Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Мен жоғалтқан түндер»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Кім біледі кім көрді
Мен жоғалтқан күндерді
Неге ұмытып қалдым мен
Қайғы мұңсыз күлгенді
Алаулаған таңдарды, манаураған түндерді
Түн ішінде есіме түсірмейме бір белгі

Сенсіз өткен әр күннен
Сенсіз терген әр гүлден
Елесіңді іздеймін
Көздерінен таң күлген
Жан дүнием қосылып
Сенсіз жауған жаңбырмен
Уақытымнан кешігіп өкініште қалдым мен

Қайырмасы:
Ешкімді сағынбаймын,
Ешкімді іздемеймін,
Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?!
Неліктен кездеспедім,
Өзіме жүрегімдей,
Өзіме жүрегімдей жақын жанға

Еріп кеткен ақ қардай
Желіп өткен тоқталмай
Жас дәуренім бір жерде
Жасырынып жатқандай
Сырғып өткен жылдардың
Сырын кімнен тыңдармын
Өтерме екем бір жанның
Жүрегінде сақталмай

Қайырмасы:
Ешкімді сағынбаймын,
Ешкімді іздемеймін,
Білмеймін, сезімнен бе, ақылдан ба?!
Неліктен кездеспедім,
Өзіме жүрегімдей,
Өзіме жүрегімдей жақын жанға

Другие песни исполнителя:

  • Қарап қалсаң елітпей қоймайтын Күлімдесең, еркелеп ойнайтын Көздерің, көздерің, көздерің Бар шындығын жасыра алмайтын Балдай тәтті назданып, алдайтын Сөздерің, сөздерің, сөздерің Адалымсың, бағалымсың, дара гүлсің жаным [Қайырмасы] Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап Ұнатамын, тылсым бе едің, жырсың бе едің? Ұнатамын, жаныңда қалмайтын әр ісіңді сенің Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным Құшақтасаң кеудемді қағатын Бар әлемді сыйдыра алатын Жүрегің, жүрегің, жүрегің Махаббатым болып жүруіңді, Менен ұзақ өмір сүруіңді Тіледім, тіледім, тіледім Қосылғаным жасырмадым Қасыңдамын жаным [Қайырмасы] Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап Ұнатамын, тылсым бе едің, жырсың бе едің? Ұнатамын, жаныңда қалмайтын әр ісіңді сенің Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным [Қайырмасы] Ұнатамын, бояу жасырмаған ажарыңды аппақ Ұнатамын, ақылыңды тұрған ғажабыңды сақтап Ұнатамын, тылсым бе едің, жырсың бе едің? Ұнатамын, жаныңда қалмайтын әр ісіңді сенің Ұнатамын, таудағы бұлақтай дауысыңды сенің Ұнатамын, жүргеніңді, күлгеніңді Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным Бәрін-бәрін ұнатамын, ұнатамын жаным
  • Сұрауы судың да бар тастың да бар Дүние қуғандарға қашқын болар барында Ата анаңды сыйламасаң жігіттер дүниенің астында қалады Жігіттер женің қайысса жаған қайсайып Несіне қу тірлікке алаңдайсын Жалғанда жар табылар бала бітер Жоғалтсаң ата анаңды таба алмайсың Қу тірлік арманынды отамасын Болашақ намыссыз деп атамасың Жігіттер ата анаңның хабарын біл Біреулер іздеп жүр ғой ата анасың Жігіттер теңге басты теңге басты Тұрғанда теңге жолытпай емде басты Сыйлап қал ата анаңды қуат барда Ішерсің бір күндері берген асты Жігіттер дүние деген қызыл түлкі Соңыннан ілескенді етер күлкі Разыға ата анасы, Алла разы Алланың таусылмайды берер мүмкіндігі Жігіттер жорға мінген жорға мінген Күн келер сол жорғаға зорға мінгенін Сыйла да ата анаңды жәннәтқа кір Дүниені Пайғамбардай барма білген Қу тірлік арманынды отамасын Болашақ намыссыз деп атамасың Жігіттер ата анаңның хабарын біл Біреулер іздеп жүр ғой ата анасың Жігіттер теңге басты теңге басты Тұрғанда теңге жолытпай емде басты Сыйлап қал ата анаңды қуат барда Ішерсің бір күндері берген асты
  • Сағындым ба, сағындым ба Көңіл-күй жоқ ой мазалы. Неге қондың маған келіп, Сезімдердің шын ғазалы. Қою түнде есіміңді Жұлдыздармен кім жазады. Кімнің туып айы оңынан Болар екен кім жазалы. Қайырмасы: Жердің бетін киіндіріп Қанатыңның түсіне сай. Кім сенімен мақтануда Жүрсің жаным жерлерде қай? Сары алтындай сағыныш-ай Оттай жанған жүрегім-ай. Жалғыздықты көкте Жалғыз Бір түсінсе, түсінер-ай. Кірпігіңмен үп еткіз де, Үміт отын жандырсаңшы. Жаз боп кел де, қуаныштан Мені есімнен тандырсаңшы. Не болмаса өзің келіп Көңілімді қалдырсаңшы. Күз боп кел де, сұрланып ап, Сары жапырақ жаудырсаңшы.
  • Бұл өмірдің қысының да жазының Бәрін күту тағдырының жазуы Көріп тұрып сан мың адам өтседе Жинамаймыз ақыреттің азығын Дүниеде таусылардай тасыған Адамдарға қарап тұрып ашынам Бұл жалғанда қалатындай мәңгілік Және қайта бастайтындай басынан [Қайырмасы] Өмір-өмір Бірге жүрген ғажабы да азабы Өмір-өмір Қайтарында жылататын базары Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ Көзің барма көремісін жарықты Енді қара жанары жоқ әріпті Бірін екі болмады деп 2014 Дүниеге тоймайтындар налыпты Жер бетіне сыйыспаймыз бекер біз Қонықпыз ғой сәл шыдасақ өтерміз Дүние түгіл махаббатпен жинаған Өмірді де қимай тастап кетерміз [Қайырмасы] Өмір-өмір Бірге жүрген ғажабы да азабы Өмір-өмір Қайтарында жылататын базары Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ [Қайырмасы] Өмір-өмір Бірге жүрген ғажабы да азабы Өмір-өмір Қайтарында жылататын базары Саған қарай ұмтыламыз көшкін боп Өмім-өмір өтесін-ау бес күн боп Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ Жер бетінде сенен қатал ешкім жоқ
  • Бірде шаттық бірде мұң. Өтіп жатыр күндерім, Жүрегіммен бір ме едің? Сені іздеймін қарағым, Өтіп жатыр жылдарым, Ішімді өртеп сырларым, Неге ұйқымды ұрладың? Айсыз түннің алауы. Қ-сы: Толқын соғып жағаны Сен билейсің сананы, Мен жүремін білдірмей Ішім оттай жанады. Мұңға толып жанарым Аңсап бақыт аралын, Махаббатым кеудемде Жүректі өртеп барады. Өзің жоқсың оралған, Сол арманым сол арман, Қайтер екем жүректі? Сағынышқа қамалған.