіме. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Баурағанда махаббаттың әуені, Сен екенсің жүрегімнің бар емі, Ойлап тұрсам екенсің-ау ақылды, Кете бардың, кете бардың жылы су боп әдемі. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың
  • Әулие мен абызын Бақыт қылған қазағым Домбыра мен қобызын Шабыт қылған қазағым Айдыны мен бұлағын Суат қылған қазағым Тұлпары мен қыранын Қуат қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 2.Отырса да есекте Қасып толған қазағым Аруына бесікке Ғашық болған қазағым Жазылмайтын уәдесі Қазық қылған қазағым Жазылмайтын кәдесін Азық қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 3.Ақылы мен тақымын Суытпаған қазағым Ақыны мен батырын Ұмытпаған қазағым Қара сөзден шешенді Ескермеген қазағым Елін сүйген көсемін Қастерлеген қазағым
  • Мақтаным ау мүлік болмайтын Мекені көркем қауымым Есіктерінде құлып болмайтын Біз туып өскем ауылдың Жұртының кетпес нұр жанарынан Бәрінің бөлек бітімі Мейрімді үйлердің мұржаларынан Күлімдеп шыққан түтіні Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Жеңгелер жүрме,атса таңдары Күн батпайтынын таппаған Аман ба елдің ақсақалдары Шешіре сырлар сақтаған Біліп қалардай,білдірмегенді Қарайтын қыздар қиылып Келін болдыма бұл күнде енді Сәлемін салар иіліп Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Бәріде сонда ізгі бауырдың Көңілі көктем құлпырған Баласы ғой деп ,біздің ауылыдың Мақтанды мекен сыртымнан Қаланың қанша төрін алғанмен Ауылым асқақ жырымғой Басым аланың добы болғанмен Жүрегім сенің гүлің ғой Қыдыртып қырда ,сайда күлкізген Куәсі тәтті шағымның бұзау байлатып ,тайға мінгізген сені сағындым ауылым Алыстағандай ботасы іңгеннің Сендей жер таппай сабылдым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым Азаматы бол деп батасын берген Ауылым сені сағындым