Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жүрегімнің дәрігері»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сенің осы қабағың-ай
Қарақаттай жанарың-ай
Жасандылық жасауға да
Жасқанатын қарағым-ай
Сенбейсің бе сенесің бе
Сағынғанда келесің бе
Сақтап жүрген жан бар деп бір
Күндіз түні сені есінде

Қайырмасы:
Сүйем деші тағы мені
Саған сырым мәлім еді
Жүрегімнің сақтаушысы
Жанымның дәрігері
Сүйем деші тағы мені
Сен деп салған әнім еді
Бар дертіме дауа тапқан
Жанымның дәрігері

Ертеңгі күн елес арман
Күтер қанша белес алдан
Тағдырыма қарыздармын
Сені маған бере салған
Талайлардың арманысың
Адал құсым алданышым
Сен мұңайма ешқашан да
Мені ұмытып қалмау үшін

Другие песни исполнителя:

  • Жүзіңе арайлым мен қарай алмай қараймын, Байландым саған қайдан жаным. Өте бер жарар деп Жолымды күтіп қалар деп. Сен неге мені ойламадың? Екіге жүрек бөлініп, Мезгілсіз кезде көрініп. Қайғыға салдың. Жан дүниемді ұрладың, Бұлбұлсыз кезде гүл бағым Сен қайда қалдың? Мен қайда,Сен қайда? Қос жағадамыз оңайма? Өткелсіз өзен ол тулайды. Жаз өтті,қаз өтті Демессің қызық аз өтті. Аз күнде күнде салқындайды. Екіге жүрек бөлініп, Мезгілсіз кезде көрініп. Қайғыға салдың. Жан дүниемді ұрладың, Бұлбұлсыз кезде гүл бағым Сен қайда қалдың?
  • Шыдай алмай махабаттай таскынга, Кім біледі жүрек қылын бастыңба. Күліп ойнап қорғанады жауыннан, Екі ғашық қолшатырдың астында. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Дала жауын құйды нөсер есіле, Жаным мұңды жасырайын несіне. Жауынды күн сел астына шыға ма, Суда қалсам, суда қалсам сен түсесің есіме. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Баурағанда махаббаттың әуені, Сен екенсің жүрегімнің бар емі, Ойлап тұрсам екенсің-ау ақылды, Кете бардың, кете бардың жылы су боп әдемі. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың
  • Деме, деме, деме Сен маған олай деме Сүйген адамың бар болса Сен жымиясың неге Сендей сұлу аз иә Еуропа мен Азия Шарласамдағы таппадым Жүрекке сені сақтадым Қайырмасы: Менің қалауым Менің адамым Мөп-мөлдір жанарың Әдемі, әдемі, әдемі Менің ғашығым Менің асылым Ох дедім көргенде Сені, сені Кел-кел десем келе ғой Сезіміме сене ғой Эх өртеніп жатыр сенсіз өне бой Солай, солай Сен қазір мендей жанды Серік қыласың Өйтпесең ертең өзің Келіп тұрасың Тарам, тарам, тарам Жолдармен өзіңе барам Төзімге байсың Өзіме сайсың Осы қалпыңда қатты ұнайсың
  • Хат жазшы маған Жаныма менің жағатын Құм сағаттайын Таусылды менің тағатым Ақ бұлттан биік Қалықтай бермей жерге түс Қалмасын күйіп қанатың [Қайырмасы] Сен теңіздейсің Жағаңда ұшам шағаладай Бір-бірімізді жүрміз-ау Жаным бағаламай Алыстай берме сен менен Кеудемде бір күш Тартады жаным саған қарай Сезім білдірдім Сөз айтқаным жоқ ұнамсыз Көңілім ашық Ауа-райындай тұмансыз Білмеймін енді Жүрегің кім деп соқса да Мен сені сүйем күмәнсіз [Қайырмасы] Сен теңіздейсің Жағаңда ұшам шағаладай Бір-бірімізді жүрміз-ау Жаным бағаламай Алыстай берме сен менен Кеудемде бір күш Тартады жаным саған қарай
  • Елім менің жерге бай Жерім менің кеңге бай Қазыналы асу-асу белдер-ай Бабам батыр мерген-ай Қорғап берген жерлері-ай Төрлері көлдері шөлдері-ай Жаратанның бергені-ай Қайырмасы: Мәңгілік ел Қазақ елі әкем мен анам да Мәңгілік ел Қазақ елі өсіп келем пананда даланда қаланда Ендігісі аманат маған да саған да Жігіттерім тұлғалы ауларым сырғалы Айтқан сайын айтқым келіп тұрған Баға жетпес сендерге Алашмының ұлдары Қыздары таулары шыңдары таласады кім қалай Қайырмасы: Мәңгілік ел Қазақ елі әкем мен анам да Мәңгілік ел Қазақ елі өсіп келем пананда даланда қаланда Ендігісі аманат маған да саған да