Кім біледі кім көрді
Мен жоғалтқан күндерді
Неге ұмытып қалдым мен
Қайғы мұңсыз күлгенді
Алаулаған таңдарды, манаураған түндерді
Түн ішінде есіме түсірмейме бір белгі
Сенсіз өткен әр күннен
Сенсіз терген әр гүлден
Елесіңді іздеймін
Көздерінен таң күлген
Жан дүнием қосылып
Сенсіз жауған жаңбырмен
Уақытымнан кешігіп өкініште қалдым мен
Қайырмасы:
Ешкімді сағынбаймын,
Ешкімді іздемеймін,
Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?!
Неліктен кездеспедім,
Өзіме жүрегімдей,
Өзіме жүрегімдей жақын жанға
Еріп кеткен ақ қардай
Желіп өткен тоқталмай
Жас дәуренім бір жерде
Жасырынып жатқандай
Сырғып өткен жылдардың
Сырын кімнен тыңдармын
Өтерме екем бір жанның
Жүрегінде сақталмай
Қайырмасы:
Ешкімді сағынбаймын,
Ешкімді іздемеймін,
Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?!
Неліктен кездеспедім,
Өзіме жүрегімдей,
Өзіме жүрегімдей жақын жанға
Намысы байлығы
Ақылы достай
Асқардай айбыны
Тақымы тастай
Қасынан қашпай
Ертенде үміті
Жаулаған жалын
Қазақтың жігіті
Лаулаған жалын
Есімін түрлі елде
Төрге жазатын
Арғымақ мінгенде
Желден озатын
Елім деп ерлейді сұлбасы нардай
Еркейіп көрмеген тұлғасы таудай
[Қайырмасы]
Қазақтардың жігіттері
Бабамыздың көзі
Қазақтардың жігіттері
Данамыздың сөзі
Жасқанбай қараған
Оқпенен отқа
Қазақтың ұлдары
Қазақтың өзі
Туғанмен аумағын байтақ ететін
Егескен жауларын
Жайпап өтетін
Көлдей терең
Айға ұмтылса
Алыс көрмейтін
Отанға күн туса
Намыс бермейтін
Саналы қас дара
Өлсе келмейтін
Алладан басқаға
Есеп бермейтін
Адалдың ұраны жыр әнім бәрі
Ұлтымның тұмары қыран ұлдарым
[Қайырмасы]
Қазақтардың жігіттері
Бабамыздың көзі
Қазақтардың жігіттері
Данамыздың сөзі
Жасқанбай қараған
Оқпенен отқа
Қазақтың ұлдары
Қазақтың өзі
[Қайырмасы]
Қазақтардың жігіттері
Бабамыздың көзі
Қазақтардың жігіттері
Данамыздың сөзі
Жасқанбай қараған
Оқпенен отқа
Қазақтың ұлдары
Қазақтың өзі
Қазақтың жігіттері